Ауа. Ауаның қасиеті

464

 

Сабақтың тақырыбы:  Ауа. Ауаның қасиеті.

 

Мақсаты:   1. Оқушыларға ауа және ауаның қасиеті жайлы ғылыми түсінік беру.  Ауаның тірі табиғат үшін пайдасын ашу.

  1. Ой-өрісін, шығармашылық ізденістерін дамыту.
  2. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

 

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме, суретпен жұмыс,

тәжірибе көрсету

 

Пәнаралық байланыс: ана тілі, физика

 

Көрнекілігі: Сызба, суреттер, су, стакан, доп, шар, май шам, плакат.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

а/ Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

ә/ оқушылар назарын сабаққа аудару

 

ІІ. Жаңа сабақ: Ауа және ауаның қасиеті

 

ІІІ.Мақсат қою: Ауа және ауаның қасиеті жайлы түсінік беру.

 

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

-Балалар, адам өміріне ең қажетті жағдайларды атаңдаршы?

-Тағам, жарық, су, ауа, жылу

-Дұрыс. Енді мына кестені толтырайық.

 

Кесте толтыру

 

 

-Ал енді, осы қажетті жағдайлардың адам өмірінде қандай маңызы бар екеніне тоқталайық. Тағам не үшін қажет?

-Су не үшін қажет?

-Жарық пен жылу не үшін қажет?

-Ауа не үшін қажет?

-Ауа бізге тыныс алу үшін қажет.  Ауа болмаса дем ала алмаймыз, өмір сүре алмаймыз.

-Қане, бәріміз аузымызды жауып, танауларыңды қысып іштеріңнен санап көріңдер. Байқадыңдар ауа жоқ болса біз тұншығамыз. Ауамен тыныс аламыз. Ауа өсімдікке, жануарларға, бүкіл тіршілік иелеріне қажет.

Сергіту сәті.

Саусақпен мұрын қысайық,

Әншіге біраз ұқсайық

Әрбір сөздің дыбысы

Қандай екен ұғайық

-Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?

-Ауа ауызымыз арқылы шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

-Балалар, енді ауаның мынандай қасиеттерімен танысамыз:

Ауаның қасиеті

 

  • Ауа бос жерлердің, жарықтардың саңлаулардың бәрінде бар. Ауаны көрмейтін себебіміз ол түссіз мөлдір, сол себепті де оны тек  сеземіз. Мысалы, есік-терезені ашқанда сезуге болады. Далаға шығып серуендегенде таза ауамен демаламыз, сеземіз.
  • Сонымен қатар, ауаның келесі қасиеттері: ауа сығылады және серпіледі. Байқайық: 1.Допты алып, оны қолымызбен екі бүйірінен қыссақ, доптың бүйірі қабысып, ішке қарай кіреді. Бұл кезде доп ішіндегі ауа сығылғанын көрдік. 2.Егер допты еденге ұрсақ, ол қайта секіреді. Оны секіртетін нәрсе-ауаның серпімділігі.
  • Ауа жылу сақтайды. Оның бойынан жылу нашар өтеді. Қыста үйге екі қабат терезе орнатылады. Екі терезе ортасында ауа болады. Ауа үйдегі жылуды сыртқа шығармайды.
  • Ауаның бұдан басқа маңызды қасиеті бар. Он-жануды қолдау. Бір заттың алынуы үшін ауа керек.

 

Тәжірибе

Жіңішке балауыз шырағданның біреуін тең етіп үшке бөліп, әрқайсысын стол үстіне қою. Оның біреуін стаканмен, екіншісін үлкен шыны банкамен жабу, үшіншісін ашық қалдыру.

Алдымен қай шырағдан сөнгенін байқау. Тәжірибе барысында бірінші стаканмен жабылған шырағдан сөнеді. Банкамен жабылған ұзақтау жанады, ал ашық қалған шырағдан біткенше жанады. Стакан мен банкадағы шырағданның қалдықтарын салыстырсақ, стакандағының сәл ұзындау екенін салыстырып көрді.

Осы тәжірибеге қарап көргенімізді есімізге сақтаймыз.

Тәжірибе бойынша қорытынды жасау:

  • Балалар, не байқадыңдар?
  • Қай шам ұзақ жанды?

Оқушылардан тәжірибеден  көргендері бойынша қорытынды жасату.

Бір заттың жануы үшін де ауа керек.

«Жануды қолдау» — ауаның маңызды қаситеті.

Егер пештегі көмірдің,  ағаштың жануын күшейту керек болса ауаны  мол мол кіретіндей ету керек. Тәжірибе көргеніміздей ауа жақсы  кірмегендіктен  1-ші май шам сөніп қалды.

  1. Оқулықпен жұмыс
  • Мәтінді оқыту.
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.
  • Ауаның қандай қасиеті бар?
  • Ауа неге көрінбейді?
  • Ауа өсімдікке, жануарларға, адамға не үшін керек?
  • Ауаны ластайтындар: шаң, тозаң, көлік, зауыттар, өрт, отқазан, пештер.

 

Венн диаграммасы

 

 

 

 

 

 

Ауаның адам үшін, өсімдік, жан-жануар, табиғат үшін маңызы зор екенін білдік. Сондықтан, айналамызды ластамай, таза ұстауымыз керек.  Үйдің ауасын тазартып тұруымыз керек. Себебі, лас ауа зиян.

 

5.Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

«Жеміс жинау» ойыны

Сендер ағаштан өздеріңе ұнаған жемісті алып, жемістің астында  жазылған сұрақтарға жауап беру

 

№1 Ауаны қалай сезінуге болады?

№2 Ауаның көрінбейтін себебі неде?

№3 Ауаның қандай қасиеті бар?

№4 Ауаның өсімдікке, адамға, жануарларға не үшін қажет?

№5 Жану үшін ауа керектігін дәлелде

Ойын. Сәйкес емес сөздерді  тауып сызу

 

 

Мына сызбадан ауаны ластайтындарды атаймыз

 

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеу.