Қош келдің, Әз Наурыз

 

 Қош келдің, Әз Наурыз 

Концерт уақытында слайд жүріп жатады

Көңілді күй ырғағымен ортаға жүргізушілертөмендегі өлеңді  мәнерлеп  шығады

 

Жүргізуші:

Кел, наурызым, шық төріме думандат,

Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,

Халқым да бір жадырасын сайрандап.

Жүргізуші:
Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,

Қырға шығар, жамағатты жетелет.

Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,

Наурыз келген, көктем келген екен деп.

Жүргізуші:
Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

Жүргізуші:

Көргенге қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгенде жаз әуені

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызым құтты болсын қазақ елі!

Жүргізуші: Өзінің  ақ бата, игі тілегімен ортаға мектеп басшысы Айгүл Зейноллақызын шақырамыз.

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын, ағайын !

Ән «Шақырады көктем»

Салт-дәстүрге байланысты әр сыныптың түсірілген видео-презентациясы

Концертке жиналған қонақтардың (ата-әжелердің) ақ батасы 

Ән «Нұрлы көктем»

 

 

 

 

Жүргізуші:

 

 

Ал халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Қошеметтеп ортаға

Наурыз аруыны шақырайық

 

Әдеби монтаж

Ән «Наурыз тойы»

Би «Қамажай»

Ән  «Шашу»

Бейбітшілік биі

Ән «Наурыз-думан»

Көңілді күй ырғағымен дефиле(қазақтың ұлттық киімдері)

Ән «Наурыз»

 

 

Жүргізуші: «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, «Қыдыр атадан» бата күтеміз.  

 

Наурыз бата:

Көл жиналып тамшыдан

Теңіз толсын қаңсыған !

Құт-береке кетпесін

Диқан менен малшыдан !

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі-бақи жаппасын!

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын!

Бүлдіршіндер көбейіп,

өркендей берсін жеріміз !

батыр туған ерлермен

көркейе түссін еліміз!

Әумин!

Жүргізуші: Осы айтылғандар бір Алланың құлағына шалынып, періштелер «әумин» десін!

Жүргізуші:  Қадірменді халайық,

 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен думанымыз аяқталды.

 

Әр сынып өз мерекелік дастарханға барады.