Төрт түліктің кеңесі

645

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың мақсаты:  Төрт түлік мал өрісімен,тіршілік         табиғатымен,қадір-қасиетімен таныстыру.Төрт түлікті қадірлеуге баулу.

Дамытушылығы:Төрт түлік туралы жұмбақтар,ертегіні сахналау арқылы танымын,ойын,тілін дамыту.

Тәрбиелілігі: Еңбекқорлыққа,іскерлікке,әдет-ғұрыпты  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Көрнеклілігі: Төрт түлік суреттері,тақырыптық суреттер.

Сабақ жүрісі :

  1. Ұйымдастыру бөлім.

Қане,қатар-қатар түзеліп

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп

Түп-түзеу болып тұрайық

Бірінші қатар жай отыр

Екінші қатар сенде отыр

Үшінші қатар тез отыр

Топқа бөлу

1топ-«Құлыншақ»

2топ -«Ботақан»

3топ -«Қошақан»

  1. Үй тапсырмасын бекіту.

1 топ «Құлыншақ» — «Түйе»өлеңін мәнерлеп оқу.

2 топ «Ботақан» — суретпен жұмыс.

3 топ «Қошақан» — Түйенің  пайдасы туралы әңгімелеу.

  1. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.

Ал, қанекей балалар!

Мен, бір жұмбақ айтайын

Шешуін қай топ тез таба алар?

  1. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ

Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ  (Жылқы)

  1. Екі айнасы бар

Қызық найзасы бар   (Сиыр)

  1. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Екі құлағы бар және  сақалы бар    (Ешкі)

  1. Үстінде екі тауы бар

Өзі қызық  жануар   (Түйе)

-Бұл жұмбақтың шешуі- Жылқы,Сиыр,Ешкі,Түйе.

-Барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?(төрт түлік мал)

  1. Ой қозғау: Төрт түлік ерекшеліктерін атау.

Мұғалім Түйе төрт түліктің ең ірісі.Оның жүні,еті,сүті пайдалы.

Түйе шөлге өте шыдамды.Төлі бота. «көс-көс» деп шақырады.Тү- йе пірі -Ойсылқара.Түйе төлін 12 ай көтереді.Түйе тобын «келе» деп атайды.

1 топ Сиыр ірі қара малға жатады.Еті тамақ,сүтінен айран,құрт, ірімшік,май алынады.Сиырды «ахау-ахау» деп шақырады.Сиыр тө — лін 9 ай көтереді.

2 топ Жылқы жеті қазынаның бірі.Ол сезімтал,талғампаз жануар.Жылқыда өт болмайды.Жылқыны көлік ретінде пайдала-  нады.Жылқы  сүтінен қымыз жасайды.Жылқының әбзелдері мыса – лы: ер,ноқта,үзеңгі,қамшы.

3 топ Қой төрт түлік мал ішіндегі ең жуасы.Қой еті,жүні,терісі пайдалы.Жүнінен киіз басады,түрлі киім-кешек тоқиды.Сүйікті шө- бі жусан.Пірі Шопан ата.Қойды «пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

 

-Дұрыс, балалар.Әр топ өз білетіндерін барынша айтып берді.Енді төлдер енесі өріске кеткенде қарны ашқанда өздеріне тән дыбыспен маңырайды,кісінейді,боздайды.

— Енді төрт түлік төлдері туралы не айта аламыз

 

1 топ :    Күмбір-күмбір әні бар

Желпілдеген жалы бар

Желдей жүйрік құлыншақ

Желмен шапқан жануар

 

2 топ:     Боо-боо деген әні бар

Енесін тез сағынар

Жібек жүнді ботақан

Мөлдір көзді жануар

 

3 топ:      Мә-мә деген  әні бар

Жібек тоны сәні бар

Қошақаным момақан

Сүйкімді бір жануар

  1. Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу,түсініп алу.

2.Мәтінді рөлге бөліп,мәнерлеп оқу.

 

  1. Сергіту сәті

«Төлдер» әні

 

  1. Дәптермен жұмыс

Төрт түлік төлдерін жазу

8 Шығармашылық жұмыс Т,е,қ,а,л,ш,ж,к,й,і,ү,з,ұ,н,и,ы,о,с,р.

Берілген әріптерден 4 түлік аттары мен төлдерін жазу

Ешкі,түйе,құлын,жылқы,қозы,сиыр,лақ,қой….

 

9.Мәтінді сахналау.

  1. Пысықтау.

Төрт түлік бағып  күтуге байланысты енбек түрлін ата.

 

11Сабақты қорытындылау:

                      1.Сабақты кесте бойынша қорыту. (Сұрақтың жауабын реттік санымен  

белгілеу)

Сұрақ   Жауап
1.Мал атасы Еті,сүті,терісі,жүні
2.Мал төлдері Шопан ата,Зеңгі баба,Шекшек ата,Қамбар ата,Ойсылқара
6.Малдың пайдасы Жоңышқа,жаңқа,жусан.
4.Малдың сүйікті асы Шопан,жылқышы,бақташы,түйеші.
5.Кім бағады Қозы,бұзау,лақ,бота,құлын.

 

2.Тестпен жұмыс .

 

1, Түйе баласын қалай шакырады?

а) пұшайт-пұшайт

ә) көс-көс

б) кұрау-кұрау

 

2 Қой атасы кім?

  1. a) Шопан ата

ә) Қамбар ата

б) Ойсыл қара

 

  1. Төрт түлікті ата.
  2. a) қой, ешкі, сиыр түйе

ә) мысық, күшік, тауық

б) қасқыр, қоян, түлкі

 

  1. Жылқының төлі?
  2. a) ботақан

ә) қошақан

б) құлыншақ

 

5.Түйе не істейді?

а) кісінейді

ә) мөңірейді

б) боздайды

 

 

 

Білгенім  Үйренгенім Үйренгім келеді

БҮҮ кестесі бойынша оқушылар сөйлейді:

 

 

  1. Үйге: Төрт түліктің кеңесі. Мәнерлеп оқу ,мазмұнын айту Қалаған

төрт түлік төліне  1 шумақ өлең шығару.

13.Бағалау:

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп оқып

Өсе берсін санамыз