Сөз мерген сынып сағаты

     

Сабақтың мақсаты:

Қоғамымызда болып өткен түрлі тарихи ахуалдар негізінде белең алған кейінгі буын бойындағы ой және тіл жұтаңдығын ескере отырып, олардың сөздік қорын байыту, сауатты сөйлеуді үлгілеу, ұмыт болуға айналған мақал-мәтелдер мен көне сөздерді ұтымды пайдалана отырып, қолданысқа ендіру, тіл мәдениетін жетілдіріп, тіл тазалығы мен шұрайлылығына көңіл аударту

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

Ар ма ардақты ағайын

Алқалы  жұрт көз көрген ,

Бүгінгі сабағымызда

Тіл сайысы сөз мерген

 

Ж-Осыдан тура 21 жыл бұрын — 1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Ол заңда, сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.

Осыдан бері 22 қыркүйек күні республикада Қазақстан халықтарының Тілдері күні атап өтілуде. Бұл мереке ерекше, өйткені ешқандай елде мұндай мереке атап өтілмейді. Қазақстан – жүзден астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол осы елде өркендеп, дамуы тиіс. Оны осы елдің әрбір азаматы көзінің қарашығындай қорғап, мәртебесінің биіктеуіне барынша үлес қосу міндетті. Осы  мақсатта біз бүгін «сөз мерген »ойынын өткізіп отырмыз Бұл – көне сөз, астарлы ұғым, мақал-мәтелді бір кісідей білетін сенімді жандар сайысқа түсетін ойын .

 Ендеше Бүгінгі ойынымызға төрешілік ететін қазылар:

  1. Джұбатханова Гүлжанат
  2. Адилханов Асқар
  3. Бейбіт Дидар

Ж-Бүгін ойынымызға қатысатын оқушыларды таныстырып өтейін

  1. Бірінші ойыншымыз- Оңғалбаева Мөлдір
  2. Екінші ойыншымыз- Құрманәлі Жасұлан
  3. Үшінші ойыншымыз- Елепбай Меруерт

Сіздерді ойынымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде ұпайы аз ойыншылар ойыннан шеттетіледі. 3-ші кезеңге жетіп, ойынның шарттарын толық орындаған, ұпайы жоғары ойыншы «Сөз мергені»  деп танылады.

Жүрг.-І. Бірінші кезеңіміз  Мықты болсаң, тауып көр деп аталады

Ойынға қатысушылар тұрақты сөз тіркесін тауып айтуы керек

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Алтын 

         

       жүрек

Тұз
Тас
Күміс

Деген сөздер берілген

 

 

Құлақ 

         

           Ашық

Аяқ
 Қол 
Мұрын

Деген сөздер берілген

 

 

 

 

Жіп 

         

       аттамау

Ине
Қайшы
Қалам

Деген сөздер берілген

 

Сорпа 

         

ақтау           

Су
Сүт
Айран

Деген сөздер берілген

 

 

5.

 

Құлақ 

         

салды          

Аяқ
Мұрын
Қас  

Деген сөздер берілген

 

6.

 

Басы 

         

 жету      

Аяғы
Мұрны
Төбесі  

Деген сөздер берілген


 

 

Жүрг.-Осымен ойынымыздың бірінші кезеңі аяқталды . Сөз кезегін енді төрешілерге береміз.

 

Жүрг.-ІІ.Екінші кезеңіміз Жүйрік болсаң, шауып көр деп аталады

Берілген  сөздерден мақал-мәтелді құрау керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнер 

         

          тіл

 Мәдениет
Сурет
Ғылым

Деген сөздер берілген

 

 

 

Үй 

         

          теңіз

Қоныс
Білім
Ғылым

Деген сөздер берілген

 

 

 

 

 

 

 

елу 

         

          дос

 жүз 
алпыс
Он

Деген сөздер берілген

 

 

 

Білімді  

         

          жығады 

Денелі
Әдемі
Тәртіпті

Деген сөздер берілген

 

 

Су  

         

        аш

Өзен
Кітап
Бұлақ

Деген сөздер берілген

 

Осымен ойынымыздың екінші кезеңі аяқталды . Сөз кезегін енді төрешілерге береміз.

 

Жүрг.-Біз сізді құттықтаймыз, қарсыластарыңыздың бәрін жолда қалдырып ,озып шықтыңыз,   енді «Сөз мергені» атану үшін сіз үшінші кезеңіміз Ойлы болсаң, озып көр деген сыннан өтуіңіз керек.Бұл кезеңде сіздің сөз саптауыңыз ,шеберлігіңіз сынға түседі.Берілген тақырыпқа ой толғау жасайсыз Ал біздің бүгінгі тақырыбымыз  кеше бүкіл Республика көлемінде тойланып өткен Бауыржан атамыздың 100 жылдық мерейтойына байланысты болады.Ендеше ой толғау тақырыбы «Біз батырдың ұрпағымыз» Сізге ойлануға 5минут уақыт беріледі

 

 

 

 

 

Сатыбалдин Бекнұр Дихан Әбіловтың «Туған тілім» өлеңін оқиды.

 

 

Жүрг.-Сізге көп рахмет, енді қазылардың шешімін тыңдайық

 

Мұғалім-Бәрекелді сіз біздің бүгінгі ойынымыздың «Сөз мергені » атандыңыз, құттықтаймыз!!!«Сөз мерген»ойыны  «…Өткірдің жүзі, Кестенің бізі — Өрнегін сендей сала алмас» деп, қуаттылығы мен нәзіктігін Абай ақын тамсана жырлаған қазақ тілінің құдіреттілігін паш етеді.  Міне Бүгін осыған баршамыз күә болдық Тіл мерекесі баршаңызға құтты болсын!

 

Жүрг.- Ғабдулкәрім Болат Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқиды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған тілім — бабам тілім -өз тілім!

Туған тілім-анам тілім -өз тілім

Туған тілім-далам тілім-өз тілім

Туған тілім-адам тілім -өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.