«АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» күні Азаматтық қоғам институттарының күніне орай «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІНІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ» атты дебаты

«АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ» күні

Азаматтық қоғам институттарының күніне орай 

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – ХАЛЫҚТАР БІРЛІГІНІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ» атты дебаты

 

 

Ибайдаева Бақыткүл

Алма Құрмантай

Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік лицей оқытушылары

 

Мақсаты: Оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере отырып, оқушыларды отансүйгіштікке,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: плакаттар, қанатты сөздер, шарлар, қанатты сөздер

 

БАРЫСЫ:

Хор: «Елім менің»

 

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті оқушылар және бүгінгі дебатқа  қатысушылар! «Қазақстандық патриотизм-халықтар бірлігінің басты байлығы» атты дебатына хош келдіңіздер!

Патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Олай болса, бүгінгі дебаттың мақсаты оқушыларға патриотизм туралы түсінік бере отырып отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық:

 

«Бәйтерек» тобы:

Мәулешова Жазира — №91 топ оқушысы

Амангелді Гүлнар — №91 топ оқушысы

Жетербай Нұрсұлтан — №84 топ оқушысы

Әбдікер Азамат — №84 топ оқушысы

Жалғасбек Данахмет — №84 топ оқушысы

«Астана» тобы:

Оспан Таңшолпан – №91 топ оқушысы

Махамбеталиева Лаура- №91 топ оқушысы

Бердібай Гүлфарида – №91 топ оқушысы

Ерекеш Шерхан – №84 топ оқушысы

Нағашыбай Алып — №84 топ оқушысы

 

 

Дебатымыздың сарапшыларымен таныс болайық:

Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары  — Өтеулі Өтеубай ағай

Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары – Дүзбай Сәлия апай

Ддиректордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары  — Мусаев Арман ағай

 

Алдымен «Бәйтерек» тобынан Жетербай Нұрсұлтан мен «Астана» тобынан Махамбеталиева Лаураның   патриотизм туралы пікірлерін тыңдаймыз.

 

Жүргізуші: Рахмет! Енді осы пікірлерге байланысты сұрақтар өрбітейік.

  1. Патриотизмді қалай түсінеміз?
  2. Қазақ патриоты қандай болу қажет?
  3. Қазақ патриотизмі арқылы қандай жетістіктерге жеттік?
  4. Әр топқа 2 ситуациялық сұрақ беріледі:

 

 

 

  1. Шетелдерде сатылған қазақ сәбилері есейгенде қазақ елінде тұратын болса елін қорғайтын патриот бола ма?
  2. Қазақ қыздары басқа ұлтқа, шет елге тұрмысқа шығып жатыр. Олардың ұрпақтары қазақ салт-дәстүрін құрмет тұтатын патриот бола ма?
  3. Қазақстандық жақсы оқитын студенттер шетелдерде оқуын жалғастырып жатыр. Оларды патриот деп айта аламыз ба?
  4. Ашаршылық кезінде, сағыс кезінде бас сауғалап шет елдерді паналаған отандастар елге оралып жатыр. Оларды елін сүйетін, қорғайтын жанын беретін патриот деп айта аламыз ба?
  5. Біздің оқу орнымызда оқушылардың патриоттық сезімі қалай?
  6. «Патриотизм жастар көзімен» ой толғау.

(Екі топ  оқушылары патриотизм туралы түсініктерін өлең шумағы, сурет немесе эссе түрінде  жинақтайды. )

 

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерер,

Болашаққа алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан,

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

 

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын,

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

 

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

 

Жүргізуші: Топтар өз ойын жинақтаймын дегенше Оспан Таңшолпанның  ән-шашуын қабыл алайық. Ал енді сарапшылардың ойын тыңдау үшін сөз кезегін директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары  Мусаев Арман ағайға береміз.

 

Жүргізуші: Рахмет! Бүгінгі дебатқа қатысушы оқушыларды  ескерткіш сыйлықпен марапаттасақ.

 

Жүргізуші: Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәміздері — Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге міндеттіміз. Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық! Сонда ғана өз Отанымызды қорғай аламыз.

Бір ата,бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз.  — демекші бірлігіміз болса Отанымызды қорғай аламыз.

ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік,елімізде тыныштық болып егеменді елдігіміз ұзағынан болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ ИДЕОЛОГИЯСЫ

 

Махамбеталиева Лаура

№91 топ оқушысы

 

«Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу

мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік

деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап

қалғымыз келсе ұлттық патриотизмді мықтап

дамытуымыз қажет».

                                                      (Қазақ халқы)

 

Біз — қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз.

Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді.

Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық. Қазақ екенімізге мақтана алатын артықшылықтарымыз аз емес.

Алайда ХХІ-ғасырда , жаһандану дәуірінде қазақ халқын тағы бір үлкен сын күтіп тұр. Ол-қазақ ұлтын ұлт ретінде сақтап қалу және Қазақстанды әлемдегі озық мемлекеттердің алдына шығару.

Бұл — ұлы мақсат. Қазақстан мемлекеті мен қазақ ұлтын дамыту мен гүлдендіру мақсаты.Оған жетудің оңай емес екені де белгілі. Бұл идеология Қазақстан болашағы үшін, қазақ ұлтының келешегі үшін жаны ашитын, тілі мен діні, жарқын болашағы, ертеңгі алаңсыз өмірі, келешек ұрпағының бақыты үшін күресетін, берік бірлігін сақтай отырып, бір мақсатқа жұмыла әрекет ететін, «Мен қазақпын, мен қазақ екенімді мақтан тұтымын, ұлтым үшін у ішуге дайынмын» деген адамдарға арналады.

