«Қазақстандағы опера өнері» Е.Г. Брусиловский.

142

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы опера өнері.»Е.Г.Брусиловский.

Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға опера өнері туралы

мағұлматтар бере отырып музыкалық танымдарын кеңейту.

Қазақстанның кәсіби композиторы Е.Г.Брусиловскийдің өмірі мен

шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін

дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге,ұйымшылдыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Әдісі:Венн диаграммасы,бес жолды өлең,топтық тапсырмалар.сұрақ-жауап,пікірлесу

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,үнтаспа,баян аспабы.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет,өнер,тарих

Сабақтың барысы:Ұйымдастырушылық кезең

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылар:Сәлем сізге,сәлем сізге,мұғалім.
Мұғалім:Амансың ба,оқушыларым,
Қал-жағыдайың жақсы ма?
Ән сабағы басталады
Бар ма оқу,құралың?
Оқушылар:Ән сабағы басталады
Ән айтуға біз дайын!
Мұғалім:Жарайсыңдар оқушыларым
Ал бастайық сабақты
Оқушылар.До,ре,ми,фа,соль,ля,си,до
До,си,ля,соль,фа,ми,ре,до

Жаңа сабақ.

А)Қызығушылығын ояту.

-Опера дегеніміз не?

Ендеше әр топ төмендегі сұраққа жауап берейік.

І топ.Екінші сыныпта  біз қандай операмен таныстық?

ІІ топ.Операдағы кейіпкерлер әнін не деп атайтын еді?

ІІІ топ.Операны кім жазады?

“Жыл басы кім болады” операсынан үзінді тыңдау.(үнтаспа)

Ә)Мағынаны тану.
Опера-театр сахнасында қойылатын музыкалық-драмалық шығарма
І топ.Операның театрларда қойылатын қойылымдардан ерекшелігі?

-Кейіпкерлері әнмен сөйлеседі.
ІІ топ.Операдағы кездесетін музыкалық жанрлар?

-Хор,би,ән,ария
ІІІ топ.Операны немен сүйемелдейді?

-Оркестрмен

  • Қазақтың кәсіби опера өнері бірнеше кезеңдерден өтті.Ұлттық опера негізінен халық музыкасы негізінде дамыды.
  • Қазақстандағы опера жанры ХХ ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді.
  • Опера жанрын дамытқан композиторлар А.Жұбанов. Қ.Мусин. Л.А.Хамиди.

С.Мұхамеджанов.Е.Г.Брусиловский         : (суреттері көрсетіледі)    

Бүгін сол композиторлардың бірі Е.Г.Брусиловскиймен танысамыз.

Евгений Григорьевич Брусиловский.(1905-1981)Ұлты орыс.Ресейден консервторияны бітірген бойдан Қазақстанға келіп жұмыс жасаған.

Е.Г.Брусиловский-алғаш қазақ операларының авторы. Көптеген жылдар бойы Алматы консерваториясында сабақ берген.Ол-Қазақ кәсіби музыкасының дамуына

үлес қосқан  қазақ композиторы.

“Қыз Жібек”жырына сүйене отырып Е.Г.Брусиловский Ғ.Мүсіреповпен біріге “Қыз Жібек” операсын жазды.

Топтық тапсырма.Төмендегі тақырып бойынша өз ойларын айту
І топ.”Қыз жібек” жыры туралы.
ІІ топ.”Қыз Жібек” кинофильмі туралы.
ІІІ топ.”Қыз Жібек” операсы туралы.

  • Музыкалық сауат:
  • Увертюра-операның мазмұнын ашатын,операның алдында ойналатын музыкалық шығарма.
  • Либретто-Операның мәтіні.
  • Лейтмотив-Операның музыкалық тақырыбы.
  • Ария-Операдағы кейіпкер бейнесін ашатын ән.

Ән үйрету.
“Көктем әні”әні:Б.Ысқақов.Өлеңі:Қ.Сыдықов.
Көктем айы туралы әңгімелесу

Сергіту.”Қыз қуу” ойыны.( Ойын арқылы нота сауаттылықтарын тексеру)

 

Ой-толғаныс

І топ-Бес жолды өлең.

1.Опера

2.Қызықты,тартымды.

3.Үлкен сахнада қойылды

4.Опера- сахнада қойылатын музыкалық-драмалық шығарма

5.Драма

ІІ топ-Венн диаграммасын құру.

 

ІІІ топ-Білемін,білдім,білгім келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ топ- «Білемін,білдім,білгім келеді» кестесін толтырады.

 

 

 

Сабақты қорытындылаужәне бағалау

Тақтадағы ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.

1.Опера қандай шығарма?

2.Қазақстанда опера қай кезден бастап дамыды?

3.Е.Г.Брусиловский кім?

4.Қазақ халқының ең алғашқы операсы?

5.Либретто мен лейтмотивтің айырмашылығы?

6.Увертюра мен арияның айырмашылығы?

7”.Қыз жібек” операсына арқау болған жыр?

8.Опера жазған қазақ композиторлары?

Үйге тапсырма

  1. «Көктем» әнін жаттау
  2. Е.Г.Брусиловский  туралы мағұматтар жинап келу.
  3. Теледидардан музыка тыңдап келу.