Мерекелік көңілді тапқырлар сайысы

32

 

Мерекелік көңілді тапқырлар сайысы

 

8-сыныптың «Қарлығаш» тобы

«Қарлығаш» тобының таныстыруы

Парам, парам падишасымыз көктем айының

Хабаршысы көктемнің қарлығашыңмын

Тарам, тарам сулар ағады, қалың қар кетіп

Сайра, сайра, сайра, қарлығаш болып

/ағашқа қонақтап отырады./

Біз Қарлығашпыз

Достыққа адалмын

Бұзып өтемін қара ниеттің қамалын

Қанатыммен су сеуіп, қуаныштың жеткіземін самалын

Мейірім мен бейбітшілік тілеймін, мерекесіне анамның

Әділдік туымын тәуелсіз ен даламның

Додасында өнердің жұлдыз болып жанамын

Қарлығаштай өмірден өз бағамды аламын

 

ӘН /Шоқ қыздар әуенімен/

Ал, қанекей, қыздар, қыздар

Қарлығаштай біз бар, сіз бар

8-ші наурызда мерекені қостар, достар на-на –ней

Көктемнің әсем әніндей

 

Шұғынық пен гүлдер тобы

Қуыршақтар болған моды

Әділқазы бағалайтын

Ашық болсын жомарт қолы на-на –ней

Көктемнің әсем әніндей

 

Қайырмасы

Ал Қарлығаш оттай болып

Қол тигізбес шоқтай болып жанады-ей

Қарлығаштар жалт-жұлт етеді сағымдай

Өкпетінің аппақ қарындай  ай-ай-ай

 

Еңілік пен Бәлөк, Бико

Толғанай мен Мако, Жако

Шыққан кезде бұл сайысқа

Құрбыларым қалып қалма на-на –ней

Көктемнің әсем әніндей

 

Қайырмасы

Ал Қарлығаш оттай болып

Қол тигізбес шоқтай болып жанады-ей

Қарлығаштар жалт-жұлт етеді сағымдай

Өкпетінің аппақ қарындай  ай-ай-ай

/билейді/

 

  1. Үй тапсырмасы «Жан жылуы» композициясы

— Ана  әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын аямаған ардақтысы.

Ана-жүрек, жүректі құдіретте,

Ана-тірек , тіректі құрметте.

Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жжет,

Ана-күнің, күніңе табынып өт.

Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы-ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді жұбатады. Біздің бүгінгі сіздерге ұсынып отырған жұмысымыз «Жан жылуы»композициясы . Сіздердің де жүректеріңіз жылылыққа, мейірімділікке, адалдыққа нәзік гүл сезімге, әсемдікке толы болсын деп осы жұмысымызды ұсынамыз.

 

  1. Сахналық көрініс мерекелік «Таң шолпан» бағдарламасы

Жүргізуші /Толғанай/:

-Қайырлы таң құрметті көрермендер! Бүгінгі мерекелік «Таң шолпан хабарын бастаймыз. Бүгін «Өкпеті» мектебінде «Ал қанекей,қыздар» сайысына қатысып жатқан біздің «Қарлығаш» командасына сәттілік тілейміз.

Бүгінгі біздің сұрағымызға назар аудара отырыңыздар. Ол сұрақ телевизордың төменгі жағында шығып тұрады. Ол сұрақты қайталай кетейік. Қарлығаш сізге ұнай мА? Бұл сұрақтың нәтижесін хабар соңында хабарлайтын боламыз.

Біздің хабарымызда «Азандағы аэробика», «Ырым-жырым»ырымдар, және «Өркениет қазақтан тараған» атты айдарларды көріп тамашалайсыздар. Ендеше бізбен бірге болыңыздар.

Қазір «Азандағы аэробика» айдарына кезек береміз.

«Азандағы аэробика»

Қайырлы таң, қымбатты қыз-келіншектер! Сіздерге арналған таңертеңгілік қимылды жаттығуымызды бастаймыз.

Секіріп тұрып сергек қалпыңызда ас үйден табылып, бүйір таяна бір орында секеңдеп, біраз секіріп алыңыз. Іле-шала тізе бүкпей еңкейіп ,ілгері кейінді серпіліп, іле тоңазытқышты ашып, одан екі-үш тал жұмыртқаны ала шығыңыз. Кеудеңізді тіктеп, газды қосып, табаққа жұмыртқаны жарып, қабығын қоқыс ыдысқа сылқ еткізе сала, о бастағы жаттығуыңызды бірден жалғастырып кетіңіз. Ескертеміз-қай кезде де аэробика әуенінен жаңылмауға тырысыңыз.

Қуырылып жатқан жұмыртқаға тұз сеуіп болсаңыз, жаттығуға кірісіп, шәйнеке су толтырып газға қойыңыз.Екпін ырғаңызды бұзып алмаңыз

Бұл жаттығу-«ояту» деп аталады.Ас үйдегі әуен ырғақпен ырғала көрермендердің қйшылған қолыңыздың алақандарын біріктіріп, құлақ тұсынан шапалақ соғыңыз.

