Шешен сөздің білгірлері

56

 

Сабақтың тақырыбы:     Шешен сөздің білгірлері

 

Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздер арқылы оқушыларға                   адамгершілікті,имандылықты ғибрат ету. Шешендердің сөйлеу өнерін  үйрету.  Бос сөз сөйлеуден жирендіру,тауып сөйлеуге төселдіру.

 

Көрнекілігі:   интерактивті тақта материалдары

 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып тазалығын, сабақ жабдықтарын бақылау.

  1. Кіріспе.
  2. Сыныпты 3 топқа бөліп, сайыстыру.
  3. Шешендік сөздер. Көрініс.
  4. Тапқырлық. Ой үндестігі.
  5. Сергіту сәті.
  6. Тобықтай түйін. Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой.
  7. Би және мен.

 

1.Кіріспе. Сабақтың өтілу тәртібімен таныстырып, сыныпты 3 топқа бөлгеннен кейін, шешендік сөздер туралы көрініс көрсетіліп,әділқазы алқалары сайланып, бағасы беріледі. Әділ баға 5 балдық жүйемен белгіленеді.

Сайысымыздың екінші бөлімі «Тапқырлық» деп аталады. Бұнда оқушыларға шешендік сөздің басы ғана айтылып, әрі қарай өздері жалғастырулары керек. Айтылған ой шешендік сөздегі негізгі оймен үндесуі сайыстың шарты болып табылады.

І топ

Бірде Абай әңгіме үстінде:

-Қалқам Әбіш осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?-                            деп сұрапты. Ол іркілместен:

— Ақ зат асыл ғой,- дейді.

-Неге қара зат асыл емес пе?

Әбіш күлімдеп:

-Қараны қалай асыл дейсіз?-дейді.

…………………………………………………….

Сіздің ойыңыз……………………………….

 

ІІ топ

Атақты Жанқұтты шешен Абайды бозбала шағында көріп, ақыл-ойын, білім-білігін, таным-өрісін тексереді

-Шырағым, дүние неге сүйенеді?       Көздің көрмесі бола ма?

Шам жарығының түспесі бола ма?

Болат пышақтың кеспесі бола ма?

Тамағына тартпайтын мақлұқат бола ма?-деп сұрайды. Абай лезде:…..

Сіздің ойыңыз……………………………….

ІІІ топ

Әз Жәнібек ханның алпыс биі болған екен дейді бір аңыз. Бір жолы хан билеріне: “Бұл дүниеде не өлмейді?-деп сұрақ қойыпты. Сонда алпыс биі бірден: “Асқар тау өлмейді, аспанда Ай мен Күн өлмейді, ағын су өлмейді, қара жер өлмейді,-деп жауап береді. Оған Жиренше дау айтады.

Сіздің ойыңыз……………………………….

 

ІІІ бөлім  Сергіту сәті. Слайд арқылы сәйкестендіру. Оқушы жауабынан кейін ғана сілтемемен дұрыс нұсқасы көрсетіледі.

 

 

 

 

ІV бөлім. Тобықтай түйін. Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой. Өлеңді мәнерлеп оқығаннан кейін,3 топ өзінің түсінгенін,яғни негізгі ойды ашып көрсетеді.

 

Айналасын жер жұтқан

Айды батпас демеңіз

Айнала ішсе таусылмас,

Көл суалмас демеңіз

Құрсағы құшақ байлардан

Дәулет таймас демеңіз.

Жарлыны жарлы демеңіз,

Жарлы байға тең келіп,

Жайлауға жарыса көшпес демеңіз

Жалғызды жалғыз демеңіз

Жалғыз көпке тең келіп

Бір жапанда соғысып,

Кегін алмас демеңіз,

Құландар ойнар қу тақыр,

Қурай бітпес демеңіз,

Қурай бітпес құба жон,

Құлан жортпас демеңіз.

Құрсағы жуан боз бие

Құлын салмас демеңіз.

Қулық туған құлаша

Құрсақтанбас демеңіз.

Қу таяқты кедейге,

Дәулет бітпес демеңіз

Бұқар жырау

 

V бөлім.  Би және мен.

Қазыбек бидің Бұқарға берген жауабы

Бір дегеніңіз- бірлігі кеткен ел жаман

Екі дегеніңіз- егесіп өткен ер жаман

Үш дегеніңіз- үш бұтақты шідеріден шошынған ат жаман

Төрт дегеніңіз- төскейге шыға алмаған кәрілік жаман

Бес дегеніңіз- білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман

Алты дегеніңіз- аймағын билей алмаған хан жаман

Жеті дегеніңіз- жетем деген мақсатына жете алмаған жаман

Сегіз дегеніңіз- серкесіз бастаған қой жаман

Тоғыз дегеніңіз- толғаныңыз

Он дегеніңіз өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз

 

 

 

 

Өзімше

Оқушы жауабы

Бір дегеніңіз-білгеннің тілін алмаған жаман

Екі дегеніңіз- ел қадірін білмеген жаман

Үш дегеніңіз- үмітті ақтамаған жаман

Төрт дегеніңіз- тілазарлықты серік еткен жаман

Бес дегеніңіз- белсенділік

Алты дегеніңіз- ата ананы сыйламаған жаман

Жеті дегеніңіз- жетесіздікке бой алдырған жаман

Сегіз дегеніңіз- серттен тайған жаман

Тоғыз дегеніңіз- тәрбиеге көнбеген жаман

Он дегеніңіз олақтық, ой мен іске салақтық

 

Қорытынды. Әділқазылар шешімі.

Үйге тапсырма: Бабалар сөзі-ақылдың көзі. Ойтолғау.