Өзімшілдік пен көпшілдік

90

Өзін- өзі тану . 4-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік

Дәйек сөз.

Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл.

Абай.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

* «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;

* өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

* көпшіл болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтижелер.Оқиғаның қалай өрбейтінін болжай алады. Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалатынын түсіндіреді.Өзімшілдік және көпшіл адамдарға тән қасиеттерді ажыратып айта алады.Қызғаншақтық жақсы қасиет еместігіне мысал келтіре алады.Бүгінгі сабақтан өздеріне қорытынды жасай алады.

Керекті жабдықтар: Оқулық, ,бағалау парағы,плакат, маркер, стикер

Сабақ барысы.

Кіріспе 10-минут

Балалар,бүгін өте қызықты сабақ,

Өткен тақырыпты еске түсірейік.

Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?

Әке өсиетін орындаған балалар қандай жетістікке жетті?

Балалардың бойынан қандай қасиеттерді байқадың?

Тұсау кесер.10-минут.

Қызығушылықты ояту.

«Топтастыру» стратегиясы

Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді топту

Енді осы жақсы қасиеттер бойынша 3 топқа бөліну.

 Мәтінмен жұмыс.

Ж.Байбұланованың   Қызғаныштың кесірі атты мәтінін оқушыларға 3 -топқа бөліп оқыту.

1-тапсырма: 5-мин

Маржан достарымен неліктен  дұрыс ойнай алмады?

 

 

2-тапсырма:5-мин

 Кестені толтыр.

 Өзімшіл бала қандай болады?                            Көпшіл бала қандай болады?

   
   
   

Негізгі бөлім. 20- минут

3-тапсырма.

 Алты ойлау қалпағы  әдісімен жұмыс жасаймыз.

 

 Ақ қалпақ тобы. Мәтіннен түсінгендеріңді айтыңдар.

Мәтіннің ішінен қажеттісіне назар аудар.

 

Сары қалпақ тобы.Маржанның жағымды жақтарын,жақсылықтарын айтасыңдар.

 

Қара қалпақ тобы.Маржанның жағымсыз жақтарын айтасыңдар.

 

Қызыл қалпақ тобы.Қыздар моншақты  Назгүл алсын деп шешті ,бірақ Маржан шешімді өзгертті осы шешімге қөзқарасың қандай?

 

Жасыл қалпақ тобы .Қызғаншақтық жақсы қасиет па?

 

 Көк қалпақ тобы.Барлық қалпақтар тобының жұмысын бақылап, бағалап өз ойыңды ортаға сал.

Топтық жұмысты бағалау

 

 

 

Критерийлер Баға
1 Топтық ережені сақтауы  
2 Топтық талқылауға қатысуы  
3 Оз ойы мен ұсынысының болуы  

 

Қорытынды. 5- минут

4-тапсырма:

 Мәтіннен мен не түйдім, нені өзіме  қабылдауға болады,ал нені қабылдауға болмайды?

Қабылдаймын Қабылдамаймын