«Ел қорғаған – ер баба» атты ардагерлермен кездесу кешінің сценарийі.

130

«Ел қорғаған – ер баба» атты ардагерлермен кездесу кешінің сценарийі.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге ету. Отанын , туған елін қорғай білуге, патриоттыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысындағы қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін паш ету, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың портреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, «Мәңгі от» макеті.

І жүргізуші: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер қара тажал өлімді

Келді міне, күндей жайнап гүл көктем

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

Өткізді олар сызды окопта күндерін

Елестетем қанды кешіп жүргенін

Естігендей болам жаудың шебіне

Атой салған сарбаздардың үндерін

Талай жанды қиды ажал балтасы

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы

Ел қорғаған аталрдың арқасы!

«Шашу биі» орындайтын «Алтынай» бишілер тобы.

ІІ жүргізуші: Армысыздар Отан үшін кеудесін оққа тосып, әділет үшін от кешкен майдангер аталар және ұстаздар, оқушылар.

І жүргізуші: Бүгінгі Ұлы жеңіс  күні Дүниежүзілік тарихындағы сұрапыл соғысқа, алапат айқасқа нүкте қойылған күн. Бүгінгі ұлы мереке – дүниежүзі халықтарына, адам баласына төнген қаратүнек құлдықтан құтқарып, бүкіл әлемге бостандық пен теңдік, бейбітшілікпен зор қуаныш әкелген ұлы да киелі күн. Ұлы жеңістің ақ таңы, жеңіс туын жақындатқан, отты жылдарда атой салып аласұрған, жаумен арпалысқан майдангерлерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық та ерекше. Қарттарын сыйлаған, қарияларын құрметтеген ел осылай етеді.

ІІ жүргізуші:Ортамызға қонаққа келіп отырған ардагер аталарымызды таныстырып өтейік : Айтмағанбетов М, Отарбаев А, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бақаев.

ІІ жүргізуші:

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры  А.Н.Иманғалиеваға беріледі.

І жүргізуші:

Майданда кешкен окопта сан түнеген,

Батыр туған бабалар салтыменен.

Қаруластар ел үшін ұрандаған.

Намыс болып шайқаста алаулаған.

Төбеден қайта заулап оқ борайды

Айналаны ал қызыл отқа орайды

Жеңіс үшін жастығын берген ерлер,

Бейбіт өмір, еліне төкті орайды.

Ортамызда қонақта отырған ардагер аталарымызғасөз береміз Айтмағанбетов М,Отарбаев А , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бақаев.

 

 

 

ІІ жүргізуші:

Республикалық Мұқағали «Жырлайды жүрек» оқулары конкурысының Тоқсын Құлыбеков атындағы атындағы сыйлықтың иегері Тимур Әділбектің орындауында «Бала шақтан болашаққа»

І жүргізуші:

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіретті, ащы азабы, тәтті арманы, ой – қиялы сыйып жатыр.

Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар».

 

 

 

 

Әнін орындайтын 8а сынып оқушысы Жұрынбай Бақытжан.

ІІ жүргізуші:

Кешегі өткен ерлерді

Ертеңге қалай апарам

Құлағымнан кетпейді

Қатал жылдағы, қатал ән

«Кестелі орамал» орындайтын музыка пән мұғалімі А.Б.Токкожина.

І жүргізуші:

Тарихтың тасқа жазған хаты мәңгі

Бетінде ұлылырдың аты қалды

Солардың қайсарлығы қуат беріп

Солардың өшпейтұғын аты қалды – дей келе біздің бақытымыз, күміс күлкіміз, асқақ әніміз үшін омырауын оққа тосып жас өмірін қиған боздақтарымызға,ардагерлерімізге арнап жолдағалы отырған ШБҰ – ның оқушыларының дайындаған ән – жырларын қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші:

Тверьдің орманы жас, жері кәрі

Санайды ата – қоныс жұрттың бәрі

Сол жерде Әлияның қаны сіңген

Соғып тұрмерген қыздың жүрегі әлі

«Әлия» орындайтын 9ә сынып оқушы  Еділбаева Жұлдыз.

І жүргізуші:

Аяулы жер атыңнан айналайын

Жастығыңды жоғалтпа жайна дәйім

Зырылдай бер біздің алып болашаққа

Дөңгелей бер жастығым, дәурен айым.

«Алға қазақ жігіттері» Орындайтын: 8а сынып оқушысы Жұрынбай Бақытжан.

ІІ жүргізуші:

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл – сәл кең бұра

Нағыз қазақ, қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра

С. Тұрысбеков. «Көңіл толқыны» орындайтын Халықаралық «Ақкөгершін» байқауының дипломанты Әбенова Камила.

І жүргізуші:

Жер – Анамыз жасайды тарлық бізге

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде

Қайталанып, жаңарып айтылады

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде

Ән «Отан» орындайтын аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы 8а сынып Өтемісова Динара.

ІІ жүргізуші:

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Құтты болсын бүгінгі жеңіс күні

Болмасын еш уақытта соғыс өрті

Тыныштық пен арта берсін әрбір таң

Жайқалып жасай берсін қазақ елі

І жүргізуші:

Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ бізге бұйырған бақыт сіздердің ерліктеріңіздің арқасында келген еді. Біз сіздердің алдарыңызда бас иеміз, сіздерге бізге бүгінгі бейбіт күнде де жол салып келесіздер.

Жыл өткен сайын сол соғыстың жаңғырығы алыстап бара жатса да біз сіздерге қарыздармыз.

Желбіреген жеңістің 70 жылын көруге бұйырсын. Өмірлеріңізде мейірлі де шуақты күндер көп болсын деген тілекпен бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз.