Тіл сайысы: «Сөз мерген» 5- сынып

70

Тіл сайысы: «Сөз мерген» 5- сынып

Жүргізушісі: Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы Алматы  қаласы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

Мақсаты: Сайыстың басты мақсаты — қазыналы қазақ тілін жетік меңгерген тіл жанашырларының тілге жүйрік, сөзге шешен екендігін анықтап, нағыз сөз мергендерін тану

 

Шарттары: Сайыс үш кезеңнен тұрады: «Ойлы болсаң, озып көр», «Сөздің көркі — мақал», «Тапқыр болсаң, тауып көр». Сайыста қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, көнерген сөздерден құралған тапсырмалар жасырылады

 

 

Жанры: Тіл-танымдық сайыс

 

 

Көрнекілігі: Слайд шоу, тақырыптық кестелер

 

Қатысушылары: Тұрғанбекова Іңкәр 5 «А» сыныбы
Дәдебаева Фатима 5 «А» сыныбы
Рамазанова Айжан 5 «Б» сыныбы
Мұса Жібек 5 «Б» сыныбы
Мұрат Мадина 5 «В» сыныбы
Хибатулла Мадина 5 «В» сыныбы
Жанғалиева Елдана 5 «Д» сыныбы
Қапалбек Арайлым 5 «Д» сыныбы

 

Сайыстың барысы: І кезең:   «Ойлы болсаң, озып көр»

Тұрақты тіркестерді құрып, мағынасын ашу, мысал келтіру;

ІІ кезең:  «Сөздің көркі — мақал»

Берілген сөздерден мақал-мәтел құрау;

ІІІ кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Берілген көнерген сөздердің мағынасын ашу.

Әр кезең сайын ұпайы аз қатысушылар жарыстан шығып отырады

 
Сайысты қорытындылау: Жеңімпазды анықтау, марапаттау.