Біздің ұлттық идеологиямыздың түп қазығы: «Көп балалы бол және оларды ұлттық рухта тәрбиеле».

Біздің ұлттық идеологиямыздың ұраны: «Бізді құтқаратын-Ислам»
Біздің ұлттық идеологиямыздың ұстанымы: «Қазақ баласы- жер сенікі, ел сенікі. Жеріңе, еліңе ие бол. Өз жеріңде, өз Отаныңда тұрып басқаның құлы болма.»

Біздің ұлттық идеологиямыздың ойтұмары: «Қазақ қызы біздің ең негізгі байлығымыз. Қазақ қызын сыйламаған адам бізден емес, ол біздің жауымыз.»

Біз-қазақ ұлтының патриоттары өзіміздің ұлтымызды сүйетінімізді, әрқандай жағдайда ұлтымыздың болашағы үшін күресуге дайын екенімізді басқаларға мақтана айтуға тиіспіз. Бұл күресте біз аса білімді және жылдам болуға міндеттіміз. Ол үшін бізге берік денсаулық керек. Берік денсаулыққа жету үшін жат қылықтардан, өрескел әдеттерден алыс жүруге тиіспіз.
Әркім өзінің ата-анасын, бауырын, қарындасын, туып-өскен жерін, ана тілін, дінін жақсы көргені үшін айыпты бола алмайды. Жақсы көрмеген адам-сатқын, екіжүзді болып есептеледі.
 

 

 

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ ИДЕЯСЫ

 

Жетербай Нұрсұлтан

№84 топ оқушысы

Қазақ ұлты- Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы мәртебелі ұлт. Қалған ұлттар диаспора болып саналады. Қазақ ұлты басқа ұлттардың дамуы мен тілін, дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын сақтауға кедергі келтірмейді. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ ұлтының тілі мен дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын, ұлттық болмысын сыйлауын құрметтеуін талап етеді.

Қазақ тілі- мемлекеттік тіл, диаспоралар мен аз ұлттардың тілі мемлекеттік тіл бола алмайды. Барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілді білуге және оның дамуына үлес қосуы міндетті. Қазақ ұлты басқа ұлттардың өз тілін сақтауы мен дамытуына қарсы болмайды.

Қазақтар-мұсылман ел. Ислам діні қазақ ұлтының тарихи діні, сенім-нанымдарының түпқазығы болып саналады. Дін-мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының біріне айналуы тиіс. Қазақстан мемлекеті дәстүрлі діндердің дамуына жағдай жасайды, дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталардың жұмысына тосқауыл қоюы тиіс.

Қазақстанның азаматтығы. Шет елдерден оралған қазақ ұлтының өкілдері кедергісіз Қазақстан азаматтығын алады. Басқа шет елдік ұлт өкілдері Қазақстан мемлекетінің дамуы мен қазақ ұлтына ерекше еңбегі сіңген болмаса уақытша виза алуы тиіс.

Қазақстан жерінің иесі-қазақтар. Қазба байлықтары ең алдымен қазақ ұлтының игілігі. Қазақстанның жері мемлекеттің және тек Қазақстан азаматтарының жеке иелігінде болады. Жер қандай да бір игілік үшін мәртебелі ұлт өкілдеріне тегін берілуі тиіс.Шет елдік азаматарға жер тек уақытша жалға берілуі тиіс және оның мерзімі 25 жылдан аспауы қажет. Қазба байлықтарды игеруші компанияларға иелік етуде мәртебелі ұлт өкілдерінің үлесі 50 пайыздан кем болмауы керек. Ұлттық компанияларда жұмыс істейтін мәртебелі ұлт өкілдеріне артықшылықтар беріледі.

Өзін ұлтының патриотымын деп санайтын әрбір азамат қазақ ұлтының мүддесін кез-келген артықшылықтар мен жеке басының мүддесінен жоғары қоюы тиіс. Қажет болса жанын да қиюы керек.

Ұлт патриоттары қазақ қызын сыйлауды бірінші орынға қояды. Біз қыздарымызды сыйлау арқылы ұлтымызды сыйлаймыз. Қазақ қызы-қазақтың анасы. Ана-болашақ ұрпақтың бастауы, қайнар көзі. Бұлақтың басы лай болса, одан таза ұлт шығуы мүмкін емес.

Қазақ жігіттері басқа ұлттардың көрікті, ақылды қыздарын алуы мүмкін. Ал қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шығуын жөн көрмейді. Біз қан тазалығын, тек тазалығын сақтауға тиіспіз. Тексіз халықтың болашағы болмайды.

Ұлт патриоттары жезөкшелік пен зинақорлыққа, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы ымырасыз күрес жүргізеді. Қажет болса жазалайды да.

Ақпарат құралдарына шет елдік азаматтар мен заңды тұлғалардың иелік етуіне жол берілмейді. Ұлтаралық араздыққа, белгілі бір ұлттардың артықшылықтарын дәріптеуге, зорлық-зомбылықты, бейәдептілікті насихаттауға, қазақтың ұлттық мүдделеріне қайшы келетін ақпараттар таратуға тиым салады.

Шет ел мәдениетінің экспансиясына қарсы тұрады. Ұлттық өнер мен мәдениетті, кино мен музыканы дамытуға күш сала отырып, шет елдік жат мәдениетке жастардың еліктеуіне тосқауыл қояды.