УАҚЫТ — МЕЗГІЛ ПЕРНЕСІ

309

Сабақтың тақырыбы:  УАҚЫТ — МЕЗГІЛ ПЕРНЕСІ

 

Мақсаты: «Уақыт» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

 

Міндеттері:

—    «уақыт» ұғымын құндылық ретінде түсіндіру;

—     жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

—     уақытты бағалай  білуге үйрету.

 

Сабақтың жоспары

І. Шаттық шеңбері

ІІ.Әңгімелесу

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

ІҮ.Жаңа ақпарат

Ү. Дәйексөз

ҮІ. Шығармашылық жұмыс

ҮІІ. Назар аударайық

ҮІІІ. Тапсырма

ІХ. Үйге тапсырма

ІХ. Жүректен жүрекке

 

І. Шаттық шеңбері

Мен үшін уақыт ….

 

ІІ. Әңгімелесу

Бүгінгі өтіліп отырған тақырып жайлы ойлануға мүм-кіндік туғызу мақсатында төмендегідей сүрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.

1.Адам өмірін уақытпен байланыстырудың мәні неде деп ойлайсыз?

  1. Уақытты бағалай білесіз бе?
  2. Өзіңізге уақытыңыз жеткілікті ме?

 

ІІІ. Мәтінмен жұмыс 

 

Уақыт құңдылығының мәнін түсіну үшін Ә. Нүршайықовтың естеліктерінен алынған үзінді берілген. Бүл мәтін арқылы оқушыларды әрбір жас кезеңінде уақытты тиімді пайдалана алуға үйретіп, уақыттың өткінші құбылыс екендігін түсіндіру мақсаты көзделеді.

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

Казіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні — жылға азық», — дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні — сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің үзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шүбатылып, ол тез өтіп кетпек, оны өз түсыңнан өте бергенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың.

 

  • “Уақытты мәнді өткізу” дегенді қалай түсінесіз?
  • Мәтіндегі ойлармен келісесіз бе?
  • Өзіңіз уақытыңыздың көбін неге арнап жүрсіз?

ІҮ. Жаңа ақпарат

Пенде баласы уақытқа тәуелді. Өйткені, оған шектеулі ғұмыр берілген. Адамның өмірі – туылған сәті мен өлім аралығындағы мерзім. Сол себепті, уақыттың құны ерекше. Еш нәрсені пайымдамайтын парықсыз пенде ғана өзіне берілген шектеулі уақыттың бағасын ескермейді. Өтіп жатқан әрбір сәт өміріміздің қайтып келмес бөліктері. Адам қымбат, бағалы бұйымдарын – алтын немесе ақшасын жоғалтса, оны тауып, орнын толтыра алады. Ал, өткен уақыт қайта айналып келмейді

Мысалы, Абай атамыз:

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман…, – десе шығыстың шайыры Ахмад Шауһи:

Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман,

Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.

Ескертемін, ей адамзат, өмірің

Минуттар мен секундтардан құралған… – дейді.

 

63 жыл  өмір сүрген адам

Күніне 8 сағат жұмыс істесе, оның өмірінің 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен.

Тәулігіне 8 сағат ұйықтаса тағы бір 21 жылы ұйқыға кетеді.

6 жылы тамақ ішуге, 5 жылы сапарларға,

2 жылы телефонмен сөйлесуге, кететін көрінеді.

1 тал темекі шегуге 6 минут уақыт бөліп,  бір күнде 10 тал темекі шексеңіз 60 минут яғни, 1 сағат уақытыңыз кетеді. Осы уақытты

1 жылға көбейтетін болсақ, жылына 365 сағатыңыз желге ұшады

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,  деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.
Ү. Дәйексөз

Оқулықта берілген «Уақыттың бос өткені — өмірдің бос кеткені» деген мақал сабақтың дәйексөзі ретінде түсін-діріліп, талқыланады.

 

ҮІ. Шығармашылық жұмыс

Уақыт өлшемдерінің  мағынасын ашып, бір уақыт өлшеміне  мысал келтіру.

Ас пісірім.  2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем

Ет асым.      2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі

Ет пісірім.    Асқан ет пісетіндей уақыт

Ет қайнатым.    Қазанға салған ет қайнайтындай  мерзім

Қайнам.                   Қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі

Сүт пісірім.     Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем

 

ҮІІ. УАҚЫТТЫҢ ЖАУЛАРЫ А. Файзуллина

  • Түсініксіз мақсаттар;
  • Тыңдай білмеу;
  • «Жоқ» деп айта алмау;
  • Асығыс шешімдер;
  • Бәрін бірден орындауға үмтылу;
  • ¥мытшақтық;
  • Толық ақпараттың болмауы;
  • Өзіндік тәртіптің жоқтығы;
  • Жоспарлай білмеу;
  • Тосын шешімдер;
  • Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен.

 

ҮІІІ. Экологиялық уақыт өлшемдері

Ай туғанда

Алғаш қар жауғанда

Жұлдыздар өшкенде

Күн батарда

Күн арқан бойы көтерілгенде

Күн төбеге көтерілгенде

Қансонарда

Таң бозарып атқанда

Шөп сарғайғанда

 

ІХ.Тапсырма

 

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

Елу жылда ел жаңа.

Адамды заманы билейді.

Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

Уақыттың бос өткені — өмірдің бос кеткені.

Жан жарасына уақыт емші.

 

Х. Үйге тапсырма

Берілген ойды оқып, өз тұжырымыңызды ұсыныңыз.

Ұйықтар алдында өткен күніңді өзіңнің не істеп,

не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма.

Пифагор

ХІ. Жүректен жүрекке

Бізге берілетін уақыттың әрсекундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз.

1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың.

1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың

1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың.

1 сағаттың қадірін білгің келсе бір- бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың

1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың

1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың

1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың.

Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.

Ең қиын жоғалту — уақытты жоғалту.

Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.

Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!

Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.