Таза болса табиғат, аман болар адамзат.

236

 

Сабақтың  тақырыбы: Таза  болса  табиғат, аман  болар  адамзат.

Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың  «табиғат», «денсаулық» құндылықтары  және

«табиғатқа  қамқорлық»  адами  қасиеттері  туралы  түсініктерін  кеңейту.

Міндеттері: 

  • табиғат пен  адамның  үйлесімділігі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру;
  • денсаулығын күту  іскерліктерін  дамыту;
  • табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын  сақтауға  тәрбиелеу.

Көрнекі  құралдар:  оқулық , дәптер.

Шаттық  шеңбері

  • Балалар, біздің асыраушымыз  да, панамыз  да  Табиғат – анамыз. Олай  болса  сабақты Табиғат – анаға  тілек  айтудан  бастайықшы.

Балалар  кезекпен  тілек  айтып  шығады:

  • Табиғат – анамыз таза  болсын
  • Табиғат – анамыз  көркем  де  сұлу болсын
  • Табиғатымыз ұзақ  жасасын  және  т.б.

Жер – ана:

— Балалар, адамның  денсаулықтан  асқан  байлығы  жоқ. Сондықтан да  өз  денсаулықтарың —

ды  табиғат  емшілеріне  де  қаратуды  ұмытпаңдар.

Күн:

Нұр – сәуле  шуағым,

Беретін  қуатым.

Ұлы  емші  боламыз,

Бізден  күш  аласыз.

Жылытып, қыздырып,

Нұрыма  жүзіңдер.

Алтындай  шуағым,

Сырқатты қуамын.

Ауа:

Жер  шары – ұлы  әлем,

Қоршаған  біздерді.

Ауадан  тыныс  ап

Өседі  ырыс – бақ.

Денсаулық  дауада,

Демге  күш  ауада.

Су:

Сусында  әрі дем,

Біз  емші  бәрінен.

Жуынсаң  сергітер

Су — өмір  жүрегі,

Денсаулық  тірегі.

Оқушы:

Уа, Жер – ана, Мөлдір  су, Таза  ауа, Алтын  күн!

Дені  сау  ұрпақтың  қалыптасуына  тағы  не  керек?

Жер – ана:

  • Денсаулығың мықты  болу  үшін  тұрақты  да  мәнді  өз  күшің  болуы  керек. Яғни  бойды  тік  ұстау, дене  жаттығуларын  орындау, табиғи  тағам  ішу, демалу, ақыл – ойды  дұрыс  қалыптастыру, жерің  мен  табиғатыңды  қорғау  керек.

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың көрініс бойынша түсініктерін кеңейте түсу үшін әңгімелеу ұйымдастырылады.

Алтын балық

Ертегі

 

 

 

Оқушылардың  түсініктерге сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады:

  • Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?
  • Сендер адамның орнында болсаңдар, қандай тілек айтар едіңдер?
  • Ертегідегі жағдайларға қазіргі қандай жағдайлар ұқсайды?
  • Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

 

Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:

  • Адамдар кейде өз қолындағы байлығының қадірін білмейді. Әдемілікке толы табиғатын, тап-таза суын, тұнық ауасын қымбат дүниелерге айырбастаған адам табиғат тазалығын ойламады. Табиғат тазалығы бұзылғаннан кейін адамдардың денсаулығы да, көңіл-күйлері де бұзылары анық. Сондықтан табиғатты таза ұстауға ұмтылайық.

Дәйексөз

  • Балалар, табиғаттың көркеюі мен таза болуына біздің қосар үлесіміздің бірі — өсімдіктер отырғызу, оны күтіп- баптау, өсіру.

Тапсырма

 

Дәптермен жұмыс

 

Қорытындылау

Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.

 

Жүректен жүрекке

Тазалықты сақтайық,

Табиғатты баптайық.

Бізге деген пайдасын,

Жақсылықпен ақтайық.