Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты сайыс

208

Мақсаты: Білімдерін жүйлеу және жалпылау қабілетерін дамыту арқылы, өтілгенматериалдың өмірмен баыланысын ашы. Оқушылардың интеллекттерін, эмоцияларын, еріктерін қолдана білуге тәрбиелеу.

 

Жоспары

 

  1. Сәттілік кезең
  2. Формула сыры
  3. Ғажайып үштік
  4. Көрермендер сайысы
  5. Қанша тілді білесің
  6. Домино
  7. Ұшқыр ойлар

Барысы

 

  • «Таланттылар теріп үгіп, толғансын, тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», — деп бүгінгі «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық ойынымызға кош келіпсіздер.
  • Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады, — деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

  • Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар,

Біреуінің дөңгеленген биі бар, — дей отырып, ойынымыздың басты кейіпкерлері – сайыскерлерді ортаға шақырайық. /сайыскерлермен таныстыру/

 

  • Осы ойыншыларымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен де таныс болыңыздар. /әділқазылармен таныстыру/

 

  • Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отыра сайысымыздың алғашқы айналымын бастайық. Ол «Сәттілік кезең» деп аталады. Мұнда сұрақтар оқылады, сайыскерлердің қайсысы алғашқы қолын көтерсе сол жауап береді. Әрбір сұраққа 10 ұпайдан саналады. Сұрақтар:

 

  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің ретелген қозғалысы/
  2. Ток көзінің неше полюсі болады, жән олар қалай аталады? /екі, оң және теріс/
  3. Бірінші ғарыштық жылдамдық нешеге тең? /8км/сағ/
  4. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
  5. «Миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратқан кім? (Ы.Алтынсарин)
  6. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы? /инерция/
  7. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
  8. Физика не туралы ғылым? /табиғат/
  9. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/
  10. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/
  11. Темірқазық жұлдызын тағы қалай атайды? /жеті қарақшы/
  12. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/
  13. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

 

  • Ойынымыздың екнші бөлімі «Формула сыры» деп аталады. Қымбатты ойыншылар! Тақтаға әр түрлі формулалар мен физикалық заңдылықтар жазылып 1,2,3,4,5,6 нөмірлерімен белгіленген, заңдылықты немесе формуланы бастаушы сұрайды, сол кезде сіздер сол сұралған заңдылыққа немесе формулаға байланысты нөмірді көтересіздер, ал егер сұрақтың жауабы болмаса, «0» цифрын көтересіздер. /Тақтаға жазылған формулалар:

 

3
2

 

 

6
5
4
1

 

 

 

  1. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы?
  2. Денені қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшері?
  3. Өткізгіш кедергісін есептеу формуласы?
  4. Ток күшінің формуласы?
  5. Отынның жану жылуы?
  6. Джоуль-Ленц заңы?

 

— Ойының шарты бойынша екі айналымда ең аз ұпай жинаған екі сайыскер ойыннан шығады. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.

  • Ойынымыздың келесі бөлімі «Ғажайып үштік». Мұнда алдарыңдағы таблодан пәнге байланысты сұрақты таңдап алу керек Ойынды ұпайы көп оқушы бастайды.
  • Ендігі кезекте ойыншыларымыз дем алып алулары үшін біз көреремендермен біраз ойын ойнайық. «Көрермендермен ойын». Мұнда мен сіздерге әр түрлі логикалық сұрақтар оқимын сіздер оларға жауап берулеріңіз керек. Сұрақтар
  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? /қар мен мұз күйінде/
  2. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? /уақыт/
  3. Қандай ыдысқа су құйылмайды? /су толы ыдысқа/
  4. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? /ауа/

 

  • Ойыншыларымыз дем алып алған сияқты. Біз енді ойынымызды ары қарай жалғастырайық. «Қанша тілді білесің» сайысы. Мұнда оқылған сұрақтарға мүмкіндігінше үш тілде жауап беру керек. Қолын алғашқы болып көтерген оқушы ғана жауап бере алады. Сұрақтар:
  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.

(ток, ток, energy)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)

3.Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды.

(мұз, лед, ice)

  1. Жақтаулар арқылы шектелген, монитор экранындағы төртбұрышты аймақ.

(терезе, окно, window)

  1. Графиктік радактор аты.

(сурет, рисунок, paint)

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(кітап, книга, book)

  1. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа, воздух, air)

  1. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.

(күн, солнце, sonne)

 

— Бұл сайыстан кейін ең аз ұпай жинаған екі оқушыны ойыннан шығаруымыз керек. Сөз әділқазылар алқасында.

 

  • Ойынымыздың келесі айналымы «Домино». Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек. Сөздер:

Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.

 

  • Ойынымыздың соңғы бөлміне де жетіп қалдық. Бұл бөлімде сендер берілген ситуация бойынша ой қозғауларың керек. Яғни өздеріңнің ұшқыр ойларыңды әр жағдай үшін ортаға саласыңдар. Алдарыңда екі жұлдызша бар әр жұлдызшаның артында жағдайлар жасырылған. Алдымен ұпайы көп ойыншы жұлдызшаны таңдайды.

1 жұлдызша: Егер мен мұғалім болсам…

2 жұлдызша: Егер мен бизнесмен болсам…

 

  • Ойыншыларға дайындалуға 1 минут уақыт береміз. Ойыншылардың жауаптарын әділқазылар бағалайды. Бағалау 50 баллдық жүйе бойынша жүреді.
  • Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз, бүгінгі күн жеңімпазын атау өз қолдарыңызда.
  • Осымен бүгінгі біздің «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті, келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
  • Сау болыңыздар.