Жан саулығы

183

 

Сабақтың тақырыбы: Жан саулығы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өмір сүру үшін ең қажетті

тіршілік тірегі болатын негізгі ұғымдар туралы

ой толғап, өзіндік пікірлерін тұжырымдауға баулу;

  1. Өзіндік ой-пікірлер қалыптастыру дағдыларын дамыту.

3.Адамгершілікке, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы: оқушылар 4 топқа бөлініп, жан саулығының тіршілік тірегі деп өздері тұжырымдаған ұғымды қорғайды.

Мұғалім сөзі:

            — Балалар,  табиғат – ана ешкімді талғамай, барлығына бірдей қарайды. Олай болса, біз табиғат – ана күніндей дөңгелене тұрып, күлімдеп барша жанға  жақсылық тілеп, амандасайық.

(Оқушылар «Мен саған жақсылық тілеймін» деп бір – бірінің

қолдарын ұстап, жоғары көтереді.)

— Балалар,  «Жақсы сөз жан сауықтырады» дейді дана халқымыз. Ал жанымыз сау болса, тәніміз сау болады. Біз де бір – бірімізге жақсы сөздер айтып, бір – бірімізді қуантайықшы.

— Міне , балалар, амандасу, бір – бірімізге жылы сөздер айту арқылы көңіл күйіміз көтерілді. Бұдан былай да, амандасу мен жақсы сөздердің адамның жанын сауықтырып, көңілін көтеретінін ұмытпаңдар.

 

— Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз «Жан саулығы» деп аталады.

— «Жан саулығы» дегенді қалай түсінесіңдер?

— Балалар, сіздерге жан саулығы — тіршілік тірегі деген  ұғымды қорғап,  ой-пікір өрбіту тапсырылған еді. Сіздер адам баласы өмір сүру үшін мына ұғымдар: бірінші топ – денсаулық, екінші топ – достық, үшінші топ – еңбек, төртінші тобы — бақыт қажет деп таныдыңыздар.

 

І бөлім:    —  Ендеше, осы өздерің таңдаған тіршілік тірегі туралы ой  

                  — пікірлеріңді қорғауға кезек беремін.

                    Пікір қорғау әр топ өз ұрандарын айтудан бастайды.

Денсаулық тобы: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Достық тобы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

Еңбек тобы:  Еңбек ширатады, өмір үйретеді.

Бақыт тобы: Еңбек пен бақыт егіз.

 

ІІ бөлім:     «Денсаулық» тобы, сіздер неліктен жан саулықты —  

                     тіршілік тірегі деп  бағаладыңыздар. Сіздердің  

                     пікірлеріңізді тыңдайық.

1 -оқушы:  Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық терең бақыт» деген сөзді.

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

2 — оқушы: Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

3 — оқушы: Достар, денсаулықты бағаласаң, ертедегі мың жасаған Ұлықпан Хәкімнің біздерге айтып кеткен 7 өсиеті – ғибратты сөздерді естеріңізде жүрсін. Олар: 1) ерте тұру; 2) орта тазалығын сақтау; 3) дене шынықтыру; 4) дене тазалығы; 5) сергектік; 6) артық тамақ ішпеу; 7) көп ұйықтамау.

Топ басшысы: Ендеше, бәріміздің айтарымыз бір – ақ нәрсе. Ол денсаулық екен. Қоғамға пайдалы адам – денсаулығы мықты адам.

 

Мұғалім: Денсаулық туралы пікір тыңдалды.

Жақсымен дос болсаң,

                                          Алдыңнан шығар елпектеп.

                                          Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп, — демекші, «Достық» тобына сөз береміз.

 

Топ басшысы: Достық – адамдардың бір – бірін шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп,   тілектес,  мұраттас болуы.

1 — оқушы: Бұрынғылар айтқандай, «адамның адамсыз күні жоқ». Сондықтан ол жүрген жерінде, жұмыста, елде, сапарда, бөтен жерде болсын, түсінісетін, жарасып, жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас жан іздейді. Бұл – өте қажет те табиғи тілек. Әйтпесе, халық даналығы: «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», — демес еді.

2 — оқушы: Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаң да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілік жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», — дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – оқушы: Достық нәрі – оның қадіріне жете білу. Ол үшін, Абай атап көрсеткендей, «Достыққа достық –қарыз іс» екенін жадында ұстаған жөн.

4 — оқушы: Достықтың тағы бір тіреуі – теңдік. Бұл жөнінде: «Достыққа құл да, қожа да қажет емес. Достық теңдікті сүйеді». «дос – досқа айна» деген сөз де соған меңзейді.

5 — оқушы: Нағыз достықтың бір белгісі – шыдам, сабыр. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады», — дегені рас.

 

Мұғалім: «Еңбек – тіршіліктің негізгі тірегі» демекші ендігі сөзді                

                  «Еңбек» тобына берейік.

 

Топ басшысы:  Еңбек – адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал – саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс – қимыл процесі.

