«БІЛГІРЛЕР» САЙЫСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ

531

 

«БІЛГІРЛЕР» САЙЫСЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ

 

Катя: — Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Білгірлер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Серікжан: — Кешімізді бастамас бұрын, Катя, саған жұмбақ қояйын деп едім.

Катя: — Ол қандай жұмбақ? Қане айтшы.

Серікжан: — 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Катя: — Бір деген- Тәуелсіздік.

Бостандыққа қол жеткіздік!

Екі деген – Елім,

Далам, Тауым, Көлім!

Үш деген – Елтаңба,

Оны білмей қалма!

Төрт деген — әнұран,

Жүректегі ұран!

Бес деген – жалау

Желбіреген алау.

Алты деген – Ана тілі,

Міндетті түрде оны біл!

Жеті – деген Елбасы,

Өрлеп тұр оның тасы.

Сегіз деген – Астана,

Республикаға бас қала

Тоғыз деген – тарих,

Толық оны таниық!

Он деген – болашақ,

Біз жасайтын келер шақ!

 

Серікжан: — Жарайсың,  Катя.

Уа, халайық, көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген ерің бар,

Қол боларлық елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Тәуелсіздіктің қадірін біліңдер!

 

Катя:  ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата- бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты көтеру, халқымыздың аса бай рухани қазынасы – ана тілімізді ардақтау.

Серікжан: — Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру әр азаматтың парызы.

Катя: —  Сондықтан  ортамызға бүгінгі «Білгірлер»сайыс үміткерлерін шақырамыз. Олар тілді сүйемін, білемін, үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен келіп отыр.

Бірінші топ — 11 А сынып оқушылары

Екінші топ – 10 А сынып оқушылары

 

Серікжан:

Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген,

Сәлем бердік ұландарға талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.

 

Катя: — Бүгін біз ұлан-байтақ Қазақстан жерінің бірнеше бекетіне тоқталып өтеміз.

1 бекет- «Мықтылар» бекеті

2 бекет – «Үміт» бекеті

3 бекет – «Қайраттылар» бекеті

4 бекет – «Өнер» бекеті

5 бекет – «Тілшілер» бекеті

6 бекет – «Қызықты грамматика»  бекеті

 

Серікжан: —         Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)

1.Лавник Фарида Вакильевна – мектеп директорының орынбасары

  1. Даниярова Сәуле Торегожавна — әдістемелік бірліктің жетекшісі

3.Нурмуханова Бахыт Қайыровна

4.Сатиева Гульбахыт Жомартовна

 

Катя: —        Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына      —  демекші әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін көрсетіп,  ұранын айту керек.

 

Рахымова Айжарқынның орындауында  тамаша әнді қарсы алыңыздар

 

 Серікжан: —  Тұлпарларымыздың шабысын бәсеңдетіп, «Мықтылар» бекетіне тоқтайық. Әр топқа 10-10 сұрақтан қойылады. Сұраққа дұрыс, толық жауап берген топ жеңіске жетеді. (Сұрақтар бейнетаспада жазылады)

І топтың сұрақтары:

 

  1. А.Байтұрсынов кім?
  2. Қазақ тілінде неше септік бар?
  3. Жүз жасаған ақын?
  4. «Шаһар» сөзінің синонимі?
  5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
  7. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
  8. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
  9. Абайдың қанша қарасөзі бар?
  10. Ата Заң күні қашан?

ІІ топтың сұрақтары:

 

  1. «Оян қазақ» кімнің шығармасы?
  2. Жалғаудың неше түрі бар?
  3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
  4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
  5. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
  6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  7. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
  8. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
  9. Қазақстан жерінен өткен жол.
  10. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

 

6 сынып оқушысы Тимиров Диастың орындауында қазақ күйі

 

 

Катя: —

2 турымыз  «Үміт» бекеті деп аталады.   «Үміт» бекетінде бізді мынадай тапсырма күтіп түр. Берілген қоржын ішіндегі тақырыптарға әңгіме құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Команды берут из коржуна задания и идут готовиться

 

Топ мүшелері тапсырмаларын даярлағанша ортаға 11сынып оқушылары Соскова Яна мен Касенова Айзаттың өнерін тамашалайық.

 

 

— Ал енді дайын болсаңыздар, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Әділқазылар өз бағасын бере отырар.

(читают свой рассказ)

 

Серікжан: —  Ертеде бір құмырсқа : — Алты батпан ауырды арқалаған  күштімін, жеті батпан ауырды арқалаған күштімін, —  деген екен. Ал енді «Қайраттылар» бекетінде топ капитандарын сынап көрелікші.  Топ капитандары кезекпе — кезек сұрақтарға жауап береді. Барынша көп ұпай жинауы керек.  Мәдениетіміздің салалары бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтар қиындылығына байланысты 10, 20, 30 баллдарымен бағаланады.

