« Бақыт құшағында »

175

 

Тақырып: « Бақыт құшағында »

Құндылық: бақыт

Қасиеттер: қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту

Мұғалiм: Джумабаева А.А.Сынып- 9    Оқушылар саны-22

 

 

Сабақ мақсаты: оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.

Міндеттері: -оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру.

-оқушылардың рухани-адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) ресурстар

 

   теледидар, караоке диск, интерактивтік тақта, релаксациялық әуен. 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

2.     Тыныштық сәтi.

Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

3.     Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Ойланайық, пікірлесейік!

Әңгімелесу жүргізу:

1.Бақытты болу дегенімізді қалай түсінесіңдер?

2. Өмірдегі ең қуынышты сәттің мәні неде?

3. Бақытқа жетуі үшін адам не істеуі керек?

Сонымен, бақыт дегеніміз- алға қойған мақсатың мен көксеген арманыңның орындалуы.

 

Сабақ барысын талдау:
4.     Дәйексөз.

 

«Бақыт әрдайым батыл адам жағында.»

П.Багратион

 

(оқушылар талдап болғасын  2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады)

 

 

Әңгімелеу.

 

Бақыт құсы (ертегі)

 

Ертеде бір кедей бала қой бағып жүріп, жерде жатқан қанаты сынған балапанды көреді. Оны сол бойда алақанына салып, үйіне алып келеді. Әке-шешесіне, інісіне көрсетіп, шағын ұя жасап, бағады. Әкесінің көмегімен қанатын емдеп, жазады. Балапанға өздері сауып отырған жалғыз сиырының сүтін беріп асырайды.

Бала қой бағуға кеткенде тентек інісі балапанды қызық көріп, ұядан шығарып алып, ұрып-соғып, қинайды екен. Соған шыдамаған балапан өскеннен кейін ренжіп, бір жаққа ұшып кетеді. Бала жылап, оны қанша іздесе де, еш жерден таба алмайды. Сол құс ұшып кеткелі інісі қатты ауырып, малдары өліп, үй іші көп қиындық көреді.

Бір күні бала осы қиындыққа шыдай алмай, далада жылап отырса, қасына бір құс келіп қоныпты. Ол баланы жұбатқандай болып, айналшықтап, шықылықтай береді. Анықтап қараса, баяғы өзінің балапаны сияқты, тек аздап өсіп кеткен. Бала қатты қуанып:

 

—        Енді сені ешкімге жәбірлетпеймін, — деп, үйіне алып келеді.

Содан бері бұл үйге үлкен қуаныш келіп, інісі ауруынан жазылып, малдары көбейіп, бақытты өмір сүріпті.

Бұл – бақыт құсы еді…

Сұрақтар:

Кедей баланың балапанға жасаған риясыз әрекеті қандай еді ?

Інісінің жасаған әрекеті арқылы оның мінез – құлқынан нені байқадыңдар?

Бала не себепті,енді сені ешкімге жәбірлетпеймін деді?

 

Түйіндеме

 

Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр .

 

 

5.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

М.Мақатаевтың “Бақыт деген…”өлеңін оқып, өздерің бақыт жайлы өлең шығарып көріңдер.

6.     Топпен ән айту.

Бақыт

Өлеңді жазған: МұқағалиМақатаев

Бақыт деген сенің бала күндерің

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Бақытын да басқасын да білмеуің

Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.

 

Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.

Бақытты сол-тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде кім.

 

Бақыт деген әркімдерде бір арман

Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір

Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.

 

Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тасқала

Бірақ балам, мынаны естен тастама!

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң

Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!

 

Бақытың мен, бақытым деп білмені

Мені білсең бақытыңды білгенің.

Ал мен үшін ең бақытты күндерім

Балам саған бақыт іздеп жүргенім.

7.     Үй тапсырмасы.

№10 сабақ, Жұмыс дәптерінде  берілген тапсырманы орындап келу.

 

8.     Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!