«Ең үздік оқушы» деп аталатын білім сайысы

307

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру. Оқушылардың арасынан озық ойлы білім жүйрігін анықтау. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына,

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына- деп бүгінгі  «Ең үздік оқушы» деп аталатын білім сайысына қош келдіңіздер! Өзбілімдерін паш етіп,  бақ сынасар

сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

Білімді топты халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші:  Сайыскер сіздерге сәттілік тілейміз,

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар.

Кім өнерлі , кім тапқыр –шешу қиын.

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар – дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын қазылар алқасы бар.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Ал, енді білім сайысының бөлімдерімен таныстырып өтейік: «Сәлем -сөздің анасы» таныстыру, оқушы ұраны.

1-тур: «Білім ағашы» /сұраққа жауап беру/

2-тур:«Мен ұнататын пән» 6 пән бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

3-тур: «Полиглот» тіл өнер сайысы /үш тілде білімін тексеру/

4-тур: «Мақал –сөздің мәйегі». Математика, физика пәндерінің мақал-мәтелдерде кездесуі

5-тур: Финал «Тапқыр болсаң, тауып көр»физикалық тәжірибе кезеңі.

Жүргізуші:

Армысыз, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем-сөздің анасы» деген нақыл.

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер өнегелі,

Сәт те келіп қалғандай танысатын-дей отырып,  өздерін таныстыру үшін сайыскерлерімізге сөз береміз.

ЖҮРГІЗУШІ: Көңілін халқыңның таптың бүгін,

Елес қой мынау бізге өткен, кеткен.

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық

Байқайық оқшулардың тапқырлығын. Келесі кезекте

«Білім ағашы»  айналымы.Шарты: сұрақтарға тез және дәл жауап беруі керек.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

 

Сұрақтар:

  1. Логарифмді ойлап тапқан ғалымның аты?

 /Джон Непер- ағылшын математигі/

  1. Ежелгі грек аңыздары қалай аталады? /Миф/
  2. /Правка –копировать/ командасын орындағанда белгіленген объект қайда көшіріледі? /Буфер алмасуға/
  3. Заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым? /Физика/
  4. Ерекше қасиеті бар металл? /Магнит/                                                                                                                                                                                                                      
  5. Дұрыс алты бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

/ 720° /  (

  1. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай аталады? /Рупор/
  2. Өшірілген объектілерді сақтайтын папкаа қалай аталады? /Корзина/
  3. Қазіргі Қызылорда облысының әкімі? /Болатбек Қуандықов/
  4. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? /Психрометр/ гигрометр/

10.Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі? /Процессер-жады/

11.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі және математигі? /Ньютон/

  1. Заттар неден тұрады? /Атомдардан/

Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің жинаған ұпай сандарын әділқазылар алқасы есептеп болғанша, музыкалық үзіліс.

Жүргізуші: 1-турды қорытындылай келе, осы турдың ұпай санын айтып өтсеңіздер.

Жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Тым-тырыс қарап отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа –дей келе, келесі бөлімге көшейік.

Жүргізуші: Сайысымыздың келесі айналымы «Мен ұнататын пән» деп аталады. Бұнда сайыскерлер  өз таңдаулары бойынша математика, физика, қазақ тілі,тарих, география, биология,  химия пәндерінің ұяшықтарын ашып, өз білімдерін көрсетеді. Сұрақтар күрделілігіне байланысты 10,20,30, 40,50 ұпайлық. Дұрыс жауап берген ойыншы келесі ұяшықты  аша алады. Сайысушыларға ескертетініміз, осы турдан кейін ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз. Олай болса, іске сәт дей отырып, сайысымызды жалғастырамыз.

1.Математика пәнінің сұрақтары:

  1. 1. /10 ұпай/ Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Жауап: ұзындығы мен енін көбейтеміз.

2./20 ұпай/ Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).

  1. /30 ұпай/ Тригонометриялық функция таңбаларын ата?

