Денсаулық құпиялары

54

Денсаулық  құпиялары

Мақсаты:Денсаулық құпияларын  түсіндіру

Міндеттері: 1.Денсаулық  құпияларына  жеке тоқталып түсінік  беру.

2.

3.Салауаттылыққа  тәрбиелеу

І.Сәлемдесу

Амансың  ба,күн,

Амансың  ба , дос,

Амансың  ба, қонақтар

Баршамызға сәлем

ІІ. Шаттық  шеңбері

-Балалар  барлығымыз  шаттық  шеңберіне  жиналайық.

-Күніміз  ашық  болсын!

-Жеріміз  кең  болсын!

-Ауамыз таза  болсын!

-Суымыз  тұнық  болсын!

-Гүліміз  жақсы  өссін!

ІІІ.Жаңа  сабақ

-Балалар  бүгін  біз  денсаулық  құпияларымен  танысамыз.

-Деніміз  сау  болу  үшін  не  қажет?

 

 

 

сызба

Олай  болса денсаулық  құпияларына  тоқталып  өтейік.

1.Таза  ауа   қажет.

«Басты  байлық –денсаулық»

Бабаң  айтқан  даналық.

Ол  үшін  көп қозғалып,

Таза  ауа жұт көбірек.

2.Табиғи  су қажет.

-Адам сусыз  өмір  сүре  ала ма?

-Адамға  су не  үшін  қажет?(оқушылар өз  ойларын айтады)

Су-табиғат  байлығы,

Өзен-көлге  барғайсың.

Кемі екі  рет  әр  күні

Суға  түсіп  алғайсың.

3.Келесі құпиямыз-спорт.

-Енді  спорттың  қандай  түрлерін   білеміз?

Спорт  түрлері:баскетбол,футбол,жүгіру …

Жазда  суда  жүземіз,

Құмда күнге  күйеміз,

Жалаң  аяқ  жүреміз,

Қыста қызып  денеміз,

Коньки,шаңғы  тебеміз.

Жалқаулықты  тастаймыз,

Жаттығуды  бастаймыз.

 

4.Келесі  құпиямыз –жан  сұлулығы.

Жақсылық  айтып  басқаға,

Ортаға  ойды  салғайсың.

Тек  мақтанба,жасқанба,

Сұлу  жанды  болғайсың.

ІV.Шығармашылық  жұмыс

(Әр  оқушыға    көгершіндер таратылады.Сол көгершіндерге оқушылар өз ойларын,өз  тілектерін  жазады.Жазған  көгершіндерді  ұстаздарына  береді.)

V.Мәтінмен  жұмыс

Тәтті  алма мәтінін  үнтаспадан  тыңдау.

М.Әбдірашева

  Баян  бақты  аралап  келе  жатқан.Бір кезде алдына топ  етіп  алма түсті. Өзі қып-қызыл, үп-үлкен,Баян  қуанып  кетті.Қызығып қолына  алды.

Дереу жемек боп  аузына апара  бергенде алма  оған:-Баян, сен алдымен мені  жу,-деді қолынан сусып түсіп.-Неге?-деді Баян таңырқап.-Жумай  жесең,ішің ауырады,-деді алма сілкініп қалып.-Міне,көрмейсің бе,үсті-басым шаң  тозаң.

Баян ұялып  қалды. Апасы  да  ылғи : «Қолыңды жу»,-дейтін.Енді соны өзіне мына алма да  айтып тұр. Баян ақылды алманың айтқанын істеді.

 

  • Сендерде осындай  жағдай  болды  ма?
  • Тазалықтың денсаулыққа қандай  әсері бар?

VІ.Тыныштық  сәті.

-Балалар барлығымыз  орнымызда  отырып көзімізді  жұмып,жақсы ой  ойлайық.(2-3 сек) Жақсы  ой  ойлап  болсақ,көзімізді  ашайық.

VІІ. Дәйексөз

-Енді  бүгінгі  сабағымыздың дәйексөзін дәптерімізге  жазып  алайық.

Жаны  саудың –тәні  сау.

Халық  даналығы

VІІІ.Жүректен-жүрекке

-Енді  балалар  сендерді  шаттық  шеңберіне  шақырамын.Әр  оқушы өзінің  қасында  тұрған  оқушыға  жылы  лебіздерін  білдіреді.

ІX. Қорытынды.

-Балалар  бүгін  біз қандай  тақырыппен  таныстық?

-Денсаулық  құпияларымен.

-Олай  болса,денсаулық  құпияларын қайталап  өтейік.

сызба

Балдырғандар  әнімен сабағымызды  аяқтаймыз.

Сөзін жазған: Н.Жанаев

Әнін  жазған: Б.Дәлденбаев

Біз балдырған  баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің  төрінде,

Алау  болып  жанамыз.

 

Алау  болып  жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке  қанат  қағамыз.

Үйге  тапсырма