«Махаббат – өмір мәні»

 

Тақырып: «Махаббат – өмір мәні»

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: Сыйластық,адалдық,сенімділік,ізгілік.

Мұғалiм: Джумабаева А.А.

Сынып- 5    Оқушылар саны-22

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмірдің мәні сүйіспеншілікте екенін ұғындыру.

Міндеттері:

— Оқушыларға сүйіспеншілік ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

-Балалардың бойындағы адалдық,сенімділік,ізгілік қасиеттерін дамыту;

-оқушыларды өз анасын,жақындарын,достарын,айналасындағы адамдарды риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.Оқушылармен амандасып, «Өзін – өзі тану»сабағының ережесін «5Т»қайталап,сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын«5затты»тексеріп,ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену.»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

2.     Үй тапсырмасын тексеру (Мәтінмен жұмыс)

№9 тақырыптағы З.Воскресенскаяның «Ана»атты әңгімесін оқып,өз түсінегі бойынша толықтырып келу.

Мәтін бойынша пікір алмасу:

1.     Ана деген ұлы ұғымды қалай суреттер едіңдер?

2.     Ананың өз перзентіне деген шексіз сүйіспеншілігі жайлы не айтасыңдар?

3.     Неліктен адам есейіп кетсе де анасының махаббатын аңсайды деп ойлайсыңдар?

 

 

 

Сабақ барысын талдау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың денелері сергіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелеу

3.     Дәйексөз.

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.

                                             В.Т. Белинский

Дәйексөз оқушылармен бірге талданып,мәні түсіндіріледі.

Дәптерге жазып,жаттап келу тапсырылады.

Оқиды,қайталап оқиды.
4.     Әңгiмелеу Мұғалім сыйы.

Мұғалімнің сыйы: «Ананың құшағы ғана» (Аңыз әңгіме)

 

Адам “адам” болғысы келсе, алдымен Ананы қастерлей білуі керек. Өмірде Ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар адам Аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл Ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім – Ананың мейірімі мен құшағы ғана.

 

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Бұл мәтіндегі  Ана алақанының қызуы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты Ана ретінде қабылдап, соның бауырына не себепті тығылды деп ойлайсыңдар?

3.Өз аналарыңның мейірімі мен махаббатын қалай сезініп жүрсіңдер?

 

Әңгімелесу
1.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байлансыты болады.

Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата- анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.

 Олай болса,оқушылар аналарымызға сыйлық ретінде гүл шоқтарынын суретін  салып,сыйлайық.

(10-15 мин)

О, анашым,

Таянышым, тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Қашан да мен жақсы болса екен деп

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Туған жердің,

Жайнап тұрған даламның

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын.

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым,

Міне, гүлім!

Мен де гүлдей балаңмын

 

Ана туралы нақыл сөздер:

 

«Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің»

«Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада»

«Ата – асқар тау,ана етегіндегі бұлақ, бала жағасындағы құрақ»

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да ,қарызыңнан құтыла алмайсың»

«Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер.»

Тапсырма орындайды
2.     Топпен ән айту.

Құттықтаймын, мама, тұған күніңмен.

1. Нұрын төккен маған,

Шуағымсың — сен!

Айналайын,мама,

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені,

Жұбанышым – сен!

Құттықтаймын сені

Туған күніңмен!

2. Аялаған мені

Салтанатыңмен!

Құттықтаймын сені

Ән қанатымен.

Бақытты ғой заман,

Қандай көңілді!

Мен тілеймін саған

Ұзақ өмірді!

 

 

Хормен ән айтады.
3.     Үй тапсырмасы.

10 сабақ .Ә.Табылды «Қасиетті туған жерді қастарле»(үзінді )оқып келу.

 

 

 

 

 

 

Әңгімелесу
4.     Соңғы тыныштық сәтi.

 

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

 

Бойлары сергіледі.