«Бақыт құшағында»

560

 

Тақырып: «Бақыт құшағында»

Құндылық:  Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Қарапайым өмір, асқақ ой,  жақсы азамат болу

Мектеп Қарашоқы орта мектебі   Сыныбы 7        Мұғалімі  Манбаева Алия

   

Сабақ мақсаты: «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері:

1.     Барды қанағат тұту, жалпы адам  бақыты туралы түсіндіру.

2.     Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.

3.     Өмірді бағалай алуға  тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

2.     Үй тапсырмасын тексеру. 8 сабақтағы Қ. Толыбаевтың «Бақытқа апарар жол» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар

—         Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді ұсынды?

—         Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?

—         Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсындар?

 

Сабақ барысын талқылау:
3.     Дәйек сөз.

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.

Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.

Әл-Фараби

4.     Әңгімелеу. «Бақытты адамның көйлегі» ертегі

Сұрақтар

—         Патшаның мазасын алған қандай ой еді?

—         Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?

—         Бақытты болу дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

 

5.     Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп, «Бақытты, балалық бал дәурен» тақырыбында коллаж жасап, қорғайды.

 

6.     Топпен ән айту.

Бақыт құшағында

Сөзі Т. Молдағалиевтікі

Әні Ш. Қалдаяқовтікі

1.     Көзіңнен  бір ұшқын,

Ұштым ба білмедім.

Әйтеуір нұр құштым,

Әйтеуір гүлдедім.

Көктемнің бұлбұлы

Кеудеме қонады.

Құшаққа қыр гүлі

Толғандай болады.

Қайырмасы:

 

Кел, билейік, кетпе менің қасымнан,

Қызғалдағым таң нұрымен ашылған.

Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды,

Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.

 

2.     Әнбісің төгілген

Жырмысың армандай

Бір бақыт көрінген

Жақындап қалғандай

Жанардың ұшқыны

Жүректе жанады.

Қолыңның ыстығы

Қолымда қалады.

 

Қайырмасы.

 

3.     Мен бүгін бұлақпын

Ілгері жүгірген.

Бір нәзік шуақпын,

Жаныңа үңілген

Сүйемін мен күнді,

Көңілді жалынды.

Сен биле еркімді

Әлдиле жанымды.

 

Қайырмасы.

 

 

7.     Үй тапсырмасы. 9 сабақ Б. Момышұлының «Бақыт дегеніміз..» мәтінін оқып келу.

 

8.     Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады

—         Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан – жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.