Ғарышқа саяхат (Сахналық қойылым)

113

Мақсаты: Оқушылардың Ғарыш, Әлем туралы ұғымдарын қалыптастыру, галактикалар, Күн, жұлдыздар, Ай, Жер, планеталар жайлы мағлұматтар беру, сонымен бірге оларды актерлік шеберліктерін, өнерге деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Дайындық барысы: Сахналық қойылым. Сахналық қойылымға қатысушылар —  мектептің 8-сынып оқушылары. Сахналық қойылым фантастикалық жанрда.

Қатысушылар: Қиялшыл қыз – Аятбек Айдана

Қиялшыл қыздың достары – Төлепберген Ақерке, Божбанбай Күләш, Жаппарсадық Мереке.

Бөгде планеталық – Мұсабеков Бауыржан

Оқушылар – Жұман Бақытжан, Батырбек Құрманғазы, Түлкібай Оразбай.

Барысы: (Мектептен үйге қайтып бара жатқан топ-топ оқушылар. Оқушылар арасынан бір қыз жүгіріп шығады. Ол көзін жұмып, екі қолын құстың қанатындай жайып жүгіреді.)

1-қыз: Мен ұшып бара жатырмын!!! Ұшып бара жатырмын!!!

2-қыз: Біздің осы қыз қиялдайды да жүреді. Қазір бір жерге құлайды. Сосын өзі-ақ қояр.

3-қыз: Шыныменде құлап қалатын шығар. Тоқтатайықшы оны. Тоқташы, құлайсың ғой!

4-қыз: Тоқтатсақ тоқтатайық. Тоқташы-тоқташы!!!

(Ол тоқтап, қыздардың тобына келіп қосылады)

1-қыз: Қыздар сендер маған қияли деп күлесіңдер. Маған сенбесеңдер өздерің көздеріңді жұмып, қолдарыңды құстың қанатындай жайып бір мезгіл өздеріңнің ішкі ойларыңды жинап, мен ұшамын деп айтып көріңдерші. Сендерде мен сияқты ұшасыңдар. Сонау алыстағы ғарышқа, жұлдыздарға, айға ұшасыңдар. Қане, қыздар, бәріміз бірге жасап көрейікші.

Қыздар: Көрсек көрейік. Онда тұрған не бар екен.

(Қыздардың бәрі көздерін жұмып, қолдарын құстардың қанатындай жайып, бір мезгіл ішкі ойларымен арпалысып, дауыстарын шығармай мен ұшамын деп іштей айқайлады. Міне,  тамаша, олар ұшты да. Қыздар сонау өздеріне беймәлім ғарыш әлеміне ұшып келді. Олар көздерін ашқан кезде айналадағы әлемнің бәрі өзгерген еді. Өз көздеріне өздері сенбеген күйде қыздар ауыздарын ашып тұрып қалды.)

3-қыз: Қыздар бізге не болды. Мен түс көріп тұрған жоқпын ба?

1-қыз: Міне, сендер маған сенбеп едіңдер. Енді көздерің жеткен шығар.

3-қыз: Қыздар, енді не істейміз. Біз осы жерде мәңгі қалып кетсек не болады? Қыздар, қыздар, қорқамын!!!

Қыздар: Қоя тұршы алдын-ала жамандық шақырмай.

4-қыз: Бізге біреу жақындап келе жатқан тәрізді. Қыздар естимісіңдер.

(Қыздар біруақыт үнсіз қалып тың тыңдайды. Осы кезде аяқтың дыбысы шығып, қыздарға қарай бөгде планеталық жақындап келе жатады.)

Қыздар: Шынында да адамның аяғының дыбысы шығады.

(Қыздар өз-өздерімен жамырап тұрған кезде бөгде планеталық бұлардың қасына келіп те үлгереді.)

Бөгде планеталық: Ооо, біздің планетамызға адамдар қонаққа келіпті ғой. Қош келдіңіздер!!!

(Қыздар бір-бірінің артына тығылып, бөгде планеталыққа үрке қарайды.)

Бөгде планеталық: Қорықпаңдар, қыздар. менің сендерге еш зияным тимейді. Бізде өздерің сияқты қонақжаймыз. Біздің планетамызға адал көңілмен келген қонақтарға еш зиянымыз жоқ. Әсіресе өздерің сияқты оқушыларға.

1-қыз: Ал сіз біздің оқушы екенімізді қайдан білдіңіз?

Бөгде планеталық: Біз сендер туралы бәрін білеміз.

2-қыз: Шынымен де ме? Ал сіз жерден ғарышқа ұшқан ең бірінші адам жайлы да білесіз бе?

