«Бұрымды қыз» 9-11сынып оқушыларына арналған сайыс кеші.

173

 

«Бұрымды қыз»

9-11сынып оқушыларына арналған сайыс кеші.

Сайыс кештің мақсаты: Оқушыларды әдемілікке,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Оқушылардың әртістік қабілетін,досшылдығын,

өзгешіліктерін дамыту.

І жүргізуші:               Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар жан күйер,әр қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғайық!

ІІжүргізуші:              Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып,ән салады.

Қошеметтеп,қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.

І жүргізуші:               Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаздай күліп жайрандаған.

«Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам- дей отырып

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты байқауға қош келіпсіздер!

ІІ жүргізуші:              Шық аруым жарысқа,

Бір-бірінен қалыспа.

Өнерінді байқасын,

Мына отырған халықта- демекші бүгінгі мектеп байқауымыздың аруларын ортаға шақырамыз. (арулар ортаға кезекпен шығады).

І жүргізуші:     Сайыс бағдарламасы 6 байқаудан тұрады.

  1. Өзін-өзі таныстыру
  2. Шаш үлгісі
  3. Викторина
  4. Өнер сайысы
  5. Модельер
  6. Ең ұзын бұрым

І жүргізуші:            Әділ-қазы береді,

Өздеріне сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші? Кім мықты?- дей отырып әділ қазылар алқасымен таныстырайық.

ІІ жүргізуші:          Қазағымның салт-дәстүрін сақтаған,

Осындай бір қыздар үшін мақтанам.

Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,

Көргенде ғой сені өсірген ақ мамаң.

І жүргізуші:           Қазақ деген халықпыз,

Жиналыппыз жалпымыз.

Атадан қалған дәстүр ғой,

Таныстыру біздің салтымыз-дей отырып аруларымыз өздерің таныстырп өтсін. (арулар кезекпен өздерің таныстырады)

ІІ жүргізуші:          Ақ ниетпен нәр алған,

Сенсіз менің өлеңім.

Әнге бөлеп әлемді,

Шымырлатып денемді,-дей отырып әнге кезек берейік.

І жүргізуші:       «Қыз еркем,шашымен көркем»-ендігі сайысымыз қыздардың әсемдеп жасаған шаш үлгілерін тамашалайық.(арулар шаш үлгілерін қорғайды)

ІІ жүргізуші:      Таусылмасын,ағытылсын ой көші,

Сайыскерлер қысылмасын сөйлесін.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Арулардың шапшандығын сынайық.

Келесі сайыс «Викторина» (арулар конверт алады, ішіндегі номерлері бойынша жүргізуші сұрақ қояды)

 

№1 сұрақ         А/ Құрлықтағы ең ірі жануар ? (піл)

Ә/ Сізді досыңыз дискотекаға шақырады.Ол сізді сағат 5-те алып кетпекші болады. Бірақ ол 1 сағат кешігіп, сағат 6-да келеді. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?

№2  сұрақ          А/ Бет-аузынан сүйеді,

Сүйген жері күйеді (аяз)

Ә/ Сіз мектепте келе жатқан кезде үстіңізге машина балшық шашып өтеді. Сіз не істейсіз?

№3 сұрақ            А/  Тас болып туады,

Күл болып өледі (көмір)

Ә/  Сіз күні бұрын өз сүйікті әншілер тобының концертіне билет алып қойдыңыз. Сол баратын күні сіздің төте бір жақын құрбыңыз үйіне қонаққа шақырады. Сіз не істейсіз?

№4 сұрақ              А/ Ұшқаны қызық жалылдап,

Өзі сондай қарқылдақ? (Қарға)

Ә/ Сіздің ата-анаңыз шашынды жаңа сән үлгілері бойынша қидырамыз деп сұлулық салонына апарды. Бірақ сіз шашыңызды қидырғыңыз келмейді, не істейсіз?

№5                         А/ Кіп-кішкентай не керек,

Күші бірақ керемет? (құмырсқа)

Ә/ Сізді құрбы қызыңыз туған күніне шақырды.Бірақ,сіздің ата-анаңыз ол қызды ұнатпайды,сізге онда баруға тиым салады? Сіз не істейсіз?

№6                         А/ Бәрін көреді,

Бірақ бірін-бірі көрмейді? (көз)

Ә/ Сізді киноға бас рөлге түсуге шақырды,бірақ бір шарты, бұрымынызды қысқарту керек? Сіз не істейсіз?

І жүргізуші:          Құлақтан кіріп,бойды алар

Жақсы әнмен, тәтті күй.

Көнілге түркі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй. (кезек әнде)

 

ІІ жүргізуші:         Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып,биді билеп, жасап жатсаң текемет.

Өнерінді көрсетші құрбыларым,кәнекей,

Аруларға сөз берелік жекелеп.

Келесі байқау «Өнерлі өрге жүзер». Бұл сайыста арулар өз өнерлерін көрсетеді.

І жүргізуші:          Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұнайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде ,шырайда,-деп келесі «Модельер»сайысына көшейік.

ІІ жүргізуші:       Сіздердің алдарыңызда бірнеше заттар тұр: лента,газет,ақ бет, степлер,қыстырғыштар,гүл,белбеу т.б.. Сіздер 7 минуттың ішінде осы заттардан бас киім жасауларыңыз керек. Сонымен қатар оған ат беріп қорғайсыздар.

І жүргізуші:        Ақ найзасы болмаса,

Ерді қайдан таңырсын.

Бұрымы ұзын болмаса,

Қызды қайдан танырсын- деп қазақ айтқандай ортаға аруларымызды шақырып,ақырғы сайысымыз «Ең ұзын бұрым » аруын тандайық.

ІІ жүргізуші: Әділқазылар  осы сайыстың жеңімпаздарын анықтағанша, көрермендермен ойын ойнайық.

  1. Алдымда әр түрінен жібек жіптің,

Аспанға әшекейлеп кесте тікті (кемпірқосақ)

  1. Жауын жауса тысқа шығады,

Жаумаса оны бұрышқа тығады. (бұлт)

  1. Бұландаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы бар. (түлкі)

 

  1. Әрбір танды көк орманда атырған,

Өмір бойы өзін-өзі шақырған.(көкек)

І жүргізуші:       Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір-күрес,жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім,жеңілдім деп ренжіміген,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсан сен ұғатұғын.

ІІ жүргізуші:      Жастық шақтың біз гүлдерін тереміз,

Бір мектепте бірге оқып,келеміз.

Ден сау болса, 1-2 жыл өткен соң,

Ұстазға бір жақсы жеміс береміз.

І жүргізуші:       Ортаға әділ-қазылар алқасын шақырайық.

ІІ жүргізуші:      Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шындай берсін,қалыспандар.

Көрерменім көбейсін күннен-күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

І жүргізуші:   Осыменен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!