Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

61

Сабақтың тақырыбы:   «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

Мақсаты:

1.Қазақстан елінің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту, танымдық қабілеттерін  арттыру.

2.Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдеріне әсер ету.

3.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе  білуге, ізденуге қалыптастыру.

Түрі: инттеллектуалдық тарихи- танымдық ойын

Әдісі: интеракивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап,  баяндау, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бейнесюжет, Қазақстан картасы,Тәуелсіздік эмблемасы, кубик,  т.б. суреттер.

«Көңіл толқыны» күй. Баяу ойналады.

1-ші жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген- жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер.  Әрбір  ұрпақтың азаматтық борышы -туған жердің  тарихын, шежіресін білу емес пе! Ендеше, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына  арналған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интелектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!!

Ең бірінші байлығым-халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса- мен бармын, қор болмаймын

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,

Бүгінгі ойынға 9-11 сынып аралығында әр сыныптан 2 оқушыдан 6 оқушы қатысады. Ойынымызды бастамас бұрын шарттарымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары:

  1. Бәйге. (Жалпылама қойылған сұрақтарға жауап беру) (20-сұрақ) Әр сұраққа дұрыс жауабы үшін 5 ұпайдан есептеледі.
  2. 2. Қызықты үш пән. 1.Биология   Химия  3. Қазақстан тарих пәндері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру.
  3. Полиглот. Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, оның орыс және ағылшын тілінде баламасын айту.(Толық жауапқа 20 ұпай, толық емес жауапқа 10 ұпай)

Ескерту: Жоғарыда көрсетілген үш турдан ең жоғары ұпай жинаған үш оқушы  келесі сайыс турларында сыналады.

  1. Жорға. (Әр ойыншыға үш сұрақтан қойылады)
  2. Шешендік қабілет. Белгілі тақырыпта өзі жазған шығармасы бойынша ауызша ойын жеткізу. (оқушының тілдік қоры, ойлау қабілеті, сөйлеу шеберлігі, білімділігі сыналады. 20 ұпайға есептеледі)

Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:

  1. ________________________________________________________________________
  2. ________________________________________________________________________

3.________________________________________________________________________

 

І кезең:Бәйге (Жалпылама сұрақтар)

1.1992 ж. наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды?  ( БҰҰ)

  1. Қазақстанның ең биік шыңы. ( Хантәңірі)
  2. Желтоқсан құрбаны болған боздақ (Қ. Рысқұлбеков)
  3. 2003-2005 жылдары қазақ-американ кинематографистер түсірген фильм. (Көшпенділер) Кімге арналған (Абылай ханға)
  4. Қазақ елімен көршілес елдерді ата. ( Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан)
  5. Абылай ханның неше жылдығы атап өтілді? (300 жылдығы)

7.Желтоқсанда қиылған қызғалдақ  ( Ләззат )

  1. Қазақстандағы саны жағынан ең үлкен партия: ( Нұр-Отан)
  2. Н.Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келді? (1940ж. Шамалған ауылы Үш қоңыр қыстағында  Алматы облысы  Қаскелең ауданы.)
  3. 10. Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет) (1993ж,1995ж)
  4. Ел астанасы Ақмолаға қашан көшірілді? (10 желтоқсан 1997 жылы)
  5. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)
  6. Желтоқсан құрбандары Қайрат пен Ләззат қай оқу орнының студенттері болатын?

(Қайрат Рысқұлбеков- Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті

Ләззат Асанова- Чайковский атындағы музыкалық училищенің студенті)

  1. Желтоқсан алаңында бейбіт демонстрацияға шыққандардың арасында қандай әннің мәтіні таратылды? Әр тұста шырқалып, алаңдағылардың рухын көтерген бұл әннің атауын табыңыз және оның авторлары кімдер еді?

(«Менің Қазақстаным» әні. Авторлары: Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов.)

  1. Қазақстан Жалауының авторы? (Ш.Ниязбеков)
  2. Егеменді еліміздің ел ордасы – қазіргі Астана қаласы, әуелде Қараөткел атаныпты. Патшалық Ресей қазақ даласын отарлау мақсатымен 1892 жылы Ақмола бекінісін салыпты. Бұл «батыстағы қамал» деген ұғымды білдірген. 1961 жылы бұл шаћардың аты –Целиноград болып өзгертілді. Қазақстан жаңа астанасының тұсаукесері қай жылы, қай айда болып өтті? (1998 жылы 10 маусымда)
  3. «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі қанша және бұл кешенді салу идеясының авторы кім? (Биіктігі-97 м, идеяның авторы Н.Назарбаев)
  4. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы? (Шот-Аман Уәлиханов

Жандарбек Мәліков)

  1. Қазақстанның жаңа әнұраны қашан, қай жерде тұңғыш орындалды?

(2006 жылы 11 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың лауазымын ұлықтау рәсімінде)

  1. Қазақстан Республикасының  ең қымбат қазынасы? (Адам  және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары)

            ІІ кезең. «Қызықты үш пән» бойынша сұрақтар

  1. Биология 2. Химия. 3. Қазақстан тарих пәндері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру. Бірінші кезеңде жинаған ұпай екінші кезеңде сақталады. Қатысушыларға 3 пәннен 10,20,30,40 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша пәнді және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші кезеңде жинаған ұпайларына сәйкес ең көп ұпай жинаған ойыншыға беріледі. Ойыншы сұраққа жауап бере алмаса басқа ойыншыларға да жауап беру мүмкіндігі беріледі.

