«Гимназия мергендері» интелектуалдық сайысы

59

Тақырыбы:

«Гимназия мергендері» интелектуалдық сайысы

Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық дарындылықтарын, ақпаратты жылдам қабылдау дағдыларын дамыту.

 

Сабақ түрі: сайыс сабақ

 

Сабақтың барысы:

Армысыңдар, бүгінгі  «Гимназия мергендері» атты  сайыс сабағымызға  жиналған  қауым! Бүгінгі  біздің сайысқа қош келіпсіздер!

Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене

Бәріңіз  маған  қараңыз!

Ойынымызды  бастайық

Алуан  түрлі  ойларды

Ортамызға  тастайық.

Информатика  пәнінен

Көрсетіп  біздер  батырлық

Ой  толғалық  жүйелі

Таңдайымызға  татырлық

 

Топтарды  таныстыру.

Әділ қазыларды таныстыру.

 

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

«Мықты болсаң, тауып көр»

 

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз

дей келе біз келесі кезең «Мықты болсаң, тауып көр»  кезеңін бастайық.

3 топтың топ басшылары  қатысады.

  1. Жүргізуші топ басшыларына қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
  2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
  3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.

1-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады? (мұзға)

2-сұрақ. Құсжолы қандай пішінде болады? (шиыршық)

3-сұрақ. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)

4-сұрақ. Галстук қай жерден шықты? (Англия)

5-сұрақ. Ең кіші планета ? (Меркурий)

6-сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)

7-сұрақ. Ақпараттың ең кіші бірлігі. (Бит)

8-сұрақ. “Қылау” әңгімесінің  авторы. (С.Мұратбеков)

9-сұрақ. Оңтүстік астана. (Алматы)

10-сұрақ. ХХІІ қысқы олимпиада қай қалада өтті, Қазақстан нешінші орында? (Сочи, 26)

Кілті

  1. а 2. ә 3. б    4. б     5. ә    6. б     7. ә     8. а     9. ә   10. ә

 

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ

«Жүйрік болсаң, шауып көр»

 

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын  деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік.

3 топ  қатысады. Бірінші турда жинаған топ басшыларының  ұпайы екінші турда сақталады.  Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.

  1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
  2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына  он балдан қосылып отырады.
  3. Жауап ауызша беріледі.
  4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған 2 топ үшінші турға шығады.

 

 

 

Қазақ тілі

  1. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)
  2. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология)
  3. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын айт? (Тыныштық заман)
  4. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?(Диалог)
  5. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)

 

Математика

  1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)
  2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)
  3. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы? (Ы.Алтынсарин)
  4. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома)
  5. 236*18 =? (4248)

Қазақ әдебиеті

  1. Қобыланды батырдың ғашығы кім?
  2. Абайдың айтуы бойынша ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
  3. «Қызыл жебе романы» кімнің өмір жолына арналған?
  4. «Эх, шіркін дүние-ай десеңші! «Әке деген сөзді айтқанда, жүрегім қар айырыла жаздайды –ау! Қандай жақын, қандай ыстық» қай кейіпкердің сөзі?
  5. «Қылау» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата

Тарих

  1. Тарихтың атасы?(Геродот)
  2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)
  3. ОБСЕ ?(М. Тәтімов)
  4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)
  5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)

География

  1. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)
  2. Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)
  3. АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)
  4. Ең терең көл? (Байкал)
  5. Тайланд астанасы?(Бангкок)

Информатика

  1. Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)
  2. Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)
  3. Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)
  4. “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)
  5. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті ? (Билл Гейтс)

 

 

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
”Озық болсаң, ойлап көр”

 

  1. Турға 2 топ қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді.
  2. Қатысушыларға мектептен тыс 4 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Спорт», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша  бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40 балл беріледі.
  3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
  4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
  5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған  мөлшерде ұпайға ие болады.
  6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы  дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
  7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
  8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
  9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.

 

 

 

Төртінші кезең

«Шешен болсаң, айтып көр»

 

Бұл турға 2 топтың топ басшылары қатысады. Берілген тақырып бойынша бір топ жақтайды, бір топ даттайды. «Кирилицаны латын әліпбиіне ауыстыру керек пе?» деген тақырыпты талдау.