Өз бақытың-өз қолында

Өз бақытың-өз қолында

Мақсаты:

  • Бақыт ұғымының мәнін ашу,әр күнді бағалай білуге үйрету;
  • Өмірдің сәтсіщдіктерін жеңе отырып, алға ұмтыла білу қасиетін дамыту;
  • Бақытты сезіну үшін еңбектене білуге,ата – анасын сыйлауға, ұйымшылдықты ойлауға, мейірімді тату жан болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: нақыл сөздер, видео,әуен,ноутбук,колонка,түрлі түсті қағаз,түрлі түсті бояулар,жүрекшелер.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен шәкірттер!бүгінгі сабағымызда кім жоқ екендігін аңықтап алып, сабағымызды бастайық.

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай  Нұр,  Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

 

 

Бейне жазба « сізді бақытқа бөлейтін бес амал »

Бейнежазба бойынша ой қорыту: «бақытты болу үшін қандай болуы керек?»

Саттар Ерубаевтың «Бақыт» әңгімесінен үзінді

Үзіндіні оқитын:

Үзінді бойынша сұрақтар:

1.әжесі немересіне неге « бақытсызым-ау »,-деуші еді?

2.ал бір нанды шүберекке орап әкелген жақсыбайға не деуші еді?

3.Бала неге «бақытты»-«нан» деп ойлайды?

  1. «нан» бақыт па?

Өсиет әңгіме «Шынайы бақыт»

Оқитын:

Әңгіме бойынша сұрақтар

  1. Ауыр жағдайға түскен адамға қол ұшыңызды беріп көрдіңізбе?
  2. Қиналған адамға жай жылы сөз айтудың өзі бақыт сыйлай алады ма?
  3. Ауыр жағдайға түскен адамды қолдау, түсіну қиын ба?
  4. Адамның шын бақытты болу үшін не қажет?

 

Өсиет әңгіме: « тамаша өмір сүрудің 10 кілті »

Оқитын:

Бейнежазба: « өмірге деген талпыныс »

Өсиет әңгіме: « Бақытты болудың кілті »

Оқитын:

Әңгіме бойынша сұрақтар:

  1. Қыз неге қиналған көбелекке көмектесті?
  2. Қыз неге өмір бойы бақытты болды?
  3. Осы өмірге осы күнге риза болып жүрген, жан жақтығы адамдарға күлімдеп, мейірім шашып жүрген адам бақытты бола алады ма?

Әңгіме: « сенің жалғыз ғана анаң бар »

Оқитын:

Бейнежазба: « Сәби өз туған анасының қолында тіріледі »

« өз – өзінің алдында есеп беру » ұлы Абайдың 15-ші қара сөзінен.

Қара сөз бойынша ой-қорыту.

  1. « егер де істі кісілердің қатарында болғын келсе, өзіңнен өзін есеп ал »,- деген қорытынды шығарады Абай атамыз, сіздер қай уақытта өз – өздеріңізден есеп аласыздар?
  2. Өз –өзінен есеп алу дегенді қалай ұғасындар?
  3. Өз –өзінен есеп алып отырған адам қандай болады?

 

Психологиялық тест: ӨЗ-ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІКТІ ӨЛШЕУ

Нұсқаулық: тестте көрсетілген әр жағдаятқа қарай өз мінез-құлқыңызға сәйкес жауаптар нұсқасын таңдаңыз.

  1. Сіздің танысыңыз өзіңіз туралы жағымсыз сөздерді айтқанын білдіңіз. Сіз не істейсіз:

а)    осы жөнінде онымен әңгімелесесіз; ә)    онымен әңгімелеспейсіз.

  1. Автобусқа, метроға, трамвайға кіргенде Сізді жұлқылап итермелейді. Осы жағдайда Сіз:

а) әрі қарай өтіп кетуге тырысасыз;  ә) барлығының кіргенін қалайсыз;

б) ұрысасыз.

  1. Сабақ барысында Сізбен әңгіме құрып отырған адам өз көзқарасын дәлелдеуге тырысады:

а) өз пікірінен тайтырмауға тырысасыз;   ә) өз дегеніңізді дәлелдеуге тырысасыз.

  1. Сіз кешке, дайындыққа кешіктіңіз. Барлық орындар бос емес, тек бірінші қатардағы бір орын бос. Сіз:

а) бөлменің шетке жағында тұрасыз;  ә) басқа орын іздейсіз;  б) бірінші қатардағы орынға отырасыз;

  1. Сіз үнемі кешірім сұрайтын боларсыз:

а)иә;  ә) жоқ.

  1. Бейтаныс адаммен әңгімелесуге қиналасыз ба:

а) иә;                                 ә) жоқ

  1. Сіздің танысыңыз Сізден ақша сұрап алып, оны қайтаруды ұмытып кетеді. Сіз

а)   оның қайтарғанын күтесіз; ә)         есіне саласыз; б) қайтаруды талап етесіз.

  1. мектепте, институтта бір себеппен ақша жинайды, Сіз:

а)    бірден келісіп сұраған ақшаны бересіз;      ә) сұрап алғанды күтесіз; б) Сізге ұнайды.

  1. Сізге жағымсыз болып келетін бір өтінішті орындауды сұрайды, Сіз оңайлықпен келісесіз бе:

а) иә;                            ә) жоқ.

  1. Танымал адаммен сөйлесуге мүмкіндігіңіз болғанда, Сіз:

а)    мүмкіндікті пайдаланасыз                     ә)       пайдаланбайсыз.

  1. Сізді марапаттау мақсатындағы тізімге ендірмейді, Сіз:

а)    түсініктемені талап етесіз;        ә) жағымсыз әрекетке ұрынбау үшін үндемейсіз.

  1. Мектепте әділетсіз төмен баға алғанда, Сіз (мектеп өмірінен жағдайды есіңізге алыңыз):

а) ешқандай іс-әрекетке бармайсыз;  ә) педагогтан түсіндіруді талап етесіз.

Нәтижені өңдеу. Жауаптарды санап шығыңыз: а – 3, б – 0, в – 5, г – 2, д – 4, е – 1. Кейін алынған баллдарды қосыңыз.

Өз-өзіне сенімділікті бағалау:

38 ұпай. Өте жоғары, өзара әрекет ету жағдайында сәйкестілік төмен болады.

30-дан 37-ге дейінгі ұпайлар. Жоғары.

26-дан 29-ға дейін. Орташа.

25 және одан төменгі ұпайлар. Төмен сенімділік, басқа адамдармен сәйкестіліктің төмен болуының белгісі.

Қорытындылау: алдарыңызда тұрған жүрекшелерді алып осы тақырып бойынша өз пікірлеріңіз және де сіздер үшін бақыт деген не? Осы сұрақтарға жауабын жазыңыз.

Бейнежазба: « көтеріңкі көңіл күй »