Мұхтар Шаханов «Шың басындағы оқиға» немесе махаббатқа сатқындық.

62

 

Мұхтар Шаханов «Шың басындағы оқиға»

немесе махаббатқа сатқындық.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік: оқушылардың бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттеріне қозғау салу үшін заманымыздың заңғар ақыны М.Шахановтың поэмасының астарлы мағынасын түсіну.
  2. Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе отырып, дәлелдей білуге баулу; жолдастарының пікірін салмақтықпен пайымдауды дамыту.
  3. Тәрбиелік: пікірталас арқылы өнеге мен тәрбиені неден алу керектігін үйрету;  адамдық қасиеттерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: видео, презентация, интерактивті тақта, тақырыпқа сай нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин.

Мұғалімнің сөзі, сабақтың мақсатын түсіндіруі, пікірталастың ережесімен таныстыруы.

Махаббат оқ дейді,

Махаббат шоқ дейді,

Енді бірі махаббат жоқ дейді.

Махаббат жалын дейді,

Махаббат малым дейді,

Махаббат арың дейді,

Махаббат жаным дейді.

  • Иә, тағы да махаббат. Адамзат пен бірге жаратылып, адамзатпен бірге өлетін мәңгі тақырып – ұлы махаббат туралы миллион рет жазылған шығар. Жер бетінде қанша миллиард адам болса, жердің астында қаншасы… Солардың әрқайсысында өзінің дара махаббаты бар – дей отыра бүгінгі сыныптан тыс сабағымыз осы махаббат тақырыбына арналады.
  • Бүгінгі сайысымыздың әділ өтуін қадағалайтын қазылар алқасымен таныстыру. Қазылар алқасы әр топты жауаптың ұтымдылығына, пікірдің дәлелдігіне қарай бағалап отырады. Топ қоржынына әрбір ұтымды, дәлелді жауабы үшін ұпай салып отырады. Қай топтың ұпайы көп, сол топ жеңіске жетеді.
  • Енді бүгінгі пікірталастың ережесімен таныстырсақ.
  1. Бір-бірінің сөзін бөлмеу.
  2. Жолдастарының пікіріне сыйластықпен қарау.
  3. Регламент сақтау………………………………………………………………………..

ІІ Пікірталас бөлімі.

  • Топтардың «Өзін-өзі таныстыруы» (топтың аты, ұраны, презентациясы) 5 мин.
  • Махаббат деген – қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.

Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері,

Ғашық болу келсе кімнің қолынан

Әлем соған сенеді.

Құлай сүю – ерлікпен тең себебі! – дегендей, тақырыпқа кіріспе ретінде көріністі тамашалайық.

  • Пікірталастың айғақтары және қарарлары.

Жақтаушылар: 1. Сатқындық болған жоқ, бұл- өмірге құштарлық.

  1. Өмір бір-ақ рет беріледі.

Даттаушылар: 1. Күйе жақты ата-баба салтына,

                                Сатқындықтан жиренішті не болмақ…

  1. Махаббат емес -сатқындық.

— Ортаға екі топтың скиперлері шығып, өз тұжырымдарын қорғасын (4 мин).

— Топтардың өзара пікірталасы (7мин).

— Сіздерге көмек ретінде ғалымдардың махаббатқа беретін анықтамасын тыңдайық.

— Топ басшыларының сайысы.

№1 Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

№2 Мәңгілік махаббат бар ма?

№3 Қазіргі жастар заңды некеден неге қашады?

№4 Екі жас бірін-бірін сүйгенде ата-анасының көзқарасымен санасуға бола ма? (6 мин)

  • Нақыл сөздер сайысы (5 мин)

Қазылар алқасы өздерінің шешімдерін айтып, ойларын ортаға салады (2 мин).