1 – оқушы: Еңбек – тіршіліктің негізгі тірегі. Оған дәлелі мына нақыл сөздер:

«Іс доғарсақ, өмір сүруді де доғарамыз»

2 – оқушы: «Адам жұмыс істеген уақытта ғана толық адам болады».

3 – оқушы: Ұлы Абай атақты «Сегіз аяқ» өлеңінде:

Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын, — деп, еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегендікпен тамаша тұжырымдап береді.

4 – оқушы:Еңбек адамды өмір сүруге тәрбиелейді. Жұмыс бізді 3 үлкен жаманшылықтан: зерігуден, ауру – сырқаудан және жоқшылықтан құтқарады.

5 – оқушы: Демек, адамның адам болуына еңбек шешуші рөл атқарған. Адамзат еңбекті, еңбек құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп, кемелденіп отырған.

 

Мұғалім: «Еңбек пен бақыт — егіз» деген, ендеше сөзді «Бақыт» тобына берейік. Адам қай кезде бақытты болады екен?

 

Топ басшысы: Бақыт деген өте күрделі ұғым, сондықтан оны әркім әр түрлі түсінеді, ол  заңды  да. Енді топ мүшелеріне кезек берейік.

1 – оқушы: Мен бақыт дегенді – барға шүкіршілік ете  деп білемін.

Топ басшысы: Адам қандай нәрсеге шүкіршілік ете білу керек?

2 — оқушы: Адам екі нәрсеге шүкіршілік ету керек. Олар: 1) ақыл есінің бүтіндігіне; 2) денінің сау екендігіне, міне, бақыт дегеніміз осы.

3 — оқушы: Мен бұл сұрақтың жауабына Мұқағали Мақатаевтің

«Үш бақытым» өлеңімен  жауап бергім келеді. (Өлең оқылады).

Топ басшысы: Демек, Бақыт дегеніміз – өз еліңде, өз жерінде, өз тіліңде еркін сөйлеп, береке – бірлікте адал еңбек ету. Бейбіт өмірде барыңа қанағат тұтып,  ұйымшылықпен ынтымақта өмір сүру.

 

ІІІ бөлім:   

    Адам бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес.  Бұл адамның өмір сүру дәстүріне байланысты. Сондықтан бала тәрбиенің үш сатысы негізінде  өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. Жақсы қасиеттер кез келген адамның жан дүниесінен табылады.  Адам өзін-өзі тану үшін алдымен өзіне сұрақ қойып, сауалға ішкі дауысымен жауап беру қажет.                                                                                                    — —     — Қанекей, мына сұрақтарға жауап беріңдерші  «Мен кіммін?»,  «Мен қандаймын?»,  «Мен не істей аламын?» Одан соң, өзіне ой, тән, жан тазалығын жүргізу керек. Тән тазалығы — денсаулық,  ой тазалығы — ақыл, жан тазалығы — пәктік.    Адам үнемі жаман ойдан арылып, жарқын ойға шомылу қажет. Нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялатса, сенім арқылы сезімін де оятуға болады.

-Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде. Дайындап келген мәліметтерді ортаға салсаңыздар.

Адам Джон Джексонның « Денсаулықтың он құпиясы» туралы айтқымыз келеді                                                                                                    Денсаулықтың бірінші құпиясы — денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымыз.                                                                                    Денсаулықтың екінші құпиясы – біздің тыныс алуымызда болып табылады.             Денсаулықтың үшінші құпиясы — шынығу әрекеттері күш әкеледі.                       Денсаулықтың төртінші құпиясы — дұрыс тамақтану күші.                                   Денсаулықтың бесінші құпиясы — күлкі. Күлкі — бұл мәңгілік емші.                         Денсаулықтың алтыншы құпиясы — демалу күші.                                                  Денсаулықтың жетінші құпиясы — тұлғаны түзу ұстай білу күші.                       Денсаулықтың сегізінші құпиясы — таза қоршаған орта.                                     Денсаулықтың тоғызыншы құпиясы — сенім күші.                                                Денсаулықтың оныншы құпиясы — сүйіспеншілік күші.

Топ басшысы: Достық туралы өсиет сөз тыңдаңыздар.

Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста достары Әйтімбетке былай деп сұрақ қойыпты: «Достық деген нешеу?». Сонда Әйтімбет былай депті: «Достық екі түрлі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық».

— «Бұныңыз дұрыс – ақ, екі достықтың қайсысы дос екенін қалай ажыратамыз», — дегенде: адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достың өмірі қысқа болады», —  деп жауап берген екен.

 

«Еңбекпен тапқан тиын»  көрінісі арқылы жеткізгіміз келіп отыр.

Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:

— Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.

Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді:

— Кешке дейін бір жерде бола тұр, — дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң «Мынан еңбегіме алған едім», — деп, әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтарып жіберіп:  Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, — депті.

Ұлы жымиып күліпті де, түк айтпай шығып кетіпті.

