Салауаттылық-өмір негізі

391

Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық-өмір негізі

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту  және өз өмірін сақтауға үйрету.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекілік:компьютер,интерактивті тақта,үнтаспа

Күтілетін нәтиже:зиянды әдеттерден аулақ жүріп,салауаттылық өмір салтын ұстануды үйрету.

 

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге жақсылық , жарасымды көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық. Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
2.Тыныштық сәті:

-Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсаулық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңда шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар.Рахмет

Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»

Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.

Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

 

 

3.Дәйексөз

Дені саудың – жаны сау.

Денсаулық-зор байлық.

Халық мақалы

Пікірлесу:

1.»Денсаулық- өмір негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

3.Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?

4.Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне қандай зияны бар?

5.Дені  сау адам қандай болады?

4.Әңгiмелеу.

Денсаулық дәрісі.

(аңыз әңгіме)

Бір патша ауырып жатқанда сарайындағы емші оған ем ретінде  «Денсаулық» салатын жасап жеуді ұсынады.  Ал, салат құрамы мынандай екен: «Тыңдай білудің тамырын , тіл табысудың жапырағын салыңыз, жан тазалығы мен сенім жемісін қосып,бәрін сабырлықтың ыдысында сақтап, күнде  пайдаланыңыз»- деген екен.

1.Емшінің сөзінен кейін патша  емді өмірінде  қалай  қолданады деп ойлайсыңдар?

  1. Ал, балалар, қалай ойлайсыз, бұл салат пайдалы ма екен?
  2. Ал, балалар, бұл салатты өз өмірімізде пайдалансақ, бұл біздің дұрыс жасағанымыз ба?

5.Шығармашылық тапсырма,топпен жұмыс
1-тапсырма

1-топ Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды айту

2-топ Денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлалды айту

2-тапсырма Сөз ұйқастары беріледі,өлең құрастыру керек.

1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

6.Топпен ән айту

«Балдаурен» әнін үнтаспаға қосылып айту.

Музарт тобы

7.Сергіту сәті

Жұмбақ шешу.

1.Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі.         (Денсаулық)

 

  1. Ертемен күнде сен

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір, ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не?        (Сабын)

  1. Шомылған баланы

Аймалап алады:

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не?             (Сүлгі)

  1. Сырты жаман, іші жын,

Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)

  1. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді.   (Темекі

Мақал-мәтелдің жалғасын табу

  • Дені саудың – (жаны сау).
  • Ішің ауырса, аузыңды тый.

(Көзің ауырса, қолыңды тый)

  • Ауырып ем іздегенше,

(Ауырмаудың жолын ізде)

  • -Тісі саудың –(іші сау)
  • Аурудың бәрі…….(жүрекке тиеді)
  • Ескі ауруды……( емдеу қиын)
  • Ас –(адамның арқауы)

8.Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

 

9.Үйге тапсырма:

1-тапсырма

Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтыру.

«Біз салауатты өмірді қолдаймыз» тақырыбында сурет салу

Қорытынды:
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.

“ Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның

Өміріміз — өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

10.Соңғы тыныштық сәтi.

Жай әуен қойылады.

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттеріңді жүрегіңізге түйіп алыңыздар..