Ұқыпты бала- әдепті бала.

208

Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала- әдепті бала.

Сабақтың мақсаты: балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-Білімділік: Ұқыптылық, жинақылық, әдептіліққе туралы түсінік беру.

-Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептіліқ тәрбиелеу.

-Дамытушылық: Сыпайлық қарым- қатынастратын дамыту.

Сабақтың  көрнекілегі: Оқылық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат.

Сабақтың типы: Білім, іскерлі, дағдыны дамыту сабағы.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі:

                                      —  Сәлемдесу;

—  Қызығушылықты.

                                      ІІ. Негізгі бөлім:

—  Әңгімелесу;

—  Жағдаяттар кезінде ойлану;

—  Шығармашылық жұмыс;

—  Мәтінмен жұмыс;

—  Сергіту сәті;

—  Шығармашылық жұмыс.

                           ІІІ. Қорытындылау:

                           —  Есінде сақта;

                           —  Рефлексия;

                           —  Қорытындылау.

 

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезені:

                     — Сәлеметсіздерме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен жүргіземін.

Қызығушылықты ояту:

Бүгінгі сабағымызда «Ұқыпты бала- әдепті бала» тақырыбын жалғастрамыз. «Мен әдепті баламын, өйткені…» ойын жалғастырып, ұйқастырып өз ойларын білдіру аркылы алғашкы баладан басталып соңғы оқушыға дейін жалғасады.

Негізгі бөлім:

Әңгімелесу

Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектің адамы бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.

  • «Өзара сыйластық»дегенді қалай түсінесіздер?

(адамдар бірін бірі сыйлап, құрметтеу).

  • Әдептілік деген ұғымды қалай түсінесіндер?

(адам, бойындағы жақсы қасиет).

  • Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсете аласындар? (ата-анамызға үлкен кісілерге, достармызға, жақындарымызға).
  • Адамның әдептілігін қалай білуге болады?(оның іс-әректетінен).
  • Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай-ақ жасы кіші, сыйлы адамдармен «Сіз» деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайлықты, адамға деген сыйластықты, құрметті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмайды, оның адамдағы адамдармен бірге көрінісі.

Жағдаяттар кеінде ойлану:

І-жағдаят:

Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетер кезінде:

  • Балам, біз жұмыстан келгенше сабағынды оқып болған соң, үйдің айналысын жинастыр, үйге су алып кел, -деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң үйге онын достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды утбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешісініңтапсырмасын орындарын немесе достарының көнілінен шығу керек екенінбілмей дал болды.
  • Ұланның орнында болсан не істер едің?
  • Ия, дұрыс айтасың, біз әрдайым үлкеннің айтқан тындап, оларды құрметтеуміз керек екен.

ІІ-жағдаят:

Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкенге келе жатыр еді, Ернар:

  • Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші, -деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, Ернарға әлде нені түсідіре бастады.
  • Жаңыл не туралы айтты деп ойлайсындар?
  • Ернардың орнында болсаң нем істер едің?
  • Иә, балалар, үлкен-кішіні сыйлау, үлкеннің ақылын тындау, сөзге тоқтау-инбаттылық, сыпайылықтың көрінісі.

Шығармашылық жұмыс:

  • Қәзір сендер «Ұқыпты болу үшін» не істеу керек? Деген сұрақ төңірегінде ойланып отырып, кеңестер мен қағидалар жазасыздар.

Мәтінмен жұмыс: Оқулықтан М. Гумеровтың  «Дәме» әңгімесін оқу.

Мәтін бойынша сұрақ:

                          *Ал сендер қалай ойлайсындар? Мүмкін бе? Неліктен?

Сергіту сәті:

1,2 басымыз тік

3,4 қол созамыз

5- дегенді қолды сермеп

6- деп партаға отырамыз

Әдептілік сақтап ойлаймыз

Әдептілік сақтап өрлейміз

Шығармашылық Жұмыс:

Оқушылар 3 топқа бөлінеміз.

1- топ «Ұқыпты бала»

2- топ «Ұқыпсыз бала»

3-ші топ «Мен әдепті баламын» берілген тақырыптар бойынша тірек-сызба құрастыру.

Есіңе сақта:

  • Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.
  • Басқалардың өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді      нақ солай ұста.
  • Сыпайы достык пейілмен сәлемдес.
  • Сыпайлық, әдептілік ережелерін сақта.

Рефлексия:

  • Ал балалар осы сабақтан не үйрендік?
  • Өздеріңе қандай ой түйдіндер ?
  • Кімнен үлгі алар едіндер?

Қорытындылау: Сонымен, әдептілік деген не? Қане, әдептілік сөзін топтасырайықшы: