Өзін- өзі тану өмірді тану.

Өзін- өзі тану өмірді тану.

Мақсаты:

  • оқушыларға өзін-өзі тану пәні арқылы өзінің кім екенін таныту;

Міндеттері:

— «Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;

—  4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұнын меңгерту;

—  адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, түрлі суреттер, әуендер таспасы.

 

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру:
  2. Шаттық шеңбері:

Шұғылалы әлем. А.Асылбеков.

Осындай әлем бар,

Қызықты,Шуақты.

Әлемде әр ел бар,

Бақытты,

Қуатты.

Ондағы балалар

Жайдары,

Көңілді.

Бәрі де керемет!

 

  1. Ойланайық,пікірлесейік:
  • Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?
  • Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?

 

  1. Оқып үйренейік:

Мақтай неге мақталар? Е.Өтетілеуов.

Мақтайды жұрт Мақтайды,

Өйткені ол жақтайды:

Әдептілік,адамдықты,

Әділеттік,адалдықты,

Білімділік,батырлықты,

Дарындылық,даналықты,

Қайырымдылық,тазалықты,

Табандылық,қайсарлықты,

Талаптылық,жайсыңдықты,

Намыстылық,даралықты,

Жарқындылық,дарқандықты,

Сыпайылық,сыйластықты,

Сапалылық,қимастықты,

Елгезектік,ептілікті,

Ізеттілік,еркіндікті,

Зейінділік,зеректікті,

Мейірімділік,сергектікті,

Тәртіптілік,ісмерлікті,

Тұрақтылық,іскерлікті,

Өжеттілік,кішілікті,

Өнерлілік,кісілікті,

Міне,осындай Мақтайды

Үлкен-кіші жақтайды,

Мадақтайды,мақтайды!

 

 

 

  1. Әңгімелесу:
  • Өз бойларыңда мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?
  • Күнделікті өмірде осы қасиеттеріңді қай әрекеттеріңнен байқадыңдар?

 

  1. Жағдаяттарды талдау:

Мұғалім: Сен қай балаға ұқсағың келеді?Неліктен?

Оқушы:

  

  1. Оқып үйренейік:

«Екі дос» аңыз. 9-бет.

 

  1. Дәйексөзбен жұмыс:

« Адам өміріндегі ең қажетті білім- өзін-өзі тану». Б.Фонтеннель.

 

  1. Жаңа ақпарат:

Өзін-өзі тану өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдеріс.Ол адамның өзін — өзі, өзінің жан дүниесін танып білуіне, түрлі өмір белестерінен жаңылмай өтуіне көмектеседі.Жалпы-адамзаттық және ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады.

 

  1. Тапсырма:

Өз бойларыңнан қандай қасиеттерді көргілерің келетінін әңгімелеп беріңдер.

 

  1. Дәптермен жұмыс:

Берілген сұрақтарға жауап жаз.

  • Мен кіммін?
  • Менің мінезім қандай?
  • Менің мінезімнің жағымды жақтары қандай?
  • Менің мінезімнің осал жақтары қандай?
  • Мен қандай болуым керек?

 

  1. Жүректер жүрекке:

 

Керек. А.Асылбеков.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп,сыйлау керек.

Жастарға білім керек,

Бәрін де білу керек.

Азамат болсаң алғыр,

Анашың: «Күнім!»,-демек.

Сол үшін талмау керек,

Биікке самғау керек.

Бойыңда бар жақсыны

Халқыңа арнау керек.

  1. Қорытынды: «Өмір өзен » әнін қосылып роындау.