10 ұпай биология. Жануарлардың тіршілік ортасы  (су, құрлық-ауа, топырақ)

20 ұпай биология: Денесі бір ғана жасушадан тұратын ағзалар (бір жасушалылар)

30 ұпай биология: Сүйекті, шеміршекті, қанды, майды түзетін ұлпа (дәнекер)

40 ұпай биология: Қанайналым және ас қорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы. Оның шартты рефлекстер туралы теориясы тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және олардың сыртқы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізіп, физиологиялық дамуына үлес қосқан қай ғалыс туралы айтылып тұр. (И.П.Павлов)

10 ұпай химия:Ең қиын балқитын металл (вольфром)

20 ұпай химия:Неліктен темірді аспан тасы деп атайды? (себебі, метериоттың құрамында бар)

30 ұпай химия:Бұл заттың 0,9 % ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста тамақ дайындауда қолданылады. Бұл заттың химиялық атауы. (натрий хлориді)

40 ұпай химия: Электролиттік диссоциация териориясының негізін қалаған швед ғалымы. Сонымен қатар физиканың көп саласында, иммунохимия саласында жұмыстар жүргізген. Химия ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда.(Сванте Аррениус)

10 қазақстан тарихы:Қазақ хандығы қашан құрылды және оның негізін қалаған кімдер?

(XV-ші ғасыр ортасында құрылды және оның негізін қалаған Керей, Жәнібек хандар)

20 ұпай қазақстан тарихы:Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттерді атаңыз!

(Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан)

30 ұпай қазақстан тарихы. Қазақстан Республикасының Конституциясында тіл туралы қай бапта және қандай мазмұнда көрсетілген?

(ҚР Конституциясының 7-бабында көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтындығы айтылған.)

40 ұпай қазақстан тарихы.Қазақ халқының тарихына 1723-1727 жылдар қандай атпен қалды? Осы жылдардан қандай ән қалды?

(«Ақтабан шұбырынды», «Елім-ай» әні.)

            ІІІ кезең: Полиглот. Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, оның орыс және ағылшын тілінде баламасын айту.(Толық жауапқа 20 ұпай, толық емес жауапқа 10 ұпай)

Полиглот үшін жасалған мақал-мәтелдер тапсырмалары:

1.Жері байдың – елі бай. (ел – народ – nation)

2.Елді қу бұзады, сүтті …. бұзады.(су – вода– water)

3.Жеті жұрттың тілін біл,

жеті түрлі …  біл. (білім–знание — knowledge)

4.Би екеу болса, ….  төртеу. (дау – спор– conflict)

5.Халқын алдаған би оңбас,

Әйелі салақ …. оңбас. (үй – дом– home)

  1. Көз қорқақ, … батыр.(қол – рука —  hands)
  2. Жалқаудың өмірі босқа өтер

Іздеген ….. жетер. (мұрат – цель– ame)

  1. Жамандық аяқ астында

Жақсылық ….. басында.(ағаш – дерево– tree)

  1. Тұз астың дәмін келтірер

Мақал….. мәнін келтірер.(сөз – слово– word)

  1. Таяқ еттен өтеді

Сөз …. өтеді. (сүйек – кость-bone)

  1. Ел іші … бесік (сынып – золото-аурум)
  2. Батыр майданда шынығады,

…. қайнауда шынығады. (темір-железо-ферум)

 

Ескерту: Жоғарыда көрсетілген үш турдан ең жоғары ұпай жинаған үш оқушы  келесі сайыс турларында сыналады.

  1. Жорға. (Әр ойыншыға үш сұрақтан қойылады)

1-ойыншыға:

1.Отар елдің басты арманы.  (Тәуелсіздік)

  1. Қазақстан қай құрылықта орналасқан. (Еуразия)

3.Өңірімізде өткен халықтық сипат алған қозғалыс. ( Невада –Семей)

2-ойыншыға:

  1. Астана Декларациясына қол қойған жиын атауы. (Саммит)
  2. «VІІ- қысқы Азиада» ойыны өткен бас қала. (Астана)

3.Қазақстан тәуелсіздігін ең алғаш  таныған ел.  ( Түркия)

3-ойыншыға

  1. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қандай атаққа ие болды?

( Әлем қаласы)

  1. Егемендік туралы Декларацияға қай жылы қол қойылды?

(1990ж. 25-қазан)

3.«Тәуелсіздік монументі» қай қалада ашылды?   (Алматы қаласында)

  1. Шешендік қабілет. Белгілі тақырып ұсынылады, осы тақырып бойынша ауызша ойын жеткізу. (оқушының  тілдік қоры, ойлау қабілеті, сөйлеу шеберлігі, білімділігі сыналады. 20 ұпайға есептеледі)

                            « Сіз үшін Тәуелсіздік деген не?  Қандай оқиғамен мақтанасың?»

 

 

Бағалау. Марапаттау.

 

                                                   Қорытынды.

Біз тәуелсіздікті аңсап зарыға жеттік.Енді  сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін  ерекше  қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір  азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Еліміздің сыналатын тұсы осы.                         Н.Назарбаев

 

Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасырлар бойы аңсаған, күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым,

Отаным менің, тәуелсіз Қазақстаным.

 

 

Тәуелсіздігіміздің жемісін мақтан тұтайық.

 ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ БАЯНДЫ БОЛСЫН АҒАЙЫН !