Наурыз шідехана тойы. (сахналық қойылым)

39

Наурыз шідехана тойы.        (сахналық қойылым)

Мақсаттары:

Білімділік:қазақ халқының атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,ұлттық тәрбие туралы түсінік беру;

Дамытушылық:өлең,мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту.Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелілік:ата-ана,оқушы,ұстаз жұртшылық өкілдерін тарту.Қазақ халқының салт-дәстүрін,тілін,дінін,әдет-ғұрпын сақтауға,қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:қазақтың киіз үйі,жабдықтары,ұлттық киімдер,ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,сандық,ыдыс-аяқтар,т.б.

Автор: Нағашы ата жағы Наурыз тойын тойлап жатқан кезде құда бала сүйінші сұрап келеді.Құда баланы келін қарсы алады.

1-ауыл

Автор: Нағашы ата жағы Наурыз тойын тойлап жатқан кезде құда бала сүйінші сұрап келеді. Құда баланы келін қарсы алады.

Келін:-Есенбісің құда бала?Құда-құдағи, Еркежан мен күйеу баланың халі қалай?      Қандай қуаныш алып келдің?

Құда бала: -Бәрімізде аманбыз.Құда-құдағиларыңыз сәлем айтып жатыр.Сүйінші!Сүйінші! Ағатайымның атқамінері бар.

Нағашы әжесі:-Уа,халайық!Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын,Наурыз тойы құтты болсын,Тойларың тойға ұлассын. Келінжан ,мына келіп отырған қонақтарға наурыз көжеден дәм татқыз.(көрермендерге көже береді)

Мына құда бала жай жүр ме екен?

Келін: -Апа,Еркежанның кішкентайы бар екен.Құда бала соған сүйінші сұрап келіпті.

Нағашы атасы:-Айналайын,сүйіншіңе қалағаныңды ал.

Құда бала: -Алдында бір келгенде жүйрік жорғаға көзім түсіп еді. Оңтайлы сәт келген сияқты,сүйіншіме соны қалаймын.

Нағашы атасы: -Қалағаның болсын,ала ғой.

Нағашы әже: -Айналайын қыздарым,қонақ кәде болсын,құда балаға дайындаған нәрселеріңді беріңдер.

Қыздары:

1-қыз:-Апатайымыздан аярымыз жоқ.

2-қыз:  –Наурыз мерекесіне арнап кестелі орамал тігіп едік,саған бұйырды,құда бала. Соны қабыл ал.(Орамал береді)

Құда бала: —Рұқсат болса,мен ары қарай жүрейін.      (қоштасып шығып кетеді)

Нағашы әжесі: -Келінжан,Еркежаныңа ана бастан әзірлеп жүрген сыйымыз бар ғой. Соны шығаратын кез келген сияқты.Жол-жоралғыларымызды алып,құдаларға жол тартайық.

Қыздары:

1-қыз:-Сау болыңдар,жолдарыңыз болсын.

2-қыз: -Апатайымызға сәлем айтыңдар.

1-қыз: -Қыздарды шақыр бастаңғы жасайтын болдық,алақай!

 

2-ауыл

Автор:Нағашылары мен келіні қыздарына келгенде, құдағиы шашу шашып қарсы алады.

Нағашы әжесі: -Амансыздар ма,қуаныш құтты болсын,тойларың тойға ұлассын!

Бақыт құсы қонған, Құтты болсын тойларың.

Енесі: -Жанға жан,басқа бас қосылып жатыр.Келінімнің аман-есен жаны қалып,қуанып жатырмыз.Шіркін,бала дегенде жан бар ма,құда-құдағи да шыдай алмай келіп қалды.Қош келдіңіздер,төрлетіңіздер!

Нағашы атасы.Қуаныш ортақ қой құда.Ұзағынан сүйіндірсін.

Нағашы әжесі. –Құда-құдағи,немерелеріңіздің бауы берік болсын.Келінжан,әкелген жол-жоралғымызды құдаларға табыс етейік.Ал,құда-құдағи,мынау енді қыс қатты  болғаннан кейін,қысқы соғымнан ауыз тигізе алмағасын, сыбағаларыңызды ала келдім,асып жерсіздер. (қоржынды келін береді)

-Мынау ауылымыздағы қолы шебер ұстамызға жасатқан бесігіміз.Бесіктің құрылысын таныстыра кетейін:бесік негізінен 15 бөліктен тұрады:1-белағашы,2-бөген,4-жақтау,4-шабақ,2-сабау,2-жорға,оны кейде бесіктің табаны деп те атайды. Қалған жөргектерін құдағидың өзі толтырар.

Нағашы ата: -Құда,осы менің пайымдауымшы,Қуаныш балаңнан көрінген алғашқы немерең ғой.Немереңнің бауы берік болсын!

«Алты баласы бардың арманы бар ма,

Бес баласы бардың көзінің жалғаны бар ма,

Төрт баласы бардың теңдік алмай қалған жері бар ма,

Үш баласы бардың кеудесінде өкпе-бауыр,жалы бар,

Екі баласы бардың шықпаған жаны бар,

Баласы жоқтың қандай сәні бар»-деген екен.

Қуаныштан көретін қызығың алтау болсын!

 

Отағасы:Жақсы сөз жарым ырыс деген,айтқаныңыз келсін құда.

Енесі:Ал,құда-құдағи,бүгін ауыл-аймақ,тума-туыс жиналып шілдехана тойын бастап кеттік.Бүгін немереміздің атын қойып бесікке салмақшы едік.Алдыңғы күні келініміздің де қалжасын сойып,бойын көтерсін жоралғысын жасадық.

Ал,әкесі,немереңе ат қоюды кімге жолдайсың?

Отағасы: -осы отырған халайықтан рұқсат болса,мен немеремнің атын осындағы елге сыйлы,дуалы ауызды құдам отыр,сол қоса деймін.

(немерені алғызып атын қоюға дайындайды)

Ат қоюшы құдасының сөзі: (азан шақырады)

Абай,Сәкен,Жамбылдай,

Ақын болар ма екенсің?

Қажымұқан атаңдай,

Батыр болар ма екенсің?

Тағы саған не дейін,

Үмітіңе сенейін,

Үстем болсын мерейің!

Атың сенің-Наурызбай! Наурызбай!  Наурызбай!

 

Отағасы:Балам,тұрып ана төрде ілулі тұрған шапанды алып берші.Немереме атқойған құдамның иығына жабайын.

-Құда немеремнің атын қойдыңыз,енді немеремнің алдағы ақ жолына ақ батаңды беріп жібер.

Нағашы атасы: -Қолдарыңды жайыңдар.

Наурыз тойы құтты болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Балаңның бауы берік болмын!

Той тойға ұлассын!

Өмірі ұзақ болсын!

Мінезі наурыздай жайдары болсын!

Панасызға пана болсын!

Ағасызға жаға болсын!

Осылардың өн бойына дарытқан,

Елге әйгілі дана болсын!

Әумин!

Отағасы: -Бәйбіше,немереңді бесікке сал,тыштырмасын үлестір.

Енесі:-Ауылымыздың сыйлы Алтын жұлдызды Батыр Анамыз Мадина әжеге тапсырдым, немеремді бесікке салып беріңіз, Мадина әже.

 

(бесікке салып,тыштырма үлестірілгесін бәрі шығып кетеді)