Тәрбие сағаты: «Ұмытылмас ерлік»

376

 

Тәрбие сағаты: «Ұмытылмас ерлік»       

 

Мақсаты:    1.Ұлы  Отан  соғысы , оның  зардаптары,  Ұлы  жеңістің

мән-маңызы  туралы  мағлұмат  беру.

  1. Оқушылардың тіл  байлықтарын,  ойын,  мәнерлеп  оқу

дағдыларын  ұштау.

  1. Отан үшін  жан  қиған  аталар  мен  апалардың,  қазіргі

таңдағы  арамызда  жүрген  ардагерлеріміздің  ерліктерін

үлгі  ете  отырып ,  оларды  құрметтеуге  тәрбиелеу;

отансүйгіштікке,  елжандылыққа,  батылдыққа  шыншыл-

дыққа  баулу.

1  Бөлім.  Кіріспе  сөз.

Құрметті  қонақтар , оқушылар ,  мұғалімдер !

Әрқайсысымыз  үшін  жақын  да  қымбат  мереке  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіс  күніне    санаулы  да  күндер  қалды.

Жеңіске  жету  жолында  қазақстандықтардың  асқан  ерлігі  мен  әскери  жанқиярлығы  Отан  соғысы  тарихындағы  жарқын  беттерге  айналды. Сондықтан  Жеңіс  күні  әрқайсысымыздың  жүрегімізге  жақын.

Өкінішке  орай ,  уақыт  сол  ұлы  оқиғаларға  қатысушыларды  біздің  қатарларымыздан  алып  кетіп  жатыр.  Олар  азайған  үстіне  азайып  барады. Бірақ  ешкім  де,  ештеңе  ұмытпауы  тиіс! Себебі , бұл – біздің  тарихымыз,  біздің  мақтанышымыз,  біздің  даңқымыз!Солай  болғандықтан  да  өскелең  жас  ұрпақты ,  сіздерді  аға  буынның  майдан  мен  тылда  көрсеткен  ерліктері  үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.

Бүгін  біздің  ортамызда  соғыста  ерлікпен  шайқасқан  аталарың  құрметті  қонағымыз  болып  отыр.

 

1-оқушы. Бүгінгі  ашық  тәрбие  сағаты  соғыс  ардагерлеріне,  қайтып  оралмаған  қаһармандарды  еске  алуға ,  бізге  бақытты  бейбіт  өмір  әкелген  Ұлы   Жеңістің  мерейтойына  арналады.

 

2-оқушы.  «Ешкім  де  ұмытылған  жоқ,  еш  нәрсе  де  ұмыт  қалған  жоқ».  Осынау  сөздер  Жеңіс  күнін  мерекелеу  кезінде  жиі  айтылады, осынау  сөздер  соғыста  қаза  тапқандар  ескерткіштері  мен  обелискілеріне  де  қашалып  жазылған.

 

3- оқушы.

Жеңіс  деген  жақсылықтың  сыңары,

Жігер  менен  құштарлықтың  құралы.

Күрескердің  арманы  мен  ұраны,

Қуаныш  пен  мерекенің  бұлағы.

4-оқушы.

Жеңіс  күні – адамзат  аңсап  күткен  күн.Жеңістің  туын  тіккен  1945  жылғы  9 мамыр  азаттық  күрестің  айбынды  күні.

 

5-оқушы.  9 мамыр – Жеңіс  күні  өмірді  сүйер  адамзаттың  есінен  мәңгі  кете ме?  Бірақ  бұл  Жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ.

 

6-оқушы.Оқ  борады күні-түн

Жатты  жерді  от қарып.

Алға  қарай  ұмтылды,

Батыр  қазақ   оқты алып.

 

7-оқушы.Гитлершілдер  соғыстың  бас  кезінде  190  дивизияны, 5  мыңдай  ұшақты, 3700 танкті,  50 мыңдай  қару  мен минометті  шабуылға  шығарды.Жерімізге  басып  кірген  жау  әскерінің  жалпы  саны  5,5  миллион  адамға  жетті.

 

8-оқушы.Осы  сұрапыл  соғыста  жауды  талқандап  Ұлы  Жеңіске  жетуге  қазақстандықтар  да  сүбелі  үлес  қосты. Жүздеген  мың  қазақстандықтар  қолына  қару  алып ,  өз  Отанының  бостандығы  үшін  күресті.

 

9-оқушы.  Қазақстандықтар  Брест  қамалын  қорғады,  Мәскеу  түбінде  өлімге  бас  тікті,  Сталинград ,  Курск  доғасындағы  шайқастарда  ерекше  көзге  түсті.  Берлинді  шабуылдады,  Рейхстагқа  Жеңіс  туын  тікті.

