Іздегенде табылатын қасыңнан…

Сабақтың тақырыбы:  Іздегенде табылатын қасыңнан…

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,

Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.

Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,

Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

 

Жамандыққа бастырмайды қаққылап,

Жолдас үшін басыңды бер,жат құлап.

Жақын өлсен тағы солар жүргені,

Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.

 

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,

Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.

Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,

Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

 

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,

Жеңілірек көтересің қазаны.

Содан шығар,

Адам бірге өмірге

 

 

Жолдасыменен туады екен ғажабы.

 

 

 

 

ІV. Тыныштық сәті:

— Ендеше, тыныштық сәтін құрап, Достық әлеміне шақыратын сүйікті достарымызды елестетейік. (баяу ән қойылады)

— Елестеттік пе? Жұмысымызға кірісейік, қазір әр топ өзінің «Достық әлемін» құрайық.

 

Мұғалім сөзі:

— Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар достық қажет пе? (мақал)

— Адаммен адам ғана дос бола ма? (балалардың жауабы)

 

 

 

 

 

 

Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.

Жолдасы жоқ жігіттің олжасы жоқ.

Жаман жолдастан,

Жақсы дұшпан артық.

Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Сырласуға дос жаксы,
Сыйласуға жат жаксы.

Жаксы болса алғаның,
Үйінен кісі кетпейді.
Жаман болса алғанын,
Шын досын да шеттейді.

Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.

Айрылғысы келген дос,
Аяулыңды сұрайды.

Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.

Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан калдырарсың.
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сырыңды алдырарсың.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Досқа ауырлығынды салма,
Достан қарыз алма.

Ұлыңа бес жаска дейін патшадай кара,
Он бес жаска дейін косшыңдай сана,
Он бестен аскан соң досыңа бала.