«Қасиетті жетілік»

53

 

Тақырыбы: «Қасиетті жетілік»

 

Мақсаты: Технология сабағынан үйренген, алған білімдерін көпшілікке

көрсету және қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, келешек

ұрпаққа үйрету, мақал – мәтел айту, жұмбақтар шешкізу.

Тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Түрі: сайыс

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қолөнер бұйымдары

 

Жүрісі:

 

Жүргізуші:

Бүгінгі сайысқа қатынасушы оқушыларды ортаға шақырайық.

 

5 «а» сыныбы Махмут Назым

5 «а» сыныбы Сәндібай Гүлімшат

5 «ә» сыныбы Сайфолла Гүлназ

5 «ә» сыныбы Сағызбай Назерке

5 «ә» сыныбы Өтеген Іңкәр

5 «б» сыныбы Жұмат Әсем

5 «б» сыныбы Қарасай Көркем

 

Сайыстың өту шартымен таныстырып өтейін. Сайысқа 7 оқушы қатынасады. Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын аз ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығып отырады.

 

1-кезең 7 оқушы жұмбақ шешеді

2-кезең 6 оқушы мақал-мәтел жалғасын табу

3-кезең 5 оқушы дайындаған қолөнер бұйымдарымен таныстырады

4-кезең 4 оқушы ұлттық тағам түрлерімен таныстырады

5-кезең 3 оқушы «Қасиетті жеті» санынан тұратын сұраққа жауап беру

6-кезең 2 оқушы құрақ құрау

7-кезең 1 оқушы сұраққа жауап беру

 

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазыларымызды сайлап алайық.

Технология пәнінің мұғалімі-Сиықова Ақзада

Технология пәнінің мұғалімі-Қонысова Гүлнар

Оқу ісінің меңгерушісі-Мырзашева Гүлсім

Оқу ісінің меңгерушісі-Бейішева Сара

Құрметті ойынға қатынасушылар сіздерге сәттілік тілейміз.

 

1-кезең. Жұмбақтар шешу

 

  • Тау-тау ақ қар, ерімейді ыстықта (мақта)

 

  • Тұтқасыз таба жай,

Ұнатады көп апай                 (оймақ)

 

  • Інді көп-ақ қазады, өзі жіптен қашады (біз)

 

  • Іші мақта, тысы мақта,

Арасы мақта, төртбұрыш.

Сырты қабылған,

Жатуға табылған.

Бұл не?                 (көрпе)

 

  • Құрып қойып өрмегін,

Ұршықтарын ойнатып,

Сәнді мата өрнегін,

Жасайтын кім жайнатып?              (тоқымашы)

 

  • Қос таяқ, бастары дөңгелек.

Тұтасты жасайды бөлек-бөлек                (қайшы)

 

  • Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,

Аузына тістегені темір таяқ.

Бір ұрсаң шапалақпен семіреді.

Белбеуі бар белінде толып жатқан.                           (ұршық)

 

  • Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді                      (ине)

 

  • Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.

Аузын аждаһадай ашқан кезде

Бөлектеп атып тастар ішкен асты                     (қайшы)

 

  • Адамға сонша пайдалы,

Басында сонша көзі бар                                    (оймақ)

 

  • Әлемді 18 мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді                     (ине)

 

  • Кіруге адам батпайды,

Аман – есен сақтайды                               (сандық)

 

  • Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады                                    (пияз)

 

  • Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да, қар емес,

Шешуін кім табады                                  (сүт)

 

Ал енді әділқазылар алқасы, ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншыны қошеметтеп шығарып салайық.

 

2-кезең. Мақал – мәтелдердің ұйқасын табу

 

  1. Еңбек оның ішінде өнерлі (еңбек) бақыт

 

  1. Өнерлінің он саусағы (тең)

Өнерсіздің бір саусағы (кем)

 

  1. Алтын балта (қол) сәні,

Әшекей кесте (тон) сәні

 

  1. Алтын (балтаның) сабы да ағаш

 

  1. Көрнекті ісің (үлгі) болады,

Көрнексіз ісің (күлкі) болады

 

  1. Өнерлінің (қолы) алтын,

Өлеңшінің (сөзі) алтын

 

  1. Қыздың шебер боларын (бармағынан) танырсың

 

  1. Өнер тамған он саусақ таусылмайтын (ырысың),

Өнері жоқ он саусақ бар болмай-ақ (құрысын)

 

  1. Қол өнері (кілемде)

Сөз өнері (өлеңде)

 

  1. Киім пішсең кең піш (тарылтуың) оңай,

Темір кессең қысқа кес (ұзартуың) оңай

 

  1. Адам көркі – (шүберек),

Ағаш көркі – (жапырақ)

 

  1. Істі ине тікпейді, икемді (қол) тігеді

 

Енді осы екінші кезең бойынша ең аз ұпай саны бар ойыншыны қошеметтеп шығарып салайық.

Қандай жақсы майысып тұрғандарың

Бойыңа жиғандай өнер бағын

«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой,

Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын

3-кезең бойынша дайындаған қолөнер бұйымдарын таныстырады.

 

1-оқушы

2-оқушы

3-оқушы

4-оқушы

5-оқушы

 

Ал енді, әділқазылар алқасы, ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншымызды қошеметпен шығарып салайық.

 

4-кезең бойынша ұлттық тағам түрлерінің біреуіне тоқталып, дайындалу жолдарын айтады.

1-оқушы

2-оқушы

3-оқушы

4-оқушы

 

Осы төртінші кезең бойынша ең аз ұпай жинаған ойыншыны қошеметтеп шығарып салайық.

 

5-кезең. «Қасиетті жеті» санынан тұратын сұраққа жауап беру.

 

  1. Жеті жұт дегеніміз не?

(құрғақшылық, топан су, жер сілкіну, өрт, оба, жұт, соғыс)

 

  1. Жеті атаны ата

(ата, әке, бала, немере, шөбере,шөпшек,немене)

 

  1. Жеті қазынаны ата

(ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, берен мылтық)

 

Енді осы бесінші кезең бойынша ең аз ұпай саны бар ойыншыны қошеметтеп шығарып салайық.

 

6-кезең. Құрақ құрау.

Берілген түрлі-түсті қағаз қиындыларынан «Жұлдызша» құрағын құрау.

1-оқушы

2-оқушы

Сайыскерлер құрақты құрап болғанша «Аса таяқ» биін тамашалайық, орындайтын 5 «б» сынып оқушысы Қойшығали Бақыт

 

Ойыншыларымыздың ұпай санын есептеп, ең аз ұпай жинаған ойыншымызды қошеметпен шығарып салайық.

 

7-кезең. Сұраққа жауап беру

 

  1. Дастарқанға әкелетін ең қадірлі ас (нан)

 

  1. Адамға есім ретінде қойылатын маталардың атауын ата

(мақпал, жібек, қырмызы)

 

  1. Үй жиһаздарын жасауда жиі қолданатын ою-өрнекті ата (қошқармүйіз)

 

  1. Жеті санына қатысты қандай мақал-мәтел білесің?

 

  1. Жеті күнді ата

(дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

 

 

Сайысымыздың соңғы кезеңі бойынша ең озық ойлы ойыншымыздың жинаған ұпай санын есептеп, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын құттықтаймыз.