 

Ән.  «Бейбітшілік  сақталады»  ( хор.)

 

10- оқушы.  Туын  жықпай  қолдағы,

Опат  болды  елі  үшін.

Кеудесімен  қорғады,

Азаттықтың  жемісін.

 

11-оқушы . Біздің  халқымыз  қазақтың  батыр  қыздары  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметованың  есімдерін  мақтанышпен  атайды.      Даламыздың  даңқысың,

Балауса  гүл  балғын  қыз.

Жанын  қиып  халқы  үшін,

Жанып  түскен  ақ  жұлдыз.

 

12-оқушы.  Сілкінтіп  зеңбіректер жердің  жүзін,

Оқ  борап  снарядтар  қаққан  да  ызың.

Қаптаған  қалың  жаудан  тайсалмаған,

Мен  көрдім  пилоткалы  қазақ  қызын.

13-оқушы.Халқымыз  Мәскеуді  қайсарлықпен  қорғаған  28  Панфиловшы  батырларды  ғұмыр  бойы  құрметпен  есте  сақтайды.

 

14-оқушы.Қасарысты  жиырма сегіз,

Тынбай  атты  гранатты.

«Отан» деген  отты  лебіз-

Жандарынан  жалын  атты.

Кетпес  олар  естен  мәңгі,

Кектері  тұр  кеудемізде,-

Ерлік  даңқы —  жеңіс  таңы

Жарқыратып  келді  бізге.

 

15- оқушы.  Соғыс  тарихында  асқан  ерлікті  бейнелейтін  бұл  ұрыста  28  Панфиловшының  23-і  қаза  тапты,  28-дің  22-сі  қазақстандықтар  еді.

Орыс , қазақ ,  қырғыздан,

Құрылған  бұл  шағын  топ.

Жауға  үрей  туғызған

Жайпап  түсер  жалын  боп.

Даңқ  қосып  даңқына,

Сұрапылға  төтеді.

Борыштарын  халқына,

Ерлігімен  өтеді.

 

16-оқушы  Жиырма  сегіз, жиырма  сегіз – бір  ғалам,

Анау  жаудың  танктері  лаулаған.

Ресей  кең,  Отан  кең , артымызда  Москва.

Шегінуге  хақымыз  жоқ ,  хақымыз  жоқ  бір  қадам.

 

Ән.  «Ел  қорғауға  әзірміз»    (  ұлдар  орындайды)

 

1-оқушы. Ия,  бұл  Жеңіс оңайлықпен   келген  жоқ. Ұлы  Отан  соғысына  қатысып  ,  ерлік  көрсеткен  Әди  Шәріпов,  Қасым  Қайсенов,  Нұркен  Әбдіров,  Бауыржан  Момышұлы,  Талғат  Бигелдинов,  Рақымжан  Қошқарбаев,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  сияқты  есімдері  аңызға  айналған  аталарымыз  бен  апаларымызды  тарих  бетінде  «Батыр»  деп  жазып  кетті.

 

Мұғалім :  Құрметті  қонақтар ,  соғыста  қаза  болған  батырларымыздың  рухына  бас  иіп  ,  еске  алайық.  ( 1  минут  үнсіздік )

 

2-  оқушы. 1945  жылдың  сәуірі.  Рейхстаг  үстінде  Рақымжан  Қошқарбаев  пен  Григорий  Болатов  тіккен  жеңіс  туы  желбіреді.

 

1-оқушы.  1945  жылдың  9  мамыры. Герман  фашизмінің  күйрей  жеңілген  күні.  Жеңіс!  Ұлы  Жеңіс!

 

2-оқушы.   Сүйінші , халқым  сүйінші,

Сүйіншіге  —  сүйінші!

Шаттан  ата-анамыз!

Шаттан  ата-бабамыз!

 

3-оқушы.   Кек  қайтарып  фашистен ,

Соғыс  бітті  жеңіспен.

Жеңдік  жауды  күресте,

Жасалсын  той  мереке!

 

Хор.  «Ақ  көгершін»

 

4-оқушы.Халық  легі  куәсіндей  елдіктің,

Көптен  бері  осы  күнді  сағынған.

Ардагерлер  осында  отыр  ерліктің,

Медальдарын,  ордендерін  тағынған.

 

Құрметті  қонаққа  сөз.

 

5- оқушы.   Жеңістің  туы  жалтылдап,

Жығылмай  мәңгі  тұрады.

Сол  тумен  өскен  аршындап,

Ерлердің  бізбіз  ұланы!

 

2  Бөлім.   Оқушылардың  шағын  концерті.