Жауап: sin, cos, tg, ctg

4./40 ұпай/1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? /тең/

5./50 ұпай/ Бір жанұяның 5 ұлы бар, және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда барлығы неше бала бар? / 5 ұл, 1 қыз/

2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

  1. /10 ұпай/ Қосымшаның түрлерін ата? /Жұрнақ, жалғау/
  2. /20 ұпай/ Сөз мағыналарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы? / Лексика/
  3. /30 ұпай/ Сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы? / екпін/
  4. /40 ұпай/ Бейне сұрақ: Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған “Ұлы тұлға – бала би” деген атақтан дана би атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен. Яғни, “Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз”. Бұл ұлы адам кім?
  5. /50 ұпай/

3.Биология пәні бойынша:

  1. /10 ұпай/ Жер бетіндегі ең ірі жануар? /Піл/
  2. /20 ұпай/ Қай өсімдікте сабақ, жапырақ, тамыр жоқ? / саңырауқұлақ/
  3. /30 ұпай/ Жемістердің тәтті суы не? /шырын, сөл, нәр/
  4. /40 ұпай/Жүйке жасушасы қалай аталады? /
  5. /50 ұпай/ Бейне сұрақ:

4.Физика пәнінің сұрақтары:

  1. /10 ұпай/ Энергия көзі? /Ток/
  2. /20 ұпай/Электр заряды жоқ бөлшек? / нейтрон/
  3. /30 ұпай/Атмосфералық қысымды өлшейтін прибор? /Барометр/
  4. /40 ұпай/ Адамға қай кезде көзілдірік киюдің керегі жоқ? /Ұйықтағанда/
  5. /50 ұпай/ Бейне сұрақ: Француздың ұлы физигі және математигі, электродинамиканың негізін қалаушылардың бірі. Ол электр тогы ұғымын енгізді. Максвелл оны «Электр Ньютоны» деп атады.

Көк шарфты суға салса не болады? /су болады/

5.Тарих және география пәндерінің сұрақтары:

  1. /10 ұпай/ Ең үлкен мұхит? /Тынық/
  2. /20 ұпай/ Гималай тауының ең биік шыңы?

Жауап: Эверест / Джомолунгма/

  1. /30ұпай/ Антропонимика нені зерттейді? Жауап: кісі есімдерін

3./40 ұпай/ Ұлы Отан соғысы қанша күнге созылды? Жауап: 1418 күнге созылды

  1. /50 ұпай/ Бейне сұрақ: Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

/Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Түркістанда орналасқан/

 

  1. Химия пәні бойынша:
  2. /10 ұпай/ Судың формуласы? / Н2О/

2./20ұпай/ Адам тыныс алатын газ? /Оттегі/

  1. /30ұпай/ Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент? / Мырыш/
  2. /40 ұпай/ Азот қышқылының тұздары қалай аталады? / Нитраттар/
  3. /50 ұпай/ Бейне сұрақ : «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы.Периодтық кестенің авторы?

 

Д.И. Менделеев

Жүргізуші: Әділқазы алқасының 2- айналымның  қорытындысы шығарылғанша, музыкалық үзіліс.

Жүргізуші: Қадірлі әділқазы алқасы сайысымыздың 2-ші турының қорытындысын хабарлап жіберсеңіздер.

Жүргізуші:    Біреу озса,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады,-деп, қазір ойынның шарты бойынша, ұпайы аз ойыншыларымызды қол шапалақтап, шығарып салайық.

Жүргізуші: Ендігі айналым «Полиглот» деп аталады.Оқушылар бұл турда көптеген жұмбақтарға жауап бере отырып, өз ана тілімізбен қоса орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін сынайды. Олай болса, сайыста қалған ойыншыларымызға сәттілік тілейміз.

3-тур. «Полиглот»

  1. Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,

Қарасаң толып жатыр көзіңді ашып.

