Ғажайып инфо-математика алаңы. (танымдық ойын)

53

 

Ғажайып инфо-математика алаңы.

(танымдық ойын)

1-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар

Мына бізге қараңдар!

Мінеки, залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк.

2-жүргізуші: Мұны біз де қоштаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Математика, информатика жайында

Ойын-сайысты бастаймыз!

1-жүргізуші: Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Босқа қарап жүргенше,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

2-жүргізуші: Апталық басталғалы

Ұмыт болғанды еске салды.

Қиын да болса, қызық сабақ

Жұмыс істетейік бастарды.

1-жүргізуші: Архимедтей жаңалық ашар

Болса үміткер, осы ойынға үлес қосар

Ұлы ғалымдар ізін басар,

Біздерде жоқ па талапкер?

Кірісейік жұмысқа,

Ойнаңыздар! Ойлаңыздар!

2-жүргізуші: Демейін заман сөздері

Түбі бүгін өзгерді.

Бағыңды сынап сайыста

Көрінетін кез келді, — дей келе бүгінгі «Ғажайып инфо-математикалық алаңы» атты танымдық ойынына қатысушы 9-11 сыныптар арасынан іріктеп алынған оқушылардың ішінде І-турға қатысушы ойыншыларымызды ортаға шақырайық:

№1. 9класс. Көшкінбаева Гүлімай

№2. 10класс. Шарылханова Жазира

№3. 11класс. Бекқұлова Ақиіс.

Сондай-ақ,барлық ойыншыларымыздың жинаған ұпай сандарын саралап отыратын әділ-есепшіміз химия пәні мұғалімі-Жұмақұлова Г, биология пәні мұғалімі-Балықбаева С.

Олай болса, ойынымызды бастайық. І-турдың тапсырмасы мынадай:

«Бұл математиктің шын өз аты Монтий теляшин. Ол 1669 жылы 9 маусымда Тверь губерниясының Оспамново деревнясында қарапайым шаруа отбасында туған. 1694 жылы ол Мәскеуге келеді. Содан соң, астанада боярь балаларына сабақ беріп, педагогтық қызмет атқарады. Оның шебер мұғалім екені бүкіл Мәскеуге жайылады. 1700 жылы ІПетр патша Мәскеуде сондай дарынды, білгір, еңбексүйгіш орыс мұғалімі бар дегенді естіп, Кремльге алдырып әңгімелеседі. Ол әңгімеге қатысып отырған қызметкерлеріне: «Мына кісі зор білімді және ақылды адам екен, әңгімелескен кісіні өзіне баурап алады» депті. Сондықтан сый ретінде оған бір өзгеше фамилия беруге бұйырады. Ол сол фамилиясымен ұлы математиктер қатарына енеді. Осы математиктің ІПетр берген фамилиясын тап»

М а г н и ц к и й

Егер ойыншы қатарынан үш әріпті дұрыс тапса, екі қобдиша әкелінеді. Бірі бос, екіншісінде – ұпай саны бар парақ.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап отыру жараса ма?

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласың бар жеңіске, — дей келе көрермендер ойынына кезек берейік.

Қай кластың ойыншылары белсенді болса сол кластың ойыншыларына ұпай жазылады.

  • Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі

Бір күн бар да, бір күн жоқ

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті   (Пернелік)

  • Ең кіші өлшем бірлік? (бит)
  • Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)
  • Бөлшектен бөлініп шықты, жүбен уәдесі мықты (пайыз)

ІІ-ТУР:

№1. 9класс. Қылышбаева Гүлзира

№2. 10класс. Неталина Шамшырақ

№3. 11класс. Аязова Жангүл.

