«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» атты салтанатты жиыны

67

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» күні

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай 

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»

атты салтанатты жиыны

Мақсаты: Тәуелсіздік  ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік  жолында  құрбан  болған қазақ

халқының  ерлігімен таныстыру. Туған  жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл,

адамгершілігі мол  азамат   етіп  тәрбиелеу. Оқушыларды Елбасына деген құрмет

сезімдерін оятуға, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін құрметтеп қастерлеуге,өз

елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасының суреті, Қазақстанның картасы, Қазақстан туралы суреттер мен

буклеттер, слайдтар. Туған жер туралы, Отан туралы нақыл сөздер жазылған

плакаттар.

БАРЫСЫ:

 

(Ортада хорға шыққан оқушылар тұрады.)

 

І жүргізуші: Құтты болсын  тәуелсіздік  мейрамы,

Ол әркімге  бейбіт  өмір  сыйлады.

Аңсаған  сан  ғасырлық  арман  болып,

Қол  жеткізген  шындық  жырын  жырлады.

Қуаныштан қалай кеуде  кермесін,

Бұл күнімді  бір  ғасырға  бермесін.

Ақ  түйенің  қарны  бүгін  жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

 

ІІ жүргізуші: Тәуелсіз  ел  болу  дегеніміз — кеудеңді  кере  дем  алып, еңсеңді  көтере

ұрпақтан –ұрпаққа  мұра  болып   келе  жатқан салт-дәстүріңді , әдет  ғұрпыңды

айқындап  көрсететін, өзіңнің  өзгелермен  тең екендігін сезіну  және ана  тіліңде

емін-еркін  сөйлеуің  деп  білемін. Тәуелсіздік  мағынасы  зор, тамыры  терең

ұғым. Оған   миллиондаған адамдарын  құрбандыққа шала  отырып қол жеткізеді.

 

І жүргізуші: Ендеше, құрметі ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздіктің 20 жылдық

мерейлі тойымен

Екеуі бірге: шын жүректен құттықтаймыз!

 

ІІ жүргізуші: Олай болса, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – 20 жұлдызды күн » деп аталатын

іс – шара аясында №90 «Дәнекерлеу ісі» тобы оқушыларының ұйымдастыруымен

өткелі отырған «Менің Қазақстаным» атты салтанатты жиынды бастауға

рұқсат етіңіздер!

І жүргізуші: Ендеше, бүгінгі салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының  

                       Мемлекеттік Туы енгізілсін! (Залдан Туды, Елтаңбаны, Конституция кітапты

                       ұстаған оқушылар кіреді. Артында «Елім менің» әні ойнап тұрады)

Оқушы:  

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

Бұлт баспасын күнімді

Тарылмасын  өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым

Оқушы:     

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

Бабам тұлпар жаратты

Құлынын да танып – ақ

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет  өрінде

Нұр төгеді    елтаңба

Ақ Орданың төрінде

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы  тұрмақ, шығады екен қарты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен – таңба ?

Енді бүгін  өлген туым тірілді

Әнұраным  жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген   Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

 

І жүргізуші: Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы — Гимн. Гимн мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы  айтылған

ІІ жүргізуші: Батырлыққа уызынан  жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған, — деп — Әнұран?!

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар:  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

                        Әнін жазған: Шәмші  Қалдаяқов    

 

І жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

 

ІІ жүргізуші: Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтау үшін алғашқы құттықтау сөз кезегін лицей директоры Исмайлов Темірбек Кәнішұлына береміз.

 

Хор: «Егеменді ел Қазақстан»

(Тек қана алға, Қазақстан! Ура, ура, ура!)

 

І жүргізуші: Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз

тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің

күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар

жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан

бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды

батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген

батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы

тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың

құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

 

Көркем сөз: «Қайраттың рухына» (Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке)

 

Азаматтық айбарымен еркіңнің,

Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.

Алаңдағы әділетсіз дауылға

Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың.

Жапа шегіп жатсаңдағы жаладан,

Жарамады арашаға жан адам.

Желтоқсанның желбіретті жалауын,

Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам.

Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,

Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.

Көк байрағым сені еске сап тұрады,

Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы.

Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,

Айналар атың әлі неше өлеңге.

Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,

Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде!

Қарындасқа қалқан болған өренім,

Қалың жасқа пана болған терегім.

Жалын жырға арқау болған тереңім,

Өлтіре алмас сені өлім!

Алмас жүзді беренім!

 

І жүргізуші: Тәуелсіздік  аңсаған жастар ұлттың намыс  құдіретін дүние жүзіне  танытқан бұл

оқиғаның  құрбандары  болған  Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова,

Е.Сыпатаевтардың  жүректі  үні, ел  намысын  қорғаған ерліктері  мәңгі  өшпейді.

( М. Шахановтың өлеңі ойналып тұрады.)

 

ІІ жүргізуші: Ендеше, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздігіміздің жолында құрбан

болған батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

 

Ән: «Желтоқсан желі»

 

Оқушы:   Менің Қазақстаным! Бұл- қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша

әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай

сыйлайтын, «көрші халқы- тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса, жүрегі көрінетін

аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі.

«Малым- жанымның садағасы, жаным- арымның садағасы» деген ізгі де асқақ

даналықты өмірлік кредосына айналдырған, «Еңкейгенге еңкей- ол атаңның құлы

емес, шалқайғанға шалқай – ол құдайдың ұлы емес» дейтін тәкаппар да текті елдің

серті бар онда.