Ғылым 10 20 30
Өнер 10 20 30
Спорт 10 20 30
Кино 10 20 30

Ғылым

10-Қаныш Сәтбаев кім? Қ.Сәтбаев-қазақ  геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті, академигі

20- Әл-Фарабиді сегіз қырлы бір қырлы жігіт деуге бола ма? Неге? Ол ғылымның көп саласын меңгерген –философ, социолог, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі

30- Н.Ә. Назарбаев қай ғылымның докторы? Н. Назарбаев- экономика ғылымдарының докторы

Өнер

10-Шәкен Айманов кім? Ш.Айманов- әйгілі актер, режисер

20- Құрманғазының атақты күйі? Құрманғазының күйі «Адай»

30-Қазақтың кәсіби музыкасының қара шаңырағын көтеруші кім? Қазақтың кәсіби музыкасының қара шаңырағын көтеруші – Ахмет Жұбанов

Спорт

10-Б.Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата. Бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ, асық, күрес…

20-«Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері кім? Бекзат Саттарханов- «Сидней» олимпиадасының алтан медаль игері

  1. Грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы болған кім? Б.Тұрлыханов- грек- рим күресінен Әлем, Еуропа және Азия чеипионы

Кино

10 –Қандай қазақ фильмдерін білесіңдер?

20- Қазақтардың нағыз тарихын бейнелейтін киноның аты. Көшпенділер

30-  «Қыз Жібек» режисері: С.Қожықов

 

  • Бәрекелді, қазақ тілін оқу барысында табыс тілейміз, қанаттарың талмасын.

 

Рахымова Айжарқынның орындауында өзбек  биін тамашалайық

 

Катя: —

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Төртінші сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнер» бекетіне тоқтайық. Бұл бекетте әр топ командасы өз үй тапсырмаларын көрсетеді.

  1. «Алена және жігіттер» тобы ______________________________________
  2. «РЕАЛЛ-дық жүз» тобы  ______________________________________

 

Серікжан: —         Тілдерді меңгеремін, тең көремін,

Полиглот сайысында күшімді сынап көремін, – дейді «Алена және жігіттер»  және «РЕАЛЛ-дық жүз»  топтары.

«Полиглоттар» бекетінде қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұрасы — мақал – мәтелдер бойынша жарыс болады.  Ал, бастайық. Мысалы мен, Катя 6 тіл білемін. Менің атым Серікжан. Меня зовут Серикжан. Мениң иним Серикжан. Май нейм ис Серикжан. Их  хабе Серикжан.

 

Катя: — Жарайсың, Серікжан. Ал енді сөзді сайыскерлерге берейік. Мақалдарды аяқтап, сөздерді орысшаға, ағылшын тіліне  аудару

 

  1. Жүздің көркі – көз, ауыз көркі — …… (сөз, слово, …………………………………………………..)
  2. Тамшы тас жарады, тас жармаса …… (бас, …………………………………………………………….)
  3. Өнер алды – қызыл ……… (тіл, ……………………………………………………………………………….)
  4. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер. (жаман, ……………………………………………)
  5. Ана сүті бой өсіреді, ……….. ой өсіреді (ана тілі, …………………………………………………….)
  6. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ……. боларсың (шешен, ………………………..)
  7. Көп сөз күміс, аз сөз ……. (алтын, …………………………………………………………………………..)
  8. Мектеп – кеме, білім — ……. (теңіз, море, sea …………………………………………………………..)
  9. Денсаулық – зор …….. (байлық, богатство, …………………………………………………………….)
  10. Білім сандығы — ……… (кітап, …………………………………………………………………………………)
  11. Әдепті бала – арлы бала, ……….. бала – сорлы бала (әдепсіз, …………………………………..)
  12. Бала тілі — ….. (бал, ………………………………………………………………………………………………..)
  13. Ашу — дұшпан, ақыл — ……. (дос, …………………………………………………………………………….)
  14. ….. көтермегенді, тіл көтереді (піл, ………………………………………………………………………..)
  15. Жеті жұрттың тілін біл, …….түрлі ілім біл. (жеті, …………………………………………………..)
  16. Тілден артық ……… жоқ.  (қазына, …………………………………………………………………………)
  17. …….. сөз, бос сөз (көз, ……………………………………………………………………………………………)
  18. Мағынасыз сөз болмайды, ………………… ел болмайды. (мақалсыз, …………………………..)
  19. ….. оттан да ыстық (отан, ………………………………………………………………………………………)
  20. Отансыз ……. , ормансыз бұлбұл (адам, ………………………………………………………………….)

 

Серікжан: Келесі бекеттің аты «Қызықты грамматикалар».  Бұл бекетте қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты білетіндеріңді  көреміз. Кім тез орындап шықса, сол жеңіске жетеді.

 

Катя:           Сайыскерлер ойынын,

Тамамдадық біз бүгін,

Әділқазы береді,

Дұрыс, әділ шешімін

Катя:  Ал қазір Тәуелсіздік күніне арналған шашуды қабыл алыңыздар

Көрініс «Қазақ тілінің білгірлері»

8 сынып оқушыларының орындауында  «Қазақстан»  өлеңі.

 

Серікжан:Сөз әділқазылар алқасының төрағасы Даниярова Сәуле Төрегожавнаға  беріледі.

 

Катя Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға рақмет.

Катя: Мереке құтты болсын! Сау болыңыздар!