ІІ-турдың тапсырмасы мынадай:

«Бірінші дәуірде Пи санының дәл мәні ізделген. Ежелгі вавилондықтар оны 3-ке тең деп есептеген. Мысырлықтар 3,16… деп келтірген. Бірақ бұл дәлелденбеген. Шеңбердің диаметрге қатынасын жуық түрде 22:7 деп алуға болатындығын алғаш рет Архимед дәлелдеген. Кейін бұл мәселені көп математиктер мен ғалымдар да зерттейді. 200жылдан кейін Пидің мәнін 34 цифрмен көрсеткен. Бұл тәжірибе Голланд математигі Рудольф Ван Цейленнің бүкіл өмірін алған екен. Пиді 3,14… деп көрсеткен және бөлу амалына алғаш қос нүктені қолданған математиктің кім екенін табу керек»

Д ж о н с

Көрермендер ойынына кезек берейік.

Қай кластың ойыншылары белсенді болса сол кластың ойыншыларына ұпай жазылады.

  • Экранның бетінде оның тұрағы, қашан болсын жыпылықтап тұрады? (меңзер)
  • Ең ұзын перне. (пробел)
  • Программалау тілдерін ата. (Паскаль тілі, Бейсик тілі, Делфи тілі, СИ, т.с.с)
  • Әкем жәшік құрады, үш өлшемнен тұрады. (параллелипипед)

ІІІ-ТУР:

№1.  9класс. Миханова Тілекше

№2. 10класс. Бөлекбаев Тұрсын

№3. 11класс. Қанбаев Жарқынбек.

ІІІ-турдың тапсырмасы мынадай:

«Бірде патша осы бір математиктен шақырып алып: «Қымбатты досым, сенің мектебіңде өзі неше оқушы бар?» деп сұрапты. Сонда ол: «Барлық оқушыларымның жартысы математиканы, төрттен бірі музыканы үйреніп жүр, жетіден бірі үндемей отырады және бұдан басқа 3 қыз бала бар», -депті. Бұл математиктің есімі кім және мектепте қанша оқушы бар?»

П и ф а г о р 2 8

Көрермендер ойынына кезек берейік.

Қай кластың ойыншылары белсенді болса сол кластың ойыншыларына ұпай жазылады.

  • Биологияда бұл паразит, көзге зорға көрінер. Информатикада өлшем бірлік, ақпараттарды өлшер? (бит)
  • Paint-тың қызметі қандай? (сурет салу)
  • «Көбеюге» қабілетті және басқа программаларды «зақымдайтын» программа (вирус)
  • Үрлейтін затпен аттас, атын ешкім таппас. (шар)

ФИНАЛ:  Үш турда жеңімпаз болған ойыншыларымызды ортаға шақырайық. Сіздердің «Ғажайып инфо-математикалық алаң» ойынының нағыз жеңімпазы болуға тілектеспіз! Тапсырмаларыңыз:

«Грек ғалымы. Ол вавилондық ғалым Платонмен таныс болған. Платон бірде былай деп әңгімелейцді: «Бұл ғалым аспанға қарап, жұлдыздарды зерттеп тұрғанда қасындағы құдыққа түсіп кетеді. Бұны байқап тұрған бір кісі күліп: «Аспанда не болып жатқанын зерттегенше, аяғының астына қарамай ма?» депті. Осындай күлкілі ғалым жыл ұзақтығын анықтаған, күннің тұтылуын алдын ала болжап білген, геометрияда бір теорема атымен аталады. Бұл кім?»

Ф а л е с

Финалда жеңімпаз болған ойыншыны суперойынға шақырамыз. Суперойынның тапсырмасы мынадай:

«Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаларды қолдануы керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогі сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады. Бұл оқымысты кім?»

Ч а р л ь з Б э б б и д ж

Нұсқау: 1. Егер байқасаңыз, бұл сұрақтың информатика пәнінен екенін оңай аңғаруға болады.

  1. 6 әріпті атауға мүмкіндігіңіз бар.
  2. Егер сұрақ түсініксіз болса, қосымша көмек алуыңызға болады, бірақ уақытыңыз ықшамдалады. Негізінен сізге берілетін уақыт 2минут. Қосымша көмек алсаңыз, 1минут ойланасыз.

КӨМЕК:  Ол кісі дүние жүзіне «компьютердің атасы» ретінде танымал адам.

Қорытынды.