Қулықтан ештене шықпайтынын білген анасы:

  • Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс

істеп тап, — деп ақыл айтыпты. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді.тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды таға да отқа лақтырып жіберіп:

  • Жоқ бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, — депті.

Бұған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

— Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап – шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа  тастайсыз. Мұныныз қалай? – деп айқа салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

— Бұл ақшаны шынында да, өз еңбегімен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, — депті.

 

Біз бақыт туралы ойымызды ғұлама ақын Қабан жыраудың өлеңі арқылы айтқымыз келеді.

Өлеңді _______мен ________  диалог арқылы оқиды.

-Бақыт, қайдан келесің?

-Берекесіз адамнан,

Ата – анасы наданнан,

Үркіп, қашып келемін.

-Бақыт, қайдан келесің?

-Мақтанып көңілін өсірген,

Білгішпін деп есірген,

Есірік ұлдан келемін.

-Бақыт, қайдан келесің?

-Сүйектен сөзін өткізген,

Мыйына шатақ еккізген,

Кесапат қыздан келемін.

-Бақыт, қайдан келесің?

-Ауызбірлік болмаған,

Ойына бәле орнаған,

Сойқанды үйден орнаған,

-Бақыт, қайда барасың?

Ата – анасын сыйлаған,

Ұйымшылдық ойлаған,

Тату жанға барамын.

-Бақыт, қайда барасың?

-Туысымен татулы,

Жаман сөз жоқ шатулы

Ынтымақты үйге барамын,

Соғысқа құмар ойы жоқ

Ұлан асыр тойы көп

Бейбіт елге барамын.

 

ІҮ бөлім

 Мұғалім:                                                                                                                                          Денсаулық, достық, бақыт, еңбек – адам баласының ең құнды игіліктері екен. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Шын достар уәдесінде тұрады, ойындары, сөздері жарасады, бірін – бірі ренжітпейді. Өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажет. Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Адам бойындағы осы қасиеттер қуанышқа бөлейді, сенімділіққе жетелейді, бақытқа  жеткізеді.

Жағдаяттарды талдау

1-жағдаят  «Денсаулық»

Еркін ертең болатын емтиханды ойлап, әбден мазасы кетті. Барлық сұрақтарға тыңғылықты дайындалғандай болды. Бірақ көңіліне сенімсіздік ұялап, мазасыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді. Мазасыздықтан арыла алмаған Еркін өзін жайсыз сезінді.                                                                                                                                                   — Еркінге қандай кеңес берер едіңдер?

2-жағдаят   «Достық»

Гүлжан мен Айгерім көрші тұрады. Гүлжан ақкөңіл, құрбыластарымен тез тіл табысады. Айгерім де ашық жарқын, бірақ Гүлжан болған жерде көңілі күрт өзгеріп сала береді. Неге екені белгісіз, Гүлжанның жетістіктері Айгерімге түрпідей тиеді. Берекесі кетіп, бойын мазасыздық билейді.                                                                                                                        —  Айгерімнің  мазасыздығының  себебі  неде?                                            — Айгерімге қандай ақыл – кеңес айтар едің?

3-жағдаят      «Еңбек»

Асқардың ойынша қазіргі дамыған заманда еңбек етпей – ақ барлық нәрсеге қол жеткізуге болады. Сатып алғың келсе, дүкенде барлық заттар бар, адамдардың әрқайсысында бір – бірден көлік, яғни еңбек етіп, мал жинап, тер төгудің қажеттілігі шамалы.                                        — Сендер Асқардың ойымен келісесіңдер ме?

4- жағдаят        «Бақыт»

Алмат пен Асан кешкі ас үстінде сөз таластырып қалды. Алматтың ойынша  «бақыт ол құс сияқты» кімге қонғысы келсе, өзі біледі. Ал Асан бұл пікірге қарсы. Асанның ойынша адам бақытқа жету үшін талаптанып, еңбектену керек. Сондай адамға ғана бақыт құсы қонып тұрақтанады.                                                                                                                              — Ал сендер қалай ойлайсыңдар, қайсысынікі дұрыс?

 

 

Ү бөлім:

Ассоциация құрастыру

Бүгінгі «Жан саулығы» атты сабақтан біліп, үйренгендеріңді, ойға түйгендеріңді, пікірлеріңді, салауатты өмір салтын ұстанған тұлға қандай болу керек, өз ойларыңды жазып, тақтаға іліңдер.

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Бүгінгі сабағымызда арқау болған төрт тірек сөздер бір – бірімен тығыз байланыста екен, әрі бірін – бірі толықтырып,  «Тіршілік» деген ұлы ұғымды қуаттап тұрады екен. Бұлардың әрқайсының тіршілік үшін аса қажет екенін әр топ өз пікірлерінде қорытып айтып кетті. Ендеше, денсаулығымыз мықты, достығымыз адал, еңбегіміз берекелі, бақытымыз баянды болсын.