Бөгде планеталық: Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде. Ал алғашқы жер серігі 1957 жылы 4 қазанда Королев бастаған ғалымдар көмегімен ғарышқа  ұшырылған болатын. Ғылымға ғарыш ұғымын енгізген ғалы Циолковский болды. Ол тек ғарыш ұғымын ғана енгізіп қойған жоқ, сонымен бірге кеңес дәуіріндегі зымыран құрастыруды практика жүзінде іске асырған болатын.

3-қыз: Ғарыш дегеніміз не?

Бөгде планеталық: Жерді қоршаған бүкіл дүние — Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Жер де Әлем денесі. Ғарыштың құрамдас бөліктеріне: жұлдыздық жүйелер – галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-тозаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады.

4-қыз: Ал менің білуімше. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. Планета грек сөзінен шыққан, мағынасы адасушы жұлдыз дегенде білдіреді. Планеталар — өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқыт жылтырап көрінеді.

3-қыз: Менде айтайыншы!!! Менде. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета – Плутон, ал ең үлкені – Юпитер. Құдай атымен аталмаған жалғыз планета – Жер. Күн жүйесіндегі ең ыстық планета – Шолпан. Шолпанда күн батыстан шығып, шығысқа батады. Жерден құралсыз көзбен қарағанда көрінетін планета – Уран.

Бөгде планеталық: Ия, балалар, өздерің бір білімді, ақылды, керемет екенсіңдер. Ал, сендер білесіңдер ме? Меркурийдегі жарты тәулік жердегі бір жылдан екі есе ұзақ. Шолпандағы тәулік жердегі жылдан ұзақтау.

1-қыз: Менің білуімше Ай Жерден 80 есе жеңіл. Ал күннен келетін жарық жерге 8,5 минутта, айдан 1,3 секундта жетеді екен. Себебі жарық жылдамдығы секундына 300000 км жылдамдықпен таралады. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі – Галактиканығң бір шетінен екінші

шетіне жарық 100 мың жылда әрең жетеді.

3-қыз: Менің түсінбейтінім жердің жасанды серіктері бізге не үшін қажет.

Бөгле планеталық: Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен

қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар Жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауаға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдаланылуда.

4-қыз: Кім ойлаған жердің жасанды серіктері деген адамзатқа осынша қызмет жасайды деп. Сіз айтпағаныңызда біз бұдан мүлдем бейхабар екенбіз.

3-қыз: Қыздар біз мына жерде әңгімені айтып тұра береміз бе? Біздің сабақтан қайтқанымызға біраз уақыт болды. Бізді үйдегі ата-аналарымыз іздеп қалған шығар. Қайтпаймыз ба?

2-қыз: Сен қайтамыз дейсің. Біз қалай қайтамыз. Біздің ғарыштық кемеміз жоқ қой. Мініп алып ұшып жүре беретін. Бәрі сенің кінәң.

1-қыз: Сен де бір бірдеңе болса, мені кінәлап шыға келеді екенсің. Аулақ жүрші менен.

Бөгде планеталық: Қыздарым-ау ұрыспасаңдаршы. Болмашы нәрсеге бір-біріңе ренжімеңдер. Сендер дос емессіңдер ме? Ал қайту жағын сендер ойламаңдар. Қалай келсеңдер дәл солай кері қайтасыңдар.

(Қыздар көздерін жұмып, қолдарын құстың қанаттарындай жайып, өз ойларымен арпалысып, мен жерге қайтқым келеді деп іштей айқайлады. Көздерін ашқан кезде жандарында бөгде планеталық болмады. Олар өздерінің бастапқы тұрған орындарына қайтып келді.)

1-қыз. Қыздар, қалай ойлайсыңдар бұл керемет болды ғой, иә.

2-қыз: Сенің айтқаның рас болып шықты. Сені кінәлағаным үшін кешір.

1-қыз: Ештеме етпейді, мен бәрін ұмытып кеткенмін.

4-қыз: Қыздар, біз осы әңгімемізді сыныптағы балаларға айтсақ біреу сенер, біреу сенбес, қалай ойлайсыңдар? Күлкіге қалмаймыз ба?

3-қыз: Шыныменде. Енді бұл әңгімені айтпасам шыны керек менің ішім жарылып өліп кетуім мүмкін. Қайтсем екен.

2-қыз бен 4-қыз: Ияяяя, сен сайтпасаң жүре алмайсың. Сенің аузыңа түскен әңгіме ғарышта жүрген жер серіктеріне жететін шығар.

1-қыз: Жооқ қыздар олар не ойласа да біз бәрінде өз көзімізбен көрдік қой? Көрдік. Енді оларды да сендіре білуіміз керек.

3-қыз: Тезірек барып айтайықшы. Әйтпесе менің ішім қазірдің өзінде жарылып кетуге шақ тұр.

(Қыздар өздерінің көргендерін сыныптағы достарына жеткізуге асықты.)