Жүргізуші;/ Толғанай /:

Жаңағы шапалақтан оянған көрермендерге «Қайырлы таң» дей отырып, бірнеше «ырым-жырым» ырымдармен  танысайық дейміз.

Бибінұр:

  1. Бүгін қыздар арасындағы сайысты көруге барар болсаңыз шұлығыңызды теріс киіп алыңыз. Сіз жақтаған командаға оң жол болады.
  2. Үйден банка алып шығуды ұмытпаңыз. Бүгінгі сұрағымыз Қарлығашқа байланысты болғандықтан біреу «Қарлығаш» командасына ішек тартып, таң қалса «тіфу, тіл көз бәнкіге» деп жинай беріңіз.

Ырымдарға сену керек . Сіздермен  болған мен Бибінұр-Қарлығаш

Жүргізуші;/ Толғанай /:

Келесі айдарымыз «Өркениет қазақтан тараған» деп аталады.

Еркежан:

— Өркениет Қазақстан тараған.

Қазір ХХІғ- атом ғасыры , барлық қызметті техника атқарады.Бірақ тарихқа жүгінсек, атамыз қазақ баяғыда-ақ осының барлығын ойлап шығарып, пайдаланып та жүрген. Мысалы….

ҚАЗАҚИ МИКРОВОЛНОВКА

Бір табақты аласыз, оның үстіне екінші табақты жабасыз. Үстін әдемілеп отырып қоламтамен жабасыз. Ішіндегі нан піскенде апаң «әй, жүгірмек, анау күйіп барады» деген дыбыс шығарады.

МАГНИТАФОН

Ешқандай дыбыс күшейткішсіз- ақ дауысы көрші ауылға естілетін магнитафондар қазақтарда көп болған. Әсіресе, халық арасында кеңінен танымал болған маркалары: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса т.б.

МҰЗДАТҚЫШ

Ертеде қазақтар жер үйде тұрған. Сол үйдің терезесінен немесе киіз үйдің іргесінен азық салынған дорбаларын қыстың күні шығарып қойса, ешқандай да бұзылмайды. Мұндай тоңазытқыштарды осы күнге дейін жатақханаларадан көруге болады.

ТЕЛЕВИЗОР

Қазақтарда телевизор сонау заманнан-ақ болған. Киіз үйдің іргесін түріп қойып ауылдың тірлігін бақылап жатсаңызодан комедияны да трагедияны да сериал түрінде көруге болады.

ҚЫСҚАСЫ, ӨЗІМІЗДІҢ АҚЫЛДЫЛЫҒЫМЫЗҒА, КЕМЕҢГЕРЛІГІМІЗГЕ ЕШ ШЕК КЕЛТІРМЕГЕН ДҰРЫС БОЛАР. Ең бастысы, осы жетістіктерді сәтімен пайдалан білсек болғаны.

Сіздермен бірге болған мен Еркежан – Қарлығаш. Арнайы «Таң шолпан» бағдарламасы үшін.

 

Жүргізуші;/ Толғанай /:

-қайырлы таң, құрметті көрермендер. Таңғы айдарымызыды таңғы әуенмен жалғайық . Бүгін біздің студиямызда қонақта «Ерке» тобы

-сіздердің топтарыңыздың неліктен «ЕРКЕ» аталғанын түсіндірсеңіздер .

— үйде мамамызға еркеледі,

Мектепте мұғалімдерге еркеледік

Содан тобымыздың атын «Ерке» дедік

— Қарлығаш туралы өлең айттыңыздар. Оның себебі бар мА?

— бізге сауысқан, торғай, шымшық ұнамайды. Қарлығаш-қасиетті, киелі құс, көктем жаршысы дегендей…. Қарлығаш туралы постоянна айта береміз.

— Қарлығаш туралы тағы қандай жоспарларыңыз бар?

-Нұр-Мұқасан тобы айтатын «Қос Қарлығаш көктемде» деген әні бар ғой , сол әндінегізінен өңдеп, бейнебаян түсіріп, біз айтпақпыз.

Міне былай :

Үш Қарлығаш көктемде

Сағындырып жеткенде

Жүлделі боп қайтсақ дейміз

Келмей бекерге

Арайлансын ақ таңдар

!Қарлығашты» мақтаңдар

ҚадірлегенТөле би де

Есте сақтаңдар , сақтаңдар

 

Жүргізуші;/ Толғанай /:

-енді телевизорларыңыздың төменгі жағындағы сұрақ нәтижесін шығарсақ. «Қарлығаш ұнай мА? Сұрағына «иә, керемет» деген жауап 101%болды. Тіпті әділқазылар алқасынан да жеке 80%жауап түсіп тұр.

«Күнім», «жаным» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан аналар

Мұны біле бермейді

Бізде кейбір балалар

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Аяулы біздің аналар!

Сіздерге, көрермендерге мерекелік көңіл-күй тілейміз,

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.