сыныптан тыс жұмыс («Асыл сөз»үйірмесінің 1 жартыжылдықтағы бекіту сабағы)

43

 

сыныптан тыс жұмыс

(«Асыл сөз»үйірмесінің 1 жартыжылдықтағы  бекіту сабағы)

Мақсаты:білімділік – «Асыл  сөз» үйірмесінде  әдебиеттен меңгерген   білімді  (Ауыз әдебиеті, Абай Құнанбаев, Ыбырай алтынсарин) ортаға салу,  алған білімді   бекіту; дамытушылық—  ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, көркем әдебиетке деген  қызығушылықтарын арттыру,өз пікірі мен көзқарасын қалыптастыру;  тәрбиелік отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, адами қасиеттер мен имандылыққа   тәрбиелеу.

Сабақтың түрібекіту сабағы:

Сабақтың типі: кіріккен сабақ

Сабақтың әдісі : блумның сұрақ қою жүйесі, СТО, сұрақ – жауап, топтастыру,  ізденіс

Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, музыка

Көрнекіліктеринтерактивті тақта,үлестірме  қағаздар,плакаттар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру: (амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын дайындау)

Мұғалім:  Балалар, біздің почта жәшігімізге бір хат келіпті, ашып қарайық қайдан келген екен. Хат мәтіні:

«     Құрметті оқушылар, біз әдебиет әлемінің кейіпкерлері  сіздерге арнайы хат жолдап отырмыз! Балалар сіздер «Асыл сөз» әдеби үйірмесіне қатысасыңдар солай ма? Үйірмелерің не үшін «Асыл сөз» аталатынын білесіңдер ме? Олай болса біз сендерден өздерің осы үйірмеде талқыға салып, талдаған үш алып тақырыпты тағы бір қорытынды сабақ етіп  өтіп естеріне жақсылап бекітулеріңді сұраймыз!  Біз сендерге сондай – ақ, тапсырмалар мен сұрақтар жібердік , тапсырмаларды орындау мен сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап берген  сабақтың өтуіне ең белсенді атсалысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар да жібердік. Оны мұғалімдерің сабақ соңында өздеріңе тапсырады. Балалар бізге сабақтың қалай өтіп өздерің қалай қатысқандықтарың туралы жауап хат жазыңдар. Біз асыға күтеміз. Сәлеммен әдебиет әлемінің кейіпкерлері.»

Ауыз әдебиеті

Кане, балалар ашық хаттарды ашайық бізге қандай тапсырмалар мен сұрақтар келген екен.

Ыбырай Алтынсарин
Абай Құнанбаев

*

     Балалар осы үш үлкен тақырыпты кең көлемде ашу үшін өзімізге жеңілдік ретінде топқа бөлініп алайық. Тобымызға ат қояйық, әрине бұл сабақ болған соң бір бірімізді бағалауымыз керек, және уақытты белгілеп отыратын уақыт төрешісін сайлап алайық.

(топтарына ат қойып, ұрандырын айтып, топ басшысы өз тобындағы оқушыларды таныстырып өтеді таныстырып өтеді. )

І бөлім

«Миға шабуыл стратегиясы»   арқылы  оқушылар берілген

тақырыпты кең көлемде ашып жеткізіп, осы тақырып аясында өлеңнен үзінділер немесе мақал – мәтелдер, тіпті көріністер көрсетуге де болады. Тақырыпты постер карта арқылы қорғап шығуға болады. Бұл оқушылардың өз ойларының ұшқырлықтарына байланысты

ІІ  бөлім

«Топтық тергеу» стратегиясы

Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар аясында 10 сұрақ құрап жазып басқа топтармен алмасады. Өздері де қалған  топтардың сұрақтарына  жауап береді. Бұл жылдамдық пен жауап беруде нақтылықты талап етеді

ІІІ бөлім

Блумның сұрақ қою жүйесі әдісі бойынша

Оқушыларға  шағын әңгімелер, аңыз –әңгімелер шешендік сөз үлгілері, ертегілер таратылады сол әңгімені осы әдіс бойынша талдап шығу керек

деңгей Мұғалімнің сұрағы Оқушының іс — әрекеті
білім Әңгіме не туралы?
Түсіну Әңгіменің тақырыбы нені меңзейді?
Қолдану  әңгіме идеясы
Анализ Жазушының бұл әңгімені жазғандағы мақсаты не?
синтез Сен бұл әңгімеден не түйдің

 

ІV бөлім  Сергіту  Абай әндері

V бөлім   Ғажайып кейіпкерлер.  Әр кейіпкердің бір – бір сұрағы бар?

 

  1. Тіл туралы мақал – мәтелдер айт
  2. Жаңылтпаш айт жаңылмай
  3. Ертегілердің жағымсыз кейіпкерлерін ата
  4. Аңыз – әңгіме кейіпкерлерін ата
  5. Өтірік өлең құрастыр
  6. Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар

VI  бөлім

1.    «Жер үйекті» іздеген жырау

2.    Тұрмыс – салт үлгілерінің бірі

3.    Балғожа бидің немересі

4.    Абайдың анасы

5.    Ертегідегі алып құс

6.    Тазшаның өлеңі

7.    Ертегідегі терең құдық

Қорытынды бөлім

 

А      
С        
Ы          
  Л      
С            
Ө          
З          

VII   бөлім     Бағалау

VIII  бөлім     Әдеби әлемге хат