Адал достық –алтыннан да қымбат

Мақсаты:  Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Барысы:

I.Ұйымдастыру .

— Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

  1. II. Оқушыларға тақырыпты ашу сұрақтары:

 

1)»Дос деген кім?» сауалына сызба арқылы жауап беру.

2) Дос дегенді қалай түсінеміз?

3)Досың бар ма? Ол қандай?

4))Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

5)Достық жасқа байланысты ма?

6) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

8)Досыңды неге теңер едің?

9)Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

 

 

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.  Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Дос қандай болу керек?

 

Жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым мейірімді, кешірімді, адал, төзімді, ақылды, сабырлы,

салмақты, кек сақтамайтын.

 

  1. IV. Мақал-мәтелдер

 

  1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
  2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
  3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
  4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
  5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
  6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

  1. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
  2. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

  1. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
  2. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

  1. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
  2. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».


  V.Мінездеме:

Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.

А) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

Ә) «Менің досым» тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады.

VI.«Жалғастырып көр» ойыны

а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені…

ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім…

б) Сыйластық бар жерде…

VII. Сауалға жауап іздеу.

А) Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ә) Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

Б) Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

В) Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Г) Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.  Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?