С.Торайғыров «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңі

93

Сабақтың тақырыбы:

4-сынып

С.Торайғыров «Арыстан мен тышқан» мысал өлеңі

Сабақтың мақсаты:

                     А)білімділік: —  Артына өшпес мұра қалдырған, сан кеудеге    шамшырақтай болған ұлы тұлғаларымыздың бірі – С.Торайғыровтың азаматтық тұлғасын таныту; жыр – дариясын құрайтын шығармаларымен таныстыру; мысал өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; мазмұнын ұғындыру.

                    Ә)тәрбиелік: — Мысал өлең кейіпкерлері арқылы оқушылардың бойына ізгілік нұрын себелеу; адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу, достықтың қадір – қасиетін түсіндіру.

                    Б)дамытушылық: — Оқушылардың тілін ұштау, қиялына қанат бітіру, шығармашылық ізденісін арттыру, бір – бірінің пікірін тыңдай білуге және өзіндік көзқарасын шебер жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма, мониторингтік бағалау

Пәнаралық байланыс: дүниетану, театр өнері, бейнелеу, музыка

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, тірек – сызба, кеспе бетшелер, т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық жағдай туғызу, оқушы назарын өзіме аудару
  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жарық дүниеге не бәрі 27 жыл ғана қонақ болып, артына өшпес мұра қалдырған, өз дәуір дидарын, азаматтық тұлғасын айқындап кеткен көрнекті ақынымыз – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сұлтанмахмұттың іздеген шындығы – халықтың дертіне ем табу, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп күн болу, халықтың мұздаған жүрегін жібіту, ерікті, мәдениетті, бақытты ету еді…

  • Жаңа сабақ

I бөлім. «Білімнің кілті – кітап, мәйегі – мақал»

а) оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсіне оқу;

ә) сөздік жұмысы;

б) сұрақтар арқылы әңгімелету;

I деңгей тапсырмасы:

  1. Мысал өлеңнің мазмұнымен танысу.
  2. Өлең мазмұнын шағын көрініспен бейнелеу.
  3. Өлеңнің идеясын мақал – мәтелмен түйіндеу.

II бөлім. «Өнер – өмір, кейіпкер –әлемнің бейнесі»

II деңгей тапсырмасы:

  1. «Өмірдегі қандай адамның кейпін танимыз?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Семантикалық карта
Шығарманың авторы және аты Шығарма кейіпкері Кейіпкердің іс-әрекеті

 

 

  1. «Ізденген жетер мұратқа» (Дүниетану пәнімен байланысты сипаттау)

 

 

 

 

III бөлім. «Тағылым түймесі – ойымның түйіндісі»

III деңгей тапсырмалары:

  1. Мысалдан өзіңе қандай сабақ алғаныңды суреттеп жаз, өлең шумағын арнау.

«Менің ойымша», «Досы көпті жау алмайды», «Менің көзқарасым»

  1. Суретпен үндескен көзқарас. (Мысал желісінде сурет салу)

 

  1. Үйге тапсырма.

Өлең үзіндісін жаттау.

 

  1. Мониторингтік бағалау.
Оқушылардың аты-жөні I деңгей II деңгей III деңгей Ұпай баға
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Капизова Шарипа Абдрахмановна