Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Сабақтың  тақырыбы:  Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Мақсаты:  оқушылардың табиғатпен үйлесімділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: 

  • оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
  • оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
  • Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кітаптар.

Әдіс-тәсілі: сұрақ ,жауап  әңгімелеу

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:             

Оқушылармен  амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне сәттілік тілейді. К. Салықовтың өлеңін оқиды.

Арал кеуіп кетпесін… Арал кеуіп,

Марал кеміп кетпесін… марал кеміп.

Табиғаттың тәніне түскен ұшқын

Талмау жерден тиеді маған келпі.

Жаңа ақпарат: Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты.Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс. Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемділігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрліктерін сезімге бөленеді.

Дәйексөз: Табиғаттың адамға берер сыйы ұшан – теңіз; таза ауа, мөлдір су, қанатты достар, жасыл желек, сан алуан түсті хош иісті гүлдер, тазалық, сұлулық, әдемілік. Осы табиғат сыйын тек табиғатты аялап, сүйе білген, табиғатқа аялы қарым – қатынас жасаған адам ғана түсінеді, сезіне алады. Сондықтан да белгілі ғалым Ш. Уәлиханов: «Табиғаттың өзіне өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар» — деп тегін айтпаған.

Жүректен жүрекке:

Мұғалім оқушылардың бір – бірінің қолынан ұстасып, шеңбер құрғызып, сабақты оқушылардың табиғат ғажаптарына байланысты бір – біріне жақсы тілек айтумен қорытындылауға болады. Мұғалім оқушылардың пайымдауларын саралап, адам табиғаттың ғажаптарын сезініп, сүйіп, аялай білсе ғана табиғатпен үйлесімді өмір сүре алатына олардың көзін жеткізеді.