Салауатты өмір салты

64
Пәні Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы Салауатты өмір салты
Сабаақтың түрі Жаңа сабақ
Дерек көзі Оқулық, дәптер, слайд, видио
Жалпы мақсат Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Оқыту нәтижесі —       Салауатты өмір салтының мәнін және зиянды заттарды қолданудың алдын алудың мәнін түсінеді;

—        Салауатты өмір салтын ұстануға қызығушылықтары артады.

—       Шығармашылық қабілеттері дамиды

Сабақ барысы
  1. Әнгімелесу
  2. Бейне роликке талдау жасау
  3. Дәйексөздің мәнін ашу
  4. Өзіммен-өзім сергіту сәті
  5. Мәтінмен жұмыс
  6. Жүректен жүрекке
  7. Үй тапсырмасы
Қорытынды Мұғалімнің сабақты қорытындылауы.
Мұғалім жазбасы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы

іс-әрекеті

Уақыт Жабдыықтар
Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Оқулықта берілген Қ.Жұмағалиевтің «Жастар әні» әнін айтып шаттық шеңберін құру. Оқушылардың назарын сабаққа аударту

Оқушының назары сабаққа ауады 4  мин. 2 слайд
  Сабақ мақсатымен таныстыру Слайдтан сабақ мақсатын оқып танысады 30 сек 3 слайд
І. Әңгімелесу ü Адам өміріне зиянды зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? Неліктен?

ü Адамдар неліктен темекі шегеді деп ойлайсыңда?

ü Сізге түрлі іс-әрекетке барар алдында «қаламаймын, бірақ осылай ітеу керек, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін» деген ой келе ме? Әлде іске бірден кірісіп кетесіз бе?

ü Ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы баяндап беріңіз?

 

Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады. Оз пікірлерін ортаға салады. 8мин 5 слайд
ІІ. Бейне роликке талдау жасау

 

Бейне роликті көруге ұсынады. Бейнероликті талдауға сұрақтар қойылады.

1.    Осы бейне роликті  көрген соң қандай ойға келдің?

2.    Бұл бейне роликті көру арқылы  қандай ой түюге болады?

Оқушылар бейнероликті көреді. Сұрақтарға жауап береді. Зиянды әдеттерден аулақ болуды түсінеді. 15 мин Бейнеролик
ІІІ. Дәйексөздің мәнін ашу

 

Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын ем ізде! (халық мақалы) Оқушылардың жеке көзқарастарын айтқызып, ой тұжырымдарын жасатады. Өз пікірлерін айтады. Сабақта  талданып отырған мәселенің адам ағзасына әсерін, адам денсаулығының құнды екенін ұғынады. 5 мин 4 слайд
ІҮ. Мәтінмен жұмыс В. Ягодинскийдің мәтінін оқушыларға тізбекпен оқыту. Мәтіннің төмендегі берілген сұрақтары бойынша талдау жасату.

ü Зиянды әрекеттердің адам ағзасына тигізетін әсері қандай?

ü Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

 

Сұраққа жауап береді. Өз ой-тұжырымдарын айтады. 8 мин 5 слайд
Жүректен жүрекке Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді айта отырып, бірі-бірімізге жүректен-жүрекке жететіндей тілек бірлідейік. Оқушылар сабақтан әлған әсерімен бөлісіп, бір-бірлеріне тілектерін айтады. 6 слайд
Үйге тапсырмасы Шығармашылық жұмыс. 1) Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізу  (оқушы дәптері -19бет. 1-тапсырма) .

2) Зиянды әрекеттердің салдарын түсіндіру үшін зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы қосымша мәліметтер жинап әкелу.

 

7 слайд