Әліппемен аштық білім есігін Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.

60

Әліппемен аштық білім есігін

Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.

Мақсаты:Білімділік: Оқушыларды  әліппеден  алған  білімдерің  жинақтау,  өз өнерлерің  ата-анаға  көрсету.

Дамытушылық:Сахна көрініс еркін шығуға,  өз ойларын еркін айтуға,

есте сақтауға дағындару тілін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке  тиянақты болуға, ана тілін сүйіп, оны қастерлеуге ,  ұйымшылыққа,   тәрбиелеу.

Әдісі:Әдеби музыкалық мантаж.

Көрнектілігі:Жазылған сөздер, шарлар, слайдтар, буындар.

«Балапан» биімен оқушылар ортаға шығады.

Ән «Балапан» Орындайтын: Тарғыңова

Жүргізуші:Армысыңдар ұстаздар,

Армысыңдар аналар.

Армысыңдар балалар,

Сөзіме құлаұқ салыныз.

Бір серпіліп қалыныз,

Әліппеге арналар,

Бүгінгі ән жырымыз.

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

1а-классың «Әліппемен аштық білім есігінтербетеміз тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгіліне қош келдіңіздер.  Сүйікті әліппенің арқасында сауатты болдық. Әліппенің ең алғашқы бетінен Елбасының тілегімен ашқан болатынбыз. Сондықтан тілегімізді орындайық.

Назарбаев Нұрсұлтаның сөзі: Айналайын

Хор: Әнұран

Көрініс: Ана мен бала. Қоюшылар: Махаббат-Нұрбақыт

Хор:Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы,

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Жүргізуші:Өтті оқу сан сабақ бүгін үлкен салтанат,

Оқулықпен достаспақ әліппемен қоштаспақ.

Әліппе досымызды ортаға шақырамыз.

Әліппе сөзі: Сәлемметсіңдерме балалар!

Балалар: Қош келдіңіз әліппе.

Әліппе сөзі: Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Аған менен әпкеңде

Не үйрендік не білдік

Қане ортаға салайық.

-Оқушылар Әліппеге арналған өлең-жолдары тыңдауға келдім.

Хор: Әліппе әні.

Шаттық шеңбері.

Қуанамын менде  Қуансың сенде

Қуанамыз бәріміз, арайлап аткан күнге.(Оқушылар тілектерің айтады)

Жансая: Артта қалды сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат.

Әліппемен қоштасып,

Өсті білім ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Нұрбақыт: Біз енді әліппемен қоштасамыз,

Жырмен қоса ән шашамыз.

Білімнің бұлағына сусынданған

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Ұлы өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін.

Махаббат: Сенің нұрын сөнбесің

Ашық аспан жарыұ күн.

Дымбілместің көрінісі. Қатысушылар: Нұрбақыт-Жансая.

Көркем сөз. Үйретеді әріпке.

Үйретеді жазуға, буындатып оқуға

Үйретеді мектепте, үлкендерді сыйлауға.

Кішілерді қорғауға, үйретеді мектепте

Екі қосу екіге, үйретеді мектепте.

Сурет салдық боядық, өлең жаттап ән салдық

Үйретеді мектепте, әліппені оқуға

Мәтіндерді талдауға, үйретеді мектепте.

Табиғатпен таныстық, жыл мезгілін байқадық

Білім алу тамаша.

 

Тоқсанбай: Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Рустам:  Қош бол, құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Амангүл:  Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Шолпан: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Аман: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тоймадық.

Анель:  Мынау менің әліппем

Көгілдір тудың түсіндей.

Ақылшы жақын досындай

Қымбатты маған кісімдей.

Дильназ: Ыстық әр бір беттерің,

Жазуынды ұғамын.

Ақыл бердің әліппе,

Ақылды сен мұғалім.

Ақсұңқар: Мұғалима

Қызғалдақ: Білімге жолды бастаған

Әліппе саған мың алғыс.

Санжар: Әліппе менің әліппем

А деген бастап әріптен.

Мадияр: Сәлем саған мектебім

Сәлем білім ортасы.

Ән: Ертегі елі. Орындайтын: Өмірханқызы.

Көрініс: Кім неден күшті.

Әліппе: Айтындаршы оқушылар қазақ тілінде неше әріп бар? Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жадыра: Алфавиттті білеміз,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Алфавиттер шығайық

Орнымызға тұрайық.

Бастайық қане айтысты

Жібермейік намысты.

Көрініс. Алфавит сыры.

Қатысатындар: Махаббат, Санжар, Рустам, Тоқсанбай.

Шолпан: А-дегенім ардақты

Ақ сүт берген анамыз.

Б-дегенім бал тілім

Біз бақыттты баламыз.

Дииьназ: Ә-дегенім әншінің

Әуені ғой әдемі.

Қ-дегенім малшының

Қамшысы ғой әдемі.

Жансая: З-дегенім өнерлі ғой.

К-дегенім кемені

Капитандар басқарады.

Нұрбақыт: Д-дегенім добың ғой

Дойбы болып шықпайма.

С-дегенім сәбидің

Сылдырмағың ұқпайма.

Хор: Әліппе

Орыс биі. Махаббат-Жадыра

Конбой биі. Ұлдар тобы

Жадыра: Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысың төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Бұл кім?

Оқушылар: Ана, ана, ана.

Жүргізуші: Балалар, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқушы ата-ананың қосқан үлесі зор. Қане бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Ән: Ақ мамам. Орындайтын: Жадыра

Жүргізуші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына  тәуелсіз мемлекет. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Адамның, туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені-Отан.

Отан көркем сөзі. Оқитын: Жансая.

Астана. Оқитын: Жадыра.

Астана. Оқитын: Шолпан.

Астана. Оқитын: Анель.

Отан. Оқитын: Амангүл.

Отан. Оқитын: Санжар.

Ән: Қуыршақ. Орындайтын: Ақсұңқар.

Қазақ биі. Орындайтын: Қыздар тобы.

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

— Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер — білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз! ( 5 — тіктер тарату)

Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліпп

Жүргізуші:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата — ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Мұғалім:Ана тілі оқулығы бізді сынамақшы.

Ана тілінің тапсырмасы.

1.Мақалдар еліне саяхат.

Балалар мақал-мәтелдерге кезігеді.

Мақал:Әліппеден балалар

Не оқыдың, не білдің?

Қане, айтшы мақалдар

Біліміңді көрейін.

1.Ас атасы-нан.

2.Оқу-білім бұлағы

Білім-өмір шырағы.

2.Санамақ еліне саяхат.

Балалар санамақтар еліне соғады.

Санамақ:Мен санамақ боламын,

Ақыл-ойдан тұрамын.

Айтып берсең санамақ,

Қазір жолды ашамын.

Оқушылар өздері санамақ айтады.

3.Жұмбақтар еліне саяхат.

Балалар жұмбақтар еліне кездеседі.

Жұмбақ:Біз жұмбақтар айтамыз.

Шешуін сіз тапсаңыз,

Жолыңды біз ашамыз.

Хор: Жарқын жүзді ұстазым.

Жүргізуші:Қош болыңдар, балақайлар!

Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағынан сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.

Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға

Тілек айтар қонақтар.

 

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рақметімізді айтамыз.Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!