1 санын қосу және азайту

Тақырыбы: 1 санын қосу және азайту.

Мақсаты

1.Білімділігі: Сан қатарының қасиетіне сүйеніп, 1 санын қосу және азайту

тәсілімен таныстыру. Санға  1-ді қосу үшін келесі санды атау,

1-ді азайту үшін алдыңғы санды атау жеткілікті болатыны

туралы қорытындыны тұжырымдау.

  1. Дамытушылығы: Математикалық ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Жеке тұлғаның танымдық қабілетін қалыптастыру.

Салауатты  өмір сүруге  тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа материалды игерту сабағы.

Көрнекілігі: Электронды оқулық,  Кеспе сандар, Қалталы полотно,

Ойындар үшін заттар.

Сабақ барысы:  1.Ұйымдастыру. Көңіл-күй ахуалы.

Балалар назарын тақтаға аудару.

А)  Геометриялық  фигураларды  қайталау.  (слаид)

Б)  Тыныштық сәті.  Көзді жұмып, ойша  0-10 сандарын санату.

 

  1. Ойын  «Өз орныңды тап»

Балаларға сандар беріледі.  Әр бала қолындағы санға қарап  өз орнын тауып тұрады. Сол санның көршілерін атайды. Сан қатары екені  айтылады. Тура, кері санау. №3

Ойын   «Жоғалған санды тап»  (слаид)

1   *   3    4   *  6   7  *    8   *   10

Қайталау.  * сан қатары,

                   * натурал сандар,

                   * бір таңбалы сандар,

                   * екі таңбалы сандар

 0  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10   —  сан қатары

  • 2 3  4  5  6  7  8  9  – бір таңбалы сандар

10 – екі таңбалы сан

  1. Білімді еске түсіру.

А) Оқушылар өздерінің  орындарынан жауап береді. Қолдарындағы санды көтереді.

4 санынан 1-еуі артық сан — 5

10- санынан 1-еуі кем сан — 9

7 санынан 1-еуі артық сан — 8

1-санынан 1-еуі кем сан — 0

  1. Электронды оқулықпен түсінік беру.

1-ді қосу және азайту.

  1. Мәселе қою.

Санға 1-ді қосқанда не шығады?

Саннан 1-ді азайтқанда не шығады?

(Оқушылар ой қорытуы тиіс)

  1. Оқулықпен жұмыс.   (82-83-бет)

№1. Суретпен жұмыс.       Қыс мезгілі туралы әңгіме жүргізу. (слайд)

–Қазір қай мезгіл?

-Қыста қандай ойын ойналады?

-Қалай ойнайды?

-Төбешікте неше бала жүр?  5

-Неше бала келе жатыр? 1

-Сонда нешеу болады? 6         5+1=6  (теңдігін тақтаға жазғызу.)

1+5=6   (ережені қайталау)

-Біреуі сырғанап түсіп кетті. Неше бала қалды?  6-1=5 (қорыту)

№2  Электронды оқулықтан тапсырма  орындау.

1+1=2                     2-1=1

2+1=3                     3-1=2

3+1=4                     4-1=3

4+1=5                     5-1=4

5+1=6                     6-1=5

6+1=7                     7-1=6

7+1=8                     8-1=7

8+1=9                     9-1=8

9+1=10                   10-1=9                         

  1.    Сергіту.

Музыка тыңдау. «Егемен Қазақстан» әні. Оқушыларға сұрақ қою.

-Бұл ән не туралы?

-Әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?

( Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі туралы әңгімелеу.)

 

  1. Дәптермен жұмыс. 55-бет.

№1 Машиналар мен ұлулар жарысында ретімен сандар қатарын жазу.

  • 2 3  4  5  6  7  8  9  10
  • 9 8  7  6  5  4  3  2  1  —— Бұлар Натурал сандар.

№2 Мысалдың мәнін өз беттерінше табады.

1 + 2             1 + 3               1 + 4              1 + 5

2 – 1             4 – 1               5 – 1               6 — 1

1 + 6             1 + 7               1 + 8              1 + 9

№3 Қолдың моторикасын дамыту  үшін жүргізілетін тапсырма.

1 санын дұрыс жазу.

Оқулықтан көшіріп орындау.

№5   Қалып қойған санды орнына қояды.  «Ұтыс»  ойыны  егер де оқушы қалып қойған санды тез таба білсе, онда ұтысты ұтып алады. Ұтысқа фишкалар тігіледі.

 

10 ═ 1 +  *                9 ═ 1 + *                     8 ═   1 + *             7 ═ 1 + *

 

6 ═ 1 + *                  5 ═ 1 + *                     4 ═ 1 + *               3 ═ 1 + *

 

  1.     Сабақты аяқтау, бекіту.

-Бүгін не үйрендік?

  1. Қорытындылау.