«Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті»

 

 

«Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті»

 

 

Бірінші байлық – ден­сау­лық. Бірақ осы сөз­дің салмағын, жүк­тер жауап­кершілігін кө­бі­не сезбейтін де, мойын­да­май­тын да сыңайлымыз. Айтылған сәт­те көңілімізге қонады, құ­ла­ғымызға жағады. Сөйтіп, күн­дердің күнінде бір арыл­мас дертке шалдығып, са­ны­мызды соғамыз. Денені үнемі ши­рықтыру, шынықтыру, са­на­ның сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. 

Халықтың ден­саулығы – ел дамуының асамаңызды тұтқасы, бо­ла­шағымыздың кепілі. Хал­қымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әр қайсымыздың жа­дымыздан шықпайтын биік ұстанымымыз болуы тиіс.

Елбасының  «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы негізгі ұғымдардың бірі-денсаулық, білім және халықтың әлауқаты болып отырғандықтан, Шалқардың газшылар қалашығында «Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кілті» атты фестиваль № 4 орта мектебінің ұйымдастырылуымен өтті.

Мақсаты:  тұрғындар арасында өз денсаулығына салиқалы жауаптылықты және зиянды әдеттен бас тартуды, жеткілікті дене қимылы белсенділігінің және спортпен айналысу қырларын өзіне қоса алатын салауатты өмір салтының мәдениетін әйгілендіру және қалыптастыру.

Мерекелік шараға қалашық тұрғындары, мектеп мұғалімдері, оқушылар спорттық киімдерін киіп, белсенділікпен қатысты.

Мерекенің ашылу салтанаты бимен, әнмен көмкеріліп, гимнастикалық жаттығулармен жалғасын тапты. «Дойбы» «Тоғызқұмалақ», «Волейбол», «Кіші футбол» спорттық ойын түрлері ұйымдастырылып, белсенділік танытқан, жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Қорыта айтқанда, халық денсаулығы — медицина қызметкерлерінің кәсіби тір­лігі ғана емес, бүкіл қо­ғам­ның тұтас денсаулық сақ­тауға және нығайтуға ар­налған, үйлескен іс-қи­мыл әрекеттерінің жемісі. Сондықтан да әр азамат қор­шаған ортаны сақтай оты­рып, иманды және са­лауатты өмір салттарын тұ­рақты қалыптастыруға үлесін қосса бо­ла­шақтың жарқын кепілі бол­мақпыз.

 

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№ 4 орта мектеп мұрағатшысы

Раева Жайнагүл Құлмұханбетқызы