Мінез-адам көрсеткіші

Сабақтың тақырыбы:  Мінез-адам көрсеткіші

Сыныбы: 10 сынып

Мақсаты:   Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
  • Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Шаттық шеңбері

Қ.Нақысбеков

Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,

Жігіттің керек мұны аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

 

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

 

Ойланайық, пікірлесейік

  • Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
  • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
  • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
  • Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп, ойлайсыз?

 

Осы берілген сұрақтарға оқушылар шынайы түрде жауаптарын айтып, мінездің жақсы-жаман түрлерін, жаман мінездің адамның іс-әрекетіне кедергі келтіретінін, жақсы мінездің әрдайым жақсылыққа апаратынын айтып өтті.

Мәтінмен жұмыс

Абай

Ойға түстім, толғандым,

Өз мінімді қолға алдым,

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым.

Өзіме-өзім жақпадым,

Енді қайда сыя алдым?

 

Бойдағы мінді санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегімді байқасам,

Инедейін таза емес.

Аршып алып тастауға,

Аспандағы саз емес.

Бәрі болды өзімнен,

Тәңірім салғмн наз емес.

Осыншама ақымақ болғаным

Көрінгенге қызықтым.

Ғаділетті жүректің

Әділетін бұзыппын.

Ақыл мене білімнен

Әбден үміт үзіппін;

Айла менен амалды

Меруерттей тізіппін;

Жалмауыздай жалаңдап,

Ар, ұяттан күсіппін;

Қулық пенен сұмдыққа

Құладындай ұщыппын;

«Сіз білесіз» дегенде

Күнге күйіп, пісіппін;

Мақтанбасқа мақтанып,

Деп жүріппін «пысықпын».

 

  • Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
  • Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?

«Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»-деп таусылыпты Абай.  Сіздер ше , келісер ме едіңдер?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

Назар аударыңыз

Бальтаср Грасиан

Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі- істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі-жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді: өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді- енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілділікпен қайран қалдырады, Ол саясатқа да пайдалы, тіпті мемлекеттік резонға көрік береді. Мақтануды білмейтін ол еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.

Дәптермен жұмыс

(оқушылар дәптердегі кестені толтырады)

 

Мінезімнің жақсы жақтарыМінезімнің міндері
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық ортасына
орнына
Өмір қалпына
Тағдыр талайына
Тұрмыс тіршілік ахуалына
Қарым-қаты

насына

Аралас- құралас

тығына

Мінез адам баласының мына жайларына мықты әсер етеді

 

Дәйексөз

Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе)-

Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

Екіншісі-ұят, үшіншісі-әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Ж.Баласағұни

 

 

«Қорғасындай балқыған қайран жақсы»

Иә, жақсы мінез түгесілмес байлығың, жаман мінез ғұмырлық азабың-дегендей жақсы мінез-құлық адам өмірі нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.

 

 

Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,

Жақсыдан еш сыр қалмас айтылмаған.

Сұңқарға жұмыртқасын шайқатсаң да,

Қарғадан қарға туар қарқылдаған.

 

Мінездің түрлері:

 

 

 

19. Ауыр мінез- күрделі
18. Сабырлы мінез- салмақты, орнықты
17.Бір мінезді- қалыпты, тұрақты
16.Ойнақы мінез- аумалы-төкпелі
15. Түйеден түскендей мінез-тұрпайы
12. Шайпау мінез- ашушаң, долы
8.Тік мінез- бірбеткей, өткір
7. Қисық мінез-қыңыр
1.Ашық мінез-жайдары

 

9. Томырық (тоң) мінез-дүңк етпе
13. Шырт етпе мінез- шапшаңшыл, кінәмшәл, өкпешіл
14. Ит мінез- айтақшыл, арсылды
2.Бала мінез- наз, еркелік
3. Бұйығы мінез- ұяң
4. Сыр мінез-сыралғы, танымды
5. Ер мінез- батыл, өжет, қайсар
6.Сынық мінез-жабырқау, жасық
11. Тойтаң мінез-ерсі, шолжаң
10. Нойыс мінез- дөкір дөрекі

 

Көгентүп көнелер адамның келбетіне, бас қондырысына, көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген. Атақты ғұлама Жүсіп Баласағұн:

«Құрсақта біткен мінез қара жерге енеді, сүтпен біткен мінезді өлгенше өзгерте алмайсың».

Қазақта да:  «Сүтпен біткен  мінез сүйекпен кетеді» деген мақал бар.

Мұхаммед пайғамбар:

«Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім. Алланың мінезінен үлгі алыңдар»-деп мінездің тәрбиелік және көркемдік маңызына назар аударға

Тапсырма

( Берілген мәтінді оқып, ойын ортаға салады) В.А. Сухомлинский

  • Адам бойындағы қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?
  • Өз мінезің туралы не айтар едің?
  • Мына мінездердің қайсысы сенің мінезіңе сәйкес келеді?

Жібектей есілген мінез— үй-ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіні-ізеттеп, кісі бетіне, жел боп тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.

Тентекұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әл жеткенді ұрып жіберуден тартынбайтын адамға тән. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.

Дөкір-сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, бал-сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, томырық адамға тән.

Кесір-жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.

Кербез-бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән.

Паңтал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән.

Мақтаншақ-жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән.

Ерке-сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, кайымсыздықтың лебі есіліп тұратын адамға тән.

Тура мінез қара қылды қақа жарып бұлтақсыз сөйлемейтін, шыншыл, тәуекелшіл, қиянат, өсек-аяңға жаны қас адамға тән.

Шапшаңшыл- ыссылай қауып айтып қалатын, асығыстай, іс тындыратын, төзімі аздау, тыпырлап қалған тынышсыз адамға тән.

 

 

Өзінің мінезін ашық айта алу да, мінезіндегі міндерді мойындауда -ерлік. Берілген мінез түрлеріне қарай отырып, әрбір оқушы өзінде бар жақсы мінезін айтып, кейбір мінезінің міндерін түзеуге болатындығын бүгінгі сабақтағы ғұлама, данышпан ұлылардың сөзінен де үлгі алатындығын басым айтты.

Жүректен жүрекке

Сыйластық

Ш.Мұхамеджанов

Жүрген соң бірге қатар күнде осылай,

Мен сені көріп кеттім бір досымдай,

Сыйладың сен де мені,

Мен де сені

Келеді көңілдерге кір қосылмай.

 

Екеуміз бірге тойлап ғұрпын жастық,

Тамаша талай сырдың құлпын аштық,

Жүздерден әр тайғанша

Қартайғанша,

Қадірін кетірмесін бұл сыйластық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.С.Сейтақов. Ұ.М. Әбдіғапарова, А.А Исмайлова «Өзін-өзі тану» Алматы 9сынып
  2. Матайқызы Д «Айналайындарым менің..»Алматы-«Өлке» 2002ж
  3. Айтбайұлы.Т «Жыл он екі ай» Алматы: «Жедел басу баспаханасы» №4.2009ж
  4. Матайқызы.Д «Ұрпағым саған айтам» Алматы: «Өлке»,2006ж