Қазақстан, менің асыл аймағым.

Қуантады күнге құшақ жайғанын.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.

 

Оқушы: Қазақстан туралы жалпы шолу. Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде

9-орын алады.Қазақстан аумағы 2,7 млн.шаршы шақырым.Қазақстан территориясы

пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз

рәміздері — Елтаңба, Ту және Гимні бар.

 

І жүргізуші: Ежелгі заманнан әр тайпалармен руларды біріктіретін белгілер болған.  Белгілер –

сөздердің орнына қолданылатын таңбалар.  Бір топ адамдар үшін қолданылатын

белгілер – бір мағынаны білдіреді. Ал рәміздер – белгілі топтар бейнесінің бірігуі.

 

ІІ жүргізуші: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Гимн.   Бұл халық бірлігінің белгілері.

Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді

құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.

 

Төле би:        Уа, халайық, сөз қадірін білсең,

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшы болмаса – ел жетім.

Сөз танығыш жастарға он түрлі жұмбағым бар.

Әйтеке би:    Биікке шықсаң – көзің ашылады,

Жақсы мен жолдас болсаң, көңілің.

Айтыңыз ұлы аға!

Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау – 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Оқушы: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?

Қазыбек би: 1 дегенім – бірлігі кеткен ел жаман,

2 дегенім – егісіп өткен ер жаман,

3 дегенім – үш бөлінген ағайын жаман,

4 дегенім – тұрақсыз дос жаман,

5 дегенім – белсеніп шыққан жау жаман,

6 дегенім – асқынған дерт жаман,

7 дегенім – жас келіншек жесір қалса, сол жаман,

8 дегенім – серпілмеген қайғы жаман,

9 дегенім – торқалы той, топырақты өлімде бас көрсетпес, сол жаман,

10 дегенім – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.

Төле би: Рахмет дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.

Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан

өлмейтін сөз қалады.

Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, Қаз дауысты Қазыбек би мына жиналған халайыққа не

айтасың?

Қазыбек би: Өркенің өссін десең кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма –

Өркеніңді өшірерсің,

Аллаһуакбар.

Төле би:  Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Ту көтерген елім бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер.

 

ІІ жүргізуші: Ел қадірін біліңдер, жер қадірін біліңдер, сөз қадірін біліңдер қадірлі халайық!

Қазіргі таңда елімізде 130 – дан астам өзге ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату –

тәтті өмір сүруде.

 

І жүргізуші: Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда  тірлік бар »  деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз!

(шаңырақты ұстап шығады ортаға, билеп болғандар лентаны ұстап тұра қалады)

 

Би: Попури (грузин, орыс, қазақ)

 

І жүргізуші: Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады

 

ІІ жүргізуші: Жаралдық машылықтан, толы ағыстан

Жолың бар жоқшылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

 

І жүргізуші: Ендеше тағы бір құттықтауға кезек берейік.

Ақ тілегін білдіру үшін ортаға директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары

Дүзбай Сәлия Шарападинқызын шақырамыз.

 

Көркем сөз:  С.Дүзбай «Желтоқсан — 1986»

Ілекеров Дастан — №90 топ оқушысы

 

Мен қазақпын, мың  өліп, мың  тірілген,

Жөргегімде таныстым  мұң  тілімен.

Жылағанда жүрегім күн  тұтылып,

Қуанғанда  күлкімнен  түн  түрілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ  елмін,

Қайта  тудым, өмірге  қайта  келдім.

Мен  мыңда  бір  тірілдім  мәңгі  өлмеске

Айта  бергім  келеді  айта  бергім.

Ел  жоқ білем  аңсамаған  теңдікті,

Еркін  жүріп  көксемеген  кеңдікті.

20 жыл  тәуелсіздік  алдық  біз,

Жалғастырып  баба  жолын  елдікті.

Әнұран  бар  ұрпаққа өсиет  шашқандай,

Теңгеміз  бар тайға таңба  басқандай.

Көк  байрағым  көкте  биік  желбіреп,

Бірлікке  шақырып  бізді  жатқандай.

Халқым айтқан: жер  көтерер  ер  даңқын,

Елім  айтқан:  ер  көтерер жер  даңқын.

Президентім  аман  болғай  Елбасы

Мәңгі  жаса, мәңгі жаса  өр  халқым.

Елорданы  көшіріп  Ақмолаға,

Астана  деп  ат қойды  жас  қалаға.

14 жыл  толған  бүгінгі Елордаға

Еңселі  екен  алыстан  қарағанда.

Туындай  қанат  керген  желді  күнгі,

Танытты кең  әлемге кеңдігіңді.

Тұрғанда  «Бәйтерегің»  көкке шырқап,

Ұстай  біл  асқақтатып  елдігіңді.

 

Хор: «Атамекен»

Орындайтын: №90 топ оқушылары

 

І жүргізуші: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық  жыр — әнім

Самғап жүрсек бостандықта  биікте

Шарықтайды  кең көлемде бұл әнім

 

ІІ жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа  жолықтыр…

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

 

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығына  — 20 жұлдызды күн» атты іс – шараның ашылуына

арналған «Менің Қазақстаным» атты салтанатты жиын осымен аяқталды.

Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!