«Иманды елге нұр жауар»

«Иманды  елге нұр жауар»

Өлең арнап, жыр жазам,

Абайдай әсем қалама.

Бой көтерді мешіті,

Дастандай дархан далаңда.

Дін өмірдің мәні деп ,

Ұғынса екен балаң да,

Ұрпақ үшін тер төккен,

Ағалар бар араңда.

Бет бұрсаң имандылыққа,

Алланың берері мол екен.

Ұлы мен қызы қазақтың,

Жүрер жолы сол екен.

Өмір әсем керемет,

Бағаласын балғындар.

Естен кетпес кеудемде,

Сызы қалған бір мұң бар.

Тіл менен дінді, тарихты,

Ұлықта ұлтқа жамағат.

Ар, ұятты сақтайық!

Келмесін елге жаман ат.

Иманды елдің ұрпағы,

Өскелең болып келеді.

Мешіті тұрса қазақтың ,

Жүрекке жылу береді.

Тәрбиесіз білім жоқ ,

Мұны да халқым біледі.

Азандап тұрса таң сәріде,

Жасыменен кәрі де,

Айғайлап салып әуенді.

Тербетеді бесікті,

Иманды елдің әулеті.

Берекесі кетпейді,

Жиналмаса дәулеті!.

Дін ислам баласы,

Аллаһқа бет бұрыңдар!.

Жүрекке иман беретін.

Мешітке келіп тұрыңдар!.