«Біз отбасымызбен біргеміз » отбасылар сайысы

75

«Біз отбасымызбен біргеміз »   отбасылар сайысы

№11 Қоскөл орта мектебінде 15 мамыр  Халықаралық отбасы күні

«Біз отбасымызбен біргеміз » атты   «Толағай»отбасылар  сайысы болып өтті

Сіздерге сол сайыстың өтілу барысын ұсынып отырмын.

 

Жүргізуші:

Бүгінгі 15 мамыр  Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып,мереке қарсаңында   ұйымдастырылып отырған

«Біз отбасымызбен біргеміз » атты   «толағай» сайысына хош келдіңіздер!

-Ойын залына акробат  қыздарымызды    Жаңыл мен   Айжанды  ортаға шақырамыз

— ( Толағай әні  ойнап тұрады )

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың  денің сау да.

Денсаулық  терең  бақыт  деген сөзді

Құр айтпаған ұлы  Абай данамыз да!

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық  сайысты  ұйымдастырып  отырмыз. Бүгінгі сайысымызға демеушілік жасап отырған ауыл әкімі Хамзат Абдуллаұлына, мектеп директоры Абдиманап Саматұлына,ауыл азаматтары  Акмал ағай,жеке кәсіпкер Ардаққа көп-көп  рахмет айтамыз. Сайысымызға  4 топ: Қыран тобы, Сұңқар тобы,Бірлік тобы ,Барыс  тобы  қатысқалы отыр

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Топтарымызды шақырамыз.

( Музыка ойнап тұрады,сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз) 1.Қыран  тобы    2.Сұңқар тобы    3.Бірлік тобы     4.Барыс тобы

Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

Әділ қазылармен таныс болыңыздар:

  1. Математика пәнінің мұғалімі-Ахметова Роза мұғ
  2.    Әкім  бас  маман-        Сейітбеков   Асылан
  3.    Ата-аналар комитеті атынан -Аппазова  Мағрипа

Әр сайыс кезеңі   «5» , «4», «3», ұпайлармен бағаланады.

Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып,сайысымызды  салтанатты түрде   Қ.Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)

  1. үй тапсырмасы

шарты:     (топтың аты,ұраны, мүшелерін  таныстыру 3- 5 минут, өздеріні таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;

2 тур.  Кім жүйрік?

Шарты:     Кедергілерден өтіп,қаппен жүгіру   ,аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.

Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

3 тур « мергендер» сайысы

Шарты:       Кедергілерден доппен  өтіп барып,«Шарды жару»,

Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

4 тур «Кім епті?

Кедергілерден жүріп,бір үлкен қасық суды алып төкпей әкелу керек

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

 5 тур «Картоп егіп кел де,жинап ал»

Шарты: Ойыншылардың алдында 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 — ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 — ойыншы егеді,4-ойыншы жинайды, Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алып,әділқазыларға береді  де , ойын аяқталады.

6 тур «көпірлерден өту»

Шарты:  әр топқа екі картон қағазды беріп,сонымен жүріп өтіп, берілген тапсырманы орындау,яғни  мақал-мәтелді  жалғастыру

7 тур «Кеңгуру»  Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу.Бұнда алдымен екі топ,келесі екі топ,сосын жеңген топтар бір-бірімен жарысады.

Әділ-қазылар алқасы, бағаларыңыз!

8 тур «капитандар сайысы»

( топ басшыларын шақырып алып    отырып-тұрып,тез-тез таблица айтқызу)

Өмірзақ Арайдың орындауында  «Анашым»әнін қабыл алыңыздар

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

Әділ-қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!

Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!

Мараппаттау рәсімі! Сайысымыздың бас жүлдесін 110 ұпаймен «Барыстар»тобы иеленіп,арнайы сый-сияпаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген -дей келе  бүгінгі  алтын уақыттарыңызды  қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!

                       

 

 

 

 

 

 

 

Сайысқа қатысушы отбасылар сайыс соңында

 

 

Сайыс кезеңдерін бағалаушы әділ-қазылар