«Сіз» деген -әдеп, «біз» деген –көмек.

149

 

Тақырыбы: «Сіз» деген -әдеп, «біз» деген –көмек.

Мақсаты: Сыйластық, қамқорлық  құндылықтарын ұғындыру.

Көмекке, сыйластыққа ,бірлікке тәрбиелеу.Үлкенге құрмет

көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын

меңгерту.

Көрнекілігі:интерактивті тақта.

I.Шаттық шеңбері:

-Балалар, «Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені»дегендей бәріміз,қонақтармен,бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен,

Сыпайылық белгісі-

Үлкендерге «сіз»деген.

Бүгінгі сабақта біз әдептіліктің бастауы- «сіз»бен «біз»туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:

-Адамдармен сіз деп сөйлескенде қандай сезімде боласыңдар? «Сен»деген де ше?

— «Біз»деп сөйлескенде ше? «Мен»деп сөйлескенде ше?

-Өздеріңе басқа кісілер «сіз»дегенде ше?»сен»дегенде ше?

Түйіндеу (мұғалім):

-қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған.Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты білдіреді. «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар.Сол сияқты жалғыз адам  бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.

II.Тыныштық сәті.

III.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу

Бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?

-Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істеген де қандай сезімге бөлендіңдер?Жалғыз істегенде ше?

-Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

IV.Тақтамен жұмыс:

«Көп жүрген жер –көңілді.,көп еңбегі-өнімді.»

-бір адам жалғыздан жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды,жұмыс жасаса да әрі қызықсыз,әрі қажыр қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса,жұмыс әрі қызықты,әрі тез, әрі тиянақты бітеді.Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңіл күйі көтеріледі,тіпті дем алады.Бұл адамды достыққа,қамқор болуға жетелейді.

V.Дәптермен жұмыс

Дәйексөзді жазу

VI.Жаттығу-ойлану.

-Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?

-Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

VII.Ойын. «Киіз үй»құрастыру.

Керегенің тапсырмасы:Бірлік бар жерде……..бар.(тірлік)

Бірлігі……..ел тозады,(жоқ)

Бірлігі ……..ел озады.(күшті)

Шаңырақ тапсырмасы…:……… тілеймін!(бақыт,байлық,денсаулық)

……………тілеймін!

………….тілеймін!

Есіктің тапсырмасы: ……….. келдіңіздер!(қош)

 

Мұғалім: Міне, балалар бәріміз бірлесіп жасаған еңбек нәтижесінде әдемі,жақсы тілекке толы үй құрдық.Бұл жай үй емес, достық, бірлік үйі.

 

VI.Жүректен –жүрекке.

-Әрбір адам  «сіз»бен «біз туралы ұмытпаса,оны өмірде қолданса ,онда барлық адамдар бір-бірімен жарастығын, сыйластығын табады.,әлемде тыныштық орнайды,бақытты өмір болады.»

 

Шеңбер құрып, құшаққа алып, қуанышты сезіммен : «сіз» «біз»бірге болайық!3рет