Мұғалімдермен психологиялық ағарту сабағы «Өзіңді тереңірек тани біл!»

484

Мұғалімдермен психологиялық ағарту сабағы

«Өзіңді тереңірек тани біл!»

Мақсаты: қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың алатын орнын нақтылау.

Міндеттері:

  • Ұстаздардың жанашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім аып, инновациялық әдіс – тәсілдерді тәжірибиееріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру;
  • Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге ағытталған білім беру іскерліктерін дамыту;
  • Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.

Түрі: пікір алмасу

Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеороликтер, үлестірмелі парақтар.

Шарты: қатысушыларды топтарға бөлу

Сабақтың барысы:

Психологтің сөзі:

 

 «Менің өз таңбам және төл белгім»

Ертеректе қамалдың қақпаларына әулеттің таңбасы мен ұранын, қысқаша нақыл сөзін, билеушінің басшылық  мақсаты мен  іскерлігін көрететін  әдет – ғұрып болған екен.  Алдарыңдағы параққа өз таңбаларынын  суретін салып,  оған өмірлік ұстанымды  бейнейлейтін ұран тауып,  өзіңе және бүкіл әлемге  тұтастай қатынасынды суретте.  Өз төл белгіңді немесе таңбанды суретін  салуға  және ұранын жазуға  минут беріледі.  Егерде сен суретті сала білмесең, қысылма, сурет салуды баста, сенің қолынан келеді.

Суреттерден көрме жасалады. Суреттерге реттік нөмірлер беріледі. Суретшінің аты – жөндері жазылмайды.

 

Нұсқау: сіздер көрсетіліп тұрған жеміс – жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті тандаңыз.  Сол жеміс арқылы сіздің мінез – құлқыңыз қандай екені анықталады.

Таңдаған жеміс – жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.

Кілті: қарбызды ұнататындар орнықты адамдар.  Оар шиелініске, жанжал, дау – дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл – күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.

Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік – өсек сөзге жоқсыз, әсіресе анегдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп – оңай өкпелете салуға болады.

Қара өрікті ұнататындар өз атына аталған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым – қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық епн мәдениетті адамның белгілері  айқын аңғарылып тұрады. тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Жүзімді ұнататын өзінің де, өзгенін де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай ұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық керек.

Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз да жоқ емес.

Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз – өзіңізге риза адамсыз.

Мұғалімдерді топқа бөлу. Алдарыңызда кітап, қоңырау және глобустың суреттері берілген. Осыдан өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша ұнайтын суретті таңдап, топқа бөлулеріңіз сұралады.

ІІ. Постер қорғау. Әр топқа тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды.

І топ. «Қазіргі кездегі білім беру мәселелер»

Мақсаты: білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық – педагогикалық  жән сыни тұрғыдан ойлайын қалыптастыру.

ІІ топ. «Білім берудегі қиындықтар, оны шешу жолдары».

Мақсаты: өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып, мұғалімдердің таным – ізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру.

         ІІІ топ. «Мұғалім беделі».

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін  алдағы мақсаттарын жанаша көзқараспен айқындай.

ІІІ. Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау.

Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар  сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.

1 – тапсырма: ақ қағазқа сызылған төртбұрш ішінде қара нүкте орналақсан.

2 – тапсырма: оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына  әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

3 – тапсырма: түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

Кілті: 1 – тапсырма бойынша : «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға  ата – анасымен бірге  біздер, яғни ұстаздардың салған  бейнеміз қаншалықты дұрыс болса,  сол нәтижесімен салыстыруға болады».

2 – тапсырма бойынша: «Ұлты басқа болғанымен,  бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға  күн сәулесіндей , бірдей мөлшерде  мейірім шуағын төгеді».

3 – тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым – жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де , үйде де ертеңгі сабағына үкен жауапкершілкпен дайындалып келеді…»

 

Психогеометриялық   фигура  И .Панарин тест

Шаршы    таңдағандар лидерлік қабілеті бар , алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.
Үшбұрыш таңдағандар өте еңбекқор,төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Төртбұрыш жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
дөңгелек Осы бес фигураның ішіндегі өте мейірімді басқаның қайғысын, қуаныш бөлуге даяр тұратын жандар.

Ирек сызық таңдағандар шығармашылық қабілеті басым үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар

 

 

  1. Педагогикалық қабілетті психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Нұсқау: Сіздердің алдыңызда педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз  бойынша көрсетілген  нұсқаудың біреуін таңдайсыз.  Егер берілген нұсқаудың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз  дұрыс деген ойыңызды білдіресіз.

1 – ситуациялық сұрақ: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң , оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз» , — деді. Сіз не деп жауап бересіз?

  1. «Сенің ісін мұғалімге үйрету емес, өзің оқуын керек».
  2. «Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын».
  3. « Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғаліммен оқуың керек шыар».
  4. «Шындығына келгенде, сенің оқығын келмейді».
  5. «Неге олай ойлайтынынды білгім келеді».
  6. «Бұл туралы нақтылақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар?».

2 – ситуациялық сұрақ: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіңе көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?».

Мұғалім не деп жауап беруі қажет?

  1. «Шынымды айтсам, күмәнім бар».
  2. «Әрине, сен бұған күмәнданбай ақ қой».
  3. «Қабілетің жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін».
  4. «Неге сен өз – өзіңе сенбейсің?».
  5. «Сөйлесіп, қиындықтың неде екенін анықтап алайық».
  6. «Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істеуімізге байланысты».

3 – ситуациялық сұрақ: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мен не алаңдатынын айттым, мұнын себебін және не істеу керектігін айтыңызшы».

Мұғалім не деуі керек?

  1. «Меніңше, сенің өзіңе көңілін толмайтын сияқты»
  2. «Бұған алаңдайтын ешнәрсе жоқ.»
  3. «Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын жағдайды  тереңірек біліп алум керек».
  4. «шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып барып, бұл жағдайға қайтып оралайық. Біз шешмін табатын сияқтымыз».
  5. «мен саған қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек».
  6. «алаңдама, менде де, сендей кезімде дәл осындай қиындық болған».

Егер сіз 10 – 15 ұпай жинасаңыз. Онда педагогикалық қабілетіңіз жоғары  деңгейде деп есептелінеді.

Орташа ұпай 8 – 9 ұпай аралығында болса, педагогикалық қабілет орта деңгейде дамыған болып есептелінеді.

6 ұпай жинасаңыз, педагогикалық қабілетіңіз төмен деңгейде.

Түйіндеме. (ой қортыу).

Қорытынды ой: Ақын Үмбетай Уайдин «Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!» деген өлеңінде ұстаздардың  шәкірт үшін уақыт аямайтын, тіпті өзін ұмытып, «ұстаз» деген ұғымды биік қоятын тұлға екендігін шебер жырлаған.

Білімді, сауатты адамдар – ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде , адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», — деген өсиетін  ұстанып, еңбек етуіміз қажет.

 

Жүректен жүрекке Ән «Жақсы адамдар »

 

 

 

 

 

 

Рефлексия: (кері байланыс)

 

 

 

Педагогикалық жағдайлардың реттік саны  

Таңдап алынған нұсқа және оның ұпай саны

1 2 3 4 5 6 7
 1 – ситуациялық сұрақ 2 2 3 3 5 5
2 – ситуациялық сұрақ 2 3 3 4 5 5
3 – ситуациялық сұрақ 2 2 3 4 5 5