Үйіме сәулеленіп түссе жарық

Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.  / жұлдыз- звезда- star/

  1. Қыс жатады, жаз тұрады

Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады. / қар-снег- snow/

  1. Жол үстінде қу қазық,

Мергеншіге жол азық. / қоян-заяц-rabbit/

  1. Қанатым бар ұшпаймын,

Қол астында қыстаймын. / балық-рыба-fish/

  1. Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті-ақ. /қант-сахар-shugar/

  1. Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күзге жеткенде. / алма-яблока-applle/

  1. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. / мектеп-школа-scoll/

  1. Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айқай да шу. /түлкі-лиса-fox/

Жүргізуші: 3-тур бойынша сайыскерлеріміздің білімдерінің қорытындысы шығарылғанша, музыкалық үзіліс.

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан қорытындысын айтуды сұраймыз.

Жүргізуші: Ал, ендігі кезекте «Мақал- сөздің мәйегі» демекші, «Математика мақал-мәтелдерде» , «Физика – жұмбақтар әлемінде» деп аталатын сайысымызды бастаймыз. Сайыстың шарты: Айтылған мақал-мәтелдер осы пәндермен байланысу керек және сол сөзді үш тілде айтуы керек.Әрбір мақалға 1 ұпай, әрбір жұмбаққа 1 ұпайдан беріледі.

4-тур:

  1. ….. рет өлшеп, бір рет кес. / жеті-семь-
  2. Білекті ….. жығар, білімді ….. жығар. /бір –один- ;

Мың -тысяча-

  1. …. теңгең болғанша, ….. досың болсын. /жүз-сто-
  2. Ел құлағы ….. /Елу-пятдесять –

Жұмбақтар:

1.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді6

Бірақ өзі көрмейді.     ( компас,compass [кампәс])

2.Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады.   ( магнит, magnet [магнет])

  1. Көкке қараған, жұлдыз санаған.

(телескоп, telescope [телискоуп])

4.Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды   ( сағат,часы, clok [клок])

 

Жүргізуші: Осы турдың қорытындысын әділқазылар алқасынан сұраймыз.

5-тур: Логикалық сұрақтар.  Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1.Бір күні есек пілдің, түйенің және жирафтың массасын білу үшін таразыға тартты. Сонда олардың жалпы массасы 6160 кг болды. Таразыда түйе мен жираф қалғанда таразы 1151 кг-ды көрсетті. Ең соңында таразыда бір ғана жираф қалғанда, оның массасы 475 кг болды. Піл мен түйенің салмағы қанша?

Жауап: Түйе 676 кг, піл 5009 кг

2.Дүние жүзінде көп тараған сұйық (су)
3.1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр. ма? (Тең болады)
4. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала? (7 қыз, 1 ұл)
5. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық)
6. Ұшақ Семейден Астанаға дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады Айырмашылығы қандай? (айырмашылық жоқ)

Жүргізуші: Енді сайысымыздың ең шешуші кезеңі

 «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталатын тәжірибелік кезең. Сайыста қалған екі оқушымыздың тапқырлығын, білімділігін физикалық тәжірибе барысында байқап көреміз. Сайыстың шарты: тәжірибені жасайтын сайыскерге сұрақ пен тапсырма беріледі, сол тапсырманы сайыскерлеріміз жеке –жеке өз жауаптарын тәжірибе арқылы көрсетіп, себебін түсіндіруі керек. Ойыншылардың біреуі сыртқа шыға тұруы керек.

Жүргізуші: Үстелдің үстінде теңге, тарелка, стакан, газет жатыр.Жалпақ тарелкаға тиын салынып, оның беттік деңгейінен сәл ғана асатындай су құйылады. Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алуға бола ма?

Жауабы: Қағазды жағып, стаканның ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына  тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады. Мұның себебі, жану кезінде стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады, ішіндегі ауа қысымы, атмосфералық қысымнан азаяды. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.

Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер! –деп, бүгінгі «Ең үздік оқушы» атты білім сайысымызды аяқтай отырып, соңғы ақтық  қорытынды сөз кезегін бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Сатқарова Айгүл апайға береміз.

Жүргізуші: Бүгінгі «Ең үздік оқушы» атты білім сайысының жеңімпазы деп

сынып оқушысы

Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, сайысқа белсене қатысқан оқушыларымызға рахмет айтамыз.