Сыныптан тыс шараның тақырыбы : «Бағбан көктем гүлдерін , көрсететін келді күн» /1-4 сынып оқушыларына арналған/

97

 

Сыныптан  тыс  шараның  тақырыбы :

«Бағбан  көктем  гүлдерін , көрсететін  келді  күн»

/1-4 сынып  оқушыларына арналған/

Мақсаты:

  • Оқушыларды білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
  • Оқушыларға эстетикалық  тәрбие  беру, жарыса  білу  арқылы  достыққа, ұйымшылдыққа  шақыру;
  • Ұстаз бен  оқушы  арасында  ынтымақтастық  сезім  ояту;

 

Көрнекілігі:    Шарлар, гүлдер, нақыл  сөздер, карточкалар.

Шараның  түрі   Сайыс  / әр  сыныптың  мұғалімі   өз  қалауынша  сынып  оқушыларын  алып  шығады/

 

Жоспары:

  • Бағбан көктем гүлдерін,

Көрсететін келді күн./Мұғалім  топ  мүшелерін тақырыпты  ашатындай  етіп  таныстырады/

  • Әр сыныптың ендеше,

Тамашалайық өнерін /топ  мүшелері  өнер  сайысына  түгел  қатысу  керек/

  • Кім тапқыр да, кім  жылдам? / оқушыларға  сұрақ  тапсырмалар   беріледі де, мұғалімдер түрлі  түсті қағаздан  гүл  жасайды/
  • Кім қырағы, кім шапшаң, /тестік, қырағылық сұрақтар/
  • Дастарханды әзірле, / топ  мүшелері  түгел қатысып  мерекелік  мәзір  даярлайды/
  • Сыйлық сыйла гүлдерге / қыздарына  ұстаздары  сыйлық  сыйлайды/

 

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

 

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Әуезді  ән, жаны  раушан , күй жүрегі,

Мерекең  құтты  болсын  ұстаз-ана.

Денсаулық, шаттық  өмір  арқасында,

Болыңдар  әрқашанда  тек  қана алда.

Сіздерден   ұшқан  талай  балаларың,

Батырлар  небір  дархан  даналарың.

Ақ ниет , шын  жүрекпен  құттықтаймыз,

Құрметті бағбан-ана , ұстаздарым!

 

 

Олай  болса  сайысқа  қатысатын  ұстаздарымыз  бен  кішкене  гүлдерімізді  ортаға  шақырайық

  1. 30 жылдай еңбек  еткен  мектепте

Еңбегіңіз  кеткен  емес  еш  текке

Қыздарымен  ортамызға  келеді

Қол  соғыңдар , Діңкеқызы  Зейнепке.

  1. Тәжірибелі ұстаздардың  бірі-ол

Ол әрине  Ынтазарқызы  Алмагүл.

Қарсы алыңдар  қасында бар және де

Қос  бүлдіршін Мадина  мен  Айымгүл.

  1. Пысық қыздар, жанып  тұрған от қыздар ,

Биші, әнші ,өнерлілер  табылар,

Әубәкірқызы  Нұрданамен шығатын

Бес  қызына  кәнікей  қол соғыңдар!

  1. Мектепке биыл келген  үш қызғалдақ,

Өздері кіп-кішкене сүп-сүйкімді-ақ

Жас  бағбан  Нұрланқызы   Венерамен

Алдарыңа  ең  соңынан,  енді  шықпақ

1-жүргізуші:

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Аруларды әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділ қазы алқаларын.

Әділ қазылар :

  1. Садыкова Жаңылсын Жанатауқызы – тәрбие  ісінің  орынбасары
  2. Мамаева Арайлым   Патколлақызы-    технология  пәні  мұғалімі

2-жүргізуші: Бағбан  көктем гүлдерін,

                        Көрсететін келді күн

 

 

 

Олай  болса, сайысымызды

бастайық  топ  мүшелерінің

таныстыруы

 

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

Әр сыныптың  ендеше,

Тамашалайық өнерін

/ 2 сынып  мұғалімі  домбырада

орыс  халқының әндерінен

попури  орындады, қыздары  биледі./

 

 

 

 

 

 

 2-жүргізуші:  Кім  тапқыр да, кім  жылдам?

сайысында   оқушылар   әріптерден  сөз  құрау  керек .

Жас  ерекшеліктеріне  қарай   мысалы  ,

1 сыныпқа  ана, шеше, сіңлі, қарындас, 2 –сынып

Мәншүк, Әлия, Сара, Дина, Күләш , 3-4  сыныптар

раушан, райхан, қызғалдақ, жауқазын, бақ-бақ

деген  сөздерді  құрастыру  керек

 

 

 

 

Кім қырағы, кім  шапшаң? / бұл  сайысқа  мұғалімдері  мен  оқушылар  түгел  қатысады/

  1. Мына әріптерден  сөз  құрастыр :

ж,а,а,в,қ,ы,ы,о,а, а,р,е,р,ы,р,а,қ,а,в,д,н,й,л,б,т,е

/жақсылап  ойлап  қараса  осы әріптерден

қатысып  отырған  қыздар мен мұғаімнің

аты  ғана  шығады/

Мысалы: Венера, Жадыра,Қайырлы, Ақбота.

  1. Қайырлы -7

Ақбота -6

Жадыра -?

/Бұл  арада  цифрлар  әріп  саны екенін  табу

керек/

  1. Қайырлы -7, Жадыра -4 , Ақбота -?  / Бұл  арада цифр    сол  жанұядағы  бала  саны  екенін  табу  керек/
  2. Қайырлы, Жадыра, Ақбота — ? % / Бұл  арада  қыздар  сыныптағы  барлық  оқушының  неше  пайызы  екенін   сұрап  тұрмыз/
  3. Қайырлы –ақшыл қызыл, Ақбота –қоңыр ,  Жадыра —  ? / Бұл  арада  қыздардың  курткаларының  түсі/   Осылай барлық  сыныпқа  өз  қыздарының  ыңғайына  қарай  тапсырмалар  жазылып  беріледі.

 

 

 

 

            Дастарханды  әзірле  сайысына  қатысқан

1 –сынып  мұғалімі   мен  қыздары салат

жасауда.

 

 

Соңынан  қыздар  мұғалімге, мұғалім

қыздарға қолдан жасаған  сыйлықтарын  табыстады.

Әділ қазылар  алқасы  шешімімен  барлық  сыныпқа  номинациялар беріліп  мерекелік  көңілм   күйде  